«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
11
х
Алғы сөз
Б
іздің ұлт ретінде дамуымыз әр азаматтың жеке
қаржылық жағдайына,
яғни әл-ауқатына бай-
ланысты. Бұл кітап аталған деңгейге қалай жетуге
болатынын баяндайды.
Табыс дегеніміз – өзіміздің ұмтылысымыз бен қа-
білетіміздің нәтижесі. Біз оны табысқа жетуге шын
мәнінде дайын болғанда еңсереміз. Бұл орайда біздің
барлық әрекеттеріміздің
ойлау арқылы өрілетінін,
ал олардың ойлау деңгейінен асатындай кемел емес-
тігін есте ұстаған абзал.
Бұл кітап бос әмияндарды толтыру жолын ұсы-
натын құрал ретінде ойластырылған. Оның мақса-
ты – баюды мұрат еткендерге жәрдем ету,
сондай-ақ
қаражат түйткілдерінің мәніне үңілу. Ол Сізге ақша
табуға, оны сақтай білуге және ақшадан ақша жасау-
ға көмектеседі.
Біз Сіздермен бірге бүгінде бүкіл әлем мойында-
ған және пайдаланатын қаржылық қағидаттардың
бесігіне – ежелгі Вавилонға жол тартамыз.
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
12
Бұл еңбекпен етене жақын танысып,
соның нә-
тижесінде қол жеткізген табыстары туралы маған
қуана хабарлағандар баршылық. Сол сияқты, жаңа
оқырмандардың да банктегі есепшоттарын толық-
тыруына, жаңа қаржылық табыстарға жетуіне және
күрделі қаржылық түйіндерді
шешуіне кітаптың
серпіліс беруін автор ретінде шын көңілден тілеймін.
Сонымен бірге автор мүмкіндікті пайдаланып,
бұл кітапты оқуды достарына, туыстары мен әріп-
тестеріне ұсынған іскер азаматтарға өз құрметін
білдіреді. Мақтау сөздердің ерекше бағалы болатын
себебі – олар осы кітапта
баяндалатын қағидаттарды
пайдалану арқылы бизнесте айтарлықтай табысқа
жеткен іскерлер тарапынан айтылып отыр.
Вавилон ақшаның нағыз бағасын біліп, сенімді
және сынақтан өткен қаржылық қағидаттарды пай-
даланып, ақшадан ақша жасай алған өз тұрғында-
рының арқасында ежелгі дүниедегі ең бай қалаға ай-
налды. Олар болашақтың
жайын ерте ойластырып,
тұрақты табысқа қол жеткізу жолдарын игерді.