Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет63/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
132
Матон, өсімқор – 9 күміс тиын;
Биреджик, шаруа – 1 күміс және 7 мыс тиын.
(Сазтақта бүлініп, одан әрі анық-қанық оқу мүм-
кін емес).
№3-сазтақта
Бұл кісілерге бәрін қосқанда жүз он тоғыз күміс, 
жүз қырық бір мыс тиын қарызбын. Бұларды қайта-
руға мүмкіндігім болмағандықтан, өзімнің аңғырт-
тығымның салдарынан әйелімді төркініне жіберіп
ал өзім туған қаламнан безіп, беймәлім өлкеге же-
ңіл байлық іздеуге аттандым, бірақ ол жақта масқа-
ра мен қорлыққа ұшырап, құлдыққа сатылып кете 
бардым.
Матон маған өз табысымнан бөлінген ұсақ бөлік-
термен қарызымды өтеу жолын көрсеткен соң ғана, 
мен өз ақымақтығымнан қашып құтылуға тыраш-
танған ақылсыздығыма көз жеткіздім.
Сондықтан мен өзім қарызданған адамдарға жо-
лығып, оларға жинақталған қорымның жоқтығынан 
қарыздарымды бірден өтей алмайтынымды айтып, 
бұдан былай өз табысымның оннан екі бөлігін оларға 
әділ түрде бөліп отыратынымды жеткіздім. Бар мүм-
кіндігім – осы ғана. Осыған байланысты олардың да 
міндеттемемді толық орындағанша шыдамдылық-
пен күтулеріне тура келеді.
Ең жақсы досым деп санайтын Акмар мені аузы- 
на келген былапыт сөздермен балағаттады, қорлан-
ған басым кірерге тесік таппай, жайыма кеттім. 
Биреджик деген шаруа өзінің ауыр жағдайын ай-
тып, онымен бірінші кезекте есептесуімді сұрады. 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
133
Үй иесі Алкахад менің жоспарыммен келіспейтінін 
айтып, тез арада қарызымды толығымен өтемесем, 
маған көп машақат көрсететінін білдіріп, қоқан-ло-
қы жасады.
Қалғандары менің ұсынысыммен талассыз келіс-
ті. Сондықтан да мен бұрынғы қай кездегіден де қа-
рыздарымды қайтаруға мүдделімін, себебі бір жай-
ды анық түсіндім: қашып-пысып жүргеннен гөрі, 
қарыздарды төлеген тиімді әрі оңай. Тіпті қарыз 
берушілерімнің барлық талабы мен қажетін орын-
дамағанның өзінде, оларға мен әділ түрде қарыздың 
бөлігін төлеп отырамын.
№4-сазтақта
Түнгі аспанда толған ай толықсып тұр. Мен ба-
рымды салып еңбек еттім. Әйелім қарызымнан құ-
тылу жөніндегі жоспарымды барынша қолдады. 
Ортақ шешіміміздің арқасында, Небатур үшін дені 
сау, мықты түйелер сатып әкеліп, соңғы айда он то-
ғыз күміс тиын таптым.
Мен оларды жоспар бойынша бөлдім. Оннан бір 
бөлігін өзіме қалдырдым, оннан жеті бөлігін әйелім 
екеуміз ақылдаса келе, күнделікті керек-жараққа 
жұмсайтын болдық. Оннан екі бөлікті мыс тиынның 
жеткенінше қарыз берушілеріме әділ бөліп бердім.
Акмарды кездестіре алмадым, бірақ ақшаны 
әйеліне қалдырып кеттім. Биреджик шаруаның 
риза болғаны сондай – қолымды сүйгісі келді. Тек 
қана қарт Алкахад томсырайған күйі қалған қа-
рызды тезірек қайтаруымды нықтады. Оған мен 
аш болмасам және шығынды талап етер басқа жай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет