Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
77
Түнгі салқыннан денесі тоңазыған Калабаб қария 
сырткиімін қаусырынды.
– Сендер маған ұзақ жолда сенімді серік болдың-
дар, түйелеріме жақсы күтім жасадыңдар, ыстық 
құмды басып өту барысында төзімділік танытып, 
бізді тонағысы келген қарақшылармен батыл шай-
қастыңдар, енді сол іс-әрекеттеріңнің өтеуі үшін 
сендерге бүгінгі кеште алтынның бес заңы туралы 
хикая айтып берейін. Бұндай әңгімені бұрын-соңды 
естіген емессіңдер.
Мұқият тыңдаңдар, айтқан сөздерімнің мәнін 
ұқсаңдар, онда келешекте сендер мол алтынға кез 
боласыңдар.
Ол ойлы қалыпта үнсіз қалды. Қаракөк аспандағы 
жұлдыздар жарыса жарқырайды. Жиналғандардың 
арқа тұсында құм дауылын тоқтату үшін қазық-
тарға мықтап керілген шатырлар қарауытады. 
Шатырлардың арғы жағында мұқият текшеленіп 
жиналған терілер жатыр. Одан әрі құмға шөккен 
түйелер анда-санда пысқырынып қойып, тоқтаусыз 
күйіс қайыруда.
– Бізге талай қызықты хикаяны айтып бердің, 
Калабаб қария, – деді аға мал айдаушы. – Ертеңгі 
күні сендегі қызметіміздің аяқталар уақыты жет-
кенде, біз сенің айтқан ақыл-кеңестеріңді кәдеге жа-
рататын боламыз.
– Бұған дейін сендерге шалғай жатқан елдерде тек 
қана өз басымнан өткізген оқиғаларды әңгімеледім, 
ал бүгін Аркад байдың пайым-парасатын сөзіме ар-
қау етемін.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
78
– Ол туралы көп естігенбіз, – деді аға мал айдау-
шы. – Ол Вавилонда бұрын-соңды өмір сүрген адам-
дардың ішіндегі ең бай-бақуаттысы болыпты.
– Иә, ол теңдессіз бай болатын, өйткені алтынның 
жүрер жолын басқалардан жақсы білетін. Бүгін түн-
де сендерге оның ұлы Номасирдің көп жыл бұрын 
маған Ниневияда ашқан даналық сырын айтып бере-
мін. Ол кезде бала едім.
Қожайын екеуміз сол күні кеште Номасир сара-
йында ұзақ болдық. Номасир өзіне ұнағанын таң-
дағанша, қожайынға керемет кілемдерді тасумен 
болдым. Нәтижесінде ол өте риза болып, бізді ша-
рап ішуге шақырды. Сол жолы сирек кездесетін, 
хош иісті, бұрын дәмін татып көрмеген бал шарапты 
алғаш рет іштім. Көңіл қошы келген ол бізбен әке-
сі Аркадтың данышпандық ақыл-кеңестерімен бө-
лісті, реті келгенде онымен өздеріңді таныстырып 
отырмын.
Өздерің білетіндей, Вавилонда байдың ұлдары 
әкеден қалатын мұраны күтіп, ата-аналарымен бірге 
тұра беретін дәстүр қалыптасқан. Аркад бұл дәстүр-
ді сақтауға тырыспады. Сондықтан ақыл тоқтататын 
жасқа жеткен Номасирді өзіне шақырып, мынаны 
хабарлапты:
– Ұлым, сенің маған мұрагер болғаныңа қарсы 
емеспін. Бірақ әуелі сен оны ақылмен жұмсай алаты-
ныңды көрсетуге тиістісің. Сондықтан сені жер-жа-
һанды аралауға жіберуді қалаймын, ондағы мақса-
тым – сен өз бетіңше алтын таба алатындай, адамдар 
арасында сыйлы кісі атанатындай қабілетің бар еке-
нін көрсетуің керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет