«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
27
– Жастардың ойы, – деді ол, – аспанды тіліп аққан
құйрықты жұлдыз жарығы секілді, ал қарияның да-
налығы – мәңгі өшпейтін жұлдыздардың жарығын-
дай,
олай өзгермейді, теңізде жүзгендер соларға қа-
рап бағдарын түзейді.
Сөздерімді жақсылап есіңде сақта, әйтпесе түнгі
жұмысың бекерге кеткендей өкінетін боласың.
Ол маған өсіңкі қастарының астынан жанарын
тіктеп қарады да, төмен,
бірақ ашық дауыспен бы-
лай деді:
– Тапқан ақшамның бір бөлігі өзіме тиесілі болға-
нын білгенде ғана байлыққа барар жолға түстім. Ол
сенің де қолыңнан келеді. – Ол ішімдегіні көре ала-
тындай тесіле қарап, үнсіз қалды.
– Бар болғаны осы ма? – дедім.
– Бақташының жүрегін өсімқордың жүрегіне
айналдыруға осы да жеткілікті болды. – Ол осылай
жауап берді.
– Тапқан ақшамның бәрі онсыз да менікі ғой.
– Тіпті де олай емес. – Альгамиш келіспеді. –
Тігіншіге төлемейсің бе? Ал етікшіге ше? Ішкен
асыңның ақысын кім төлейді?
Вавилонда шығынсыз
тіршілік ете алмайсың. Соңғы айда тапқан ақшаның
қаншасын осылайша шығындадың? Ал жыл бойы-
на? Ақымақ! Сен өзіңнен басқаның бәріне төлейсің,
бар тапқаның басқаларға кетеді. Ендеше, құлқын-
ның құлы болып, тамақ
пен киімге ғана жетер ақ-
шамен шектеліп, солай жалғастыра бер. Егер де сен
тапқан ақшаңның оннан бір бөлігін өзіңе қалдырып
отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?
Есептен алған білімім жерге қаратқан жоқ, жыл-
дам жауап бердім: