«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
148
«Неге түсінбейсің? – дедім жалынышты түрмен.
– Мен жаспын. Дұрыс өмір сүргім келеді. Жұмыстан
зорығып немесе тепкінің астында өлгім келмейді.
Қайырымды қожайынның қолына түсу мүмкіндігі
бар ма?»
«Мен саған бірдеңе айтайын, – деді ол сыбыр-
лап. – Сен жақсы жігітсің. Годозоны азапқа салған
жоқсың. Шамасы, алдымен біз құл базарына бара-
тын шығармыз. Жақсылап тыңдап ал. Алармандар
келгенде, сен өзіңнің жақсы жұмыскер екеніңді,
қайырымды қожайынға қызмет етуді қалайтының-
ды айта бер. Қайткенде де, өзіңді сатып алуына қам
жаса. Егер ешкім сатып алмаса, келесі күні кірпіш
тасуға шығасың. Ол өте ауыр жұмыс».
Ол жөніне кеткенде, мен жылы құмға шалқамнан
жата кетіп, жұлдыздарға қарадым да, ертеңгі жұ-
мыс туралы ойға баттым. Мегиддоның айтқаны есі-
ме түсті: еңбек оның ең жақын досы болса, ол маған
да дос бола алар ма екен? Сол кезде мына жағдайдан
құтқаратын болса, еңбекті жан дос етуге даяр едім.
Мегиддо оянған кезде, онымен түнгі хабарды
сыбырлап бөлістім де, біз үшін үміт сәулесі жылт
еткендей болды. Вавилонға қарай жүріп отырып,
кешке қарай бекініске жеттік. Орнықсыз тақтай кө-
пірлер арқылы қабырға үстінде әрлі-берлі, жоғары-
төмен өрмелеген құмырсқадай қаптаған адамдар ле-
гіне көзіміз түсті. Жақындай келе, әлгі адамдардың
жұмысын көріп, ұнжырғамыз түсті. Біреулер бекі-
ніс айналасынан шұқыр қазып, балшық илесе, бас-
қалары иленген балшықтан қалыппен кірпіш құю-
да. Құлдардың негізгі бөлігі дайын кірпішті ауыр
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
149
себеттермен бекіністің ең үстіндегі тас қалаушылар-
ға тасып жүр
1
.
Бақылаушылар икемсіз құлдарға айқай салып,
жұмыс қарқынын бәсеңдеткендердің арқасында өгіз
терісінен өрілген қамшыны ойнатты. Ауыр жұмыс-
қа шыдамай, тәлтіректеп барып, зорығып құлаған-
дарды да көріп келеміз. Қамшылаудан кейін орын-
дарынан тұрмай қалғандарды былай ысырып, өлуге
қалдырады екен. Өлгендерін төмендегі өлексе толы
жол жиегіне апарып, лақтырып жатыр. Бұл масқара
көрініс тұла бойымды түршіктірді. Құл базарда өт-
пей қалсам, мені не күтіп тұрғаны енді белгілі.
Годозоның айтқаны рас болып шықты. Бізді қала
қақпасынан өткізіп, құлдар түрмесіне апарды да, ке-
лесі күні біз құл базардың ішінде тұрдық. Көпшілігі
қорқыныштан қалшылдап алға баспады, оларды
тек қана бақылаушылардың дойыры ғана алға бас-
тырып, саудагерлер көріп, бағалауы үшін жағдай
туғызды. Мегиддо екеуміз өзімізге жақын келген әр
аларманмен тілдесуге тырыстық.
Құл сатушы патша күзетінің сарбаздарын ертіп
келіп, Қарақшыны беріп, олар оны шынжырлаған
еді, ал ол қарсыласып бақты да, есесіне аяусыз таяқ
жеді. Қарақшыны алып кеткенде, оған қатты жа-
ным ашыды.
1
Ежелгі Вавилонның ғажайып ғимараттары, қабырғалары, шіркеу-
лері, аспалы бағы мен үлкен су арналары құл еңбегінің күшімен са-
лынған еді. Құлдыққа көбіне әскери тұтқындар тартылды да, олар-
ды адам құрлы көрмеді. Алайда құлдардың арасында Вавилон мен
оның маңындағы жерлерден қылмысы мен қарызы үшін құлдыққа
түскендер де болды. Ерлер арасында өзінің қарызын қайтарғанша,
сот шешімі және басқа да міндеттемелерін орындау үшін әйелдері
мен балаларын аманатқа беру әдеті кең таралды. Міндеттемелер
орындалмаған жағдайда кепіл жандар құлдыққа сатылды.
|