Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет82/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
169
Вавилон ғажайыптары қатарына оны қоршаған 
өте үлкен қабырғалар қосылады. Замандастарымыз 
оны «әлемнің жеті кереметіне» жататын Мысырдың 
ұлы пирамидаларымен салыстырады. Қаланың бас-
тапқы қалыптасу кезеңінде Семирамида патшайым 
осынау қабырғаларды тұрғызуға әмір еткен көріне-
ді. Қазба барысында бастапқы қабырғалардың ізі та-
былмады. Олардың биіктігі де белгісіз. Бірақ тарихи 
деректерге сүйеніп, қабырғалардың болғанын бол-
жау мүмкін еді. Қабырғалардың сырты күйдірілген 
кірпішпен қапталған және оны сыртынан су толты-
рылған ор айналдыра қоршап жатқан.
Кейінгі уақыттағы қабырғаларды тұрғызу шама-
мен біздің дәуірімізге дейін, яғни 600 жыл бұрын 
Набопаласар патша тұсында басталған сыңайлы. 
Құрылыстың ауқымдылығы сондай – патша құры-
лыстың біткенін көрмей дүниеден өтіпті. Құрылысты 
аяқтау оның ұлы Навуходоносордың еншісіне бұйы-
рып, есімі Библия хикаяларына енгізіліпті.
Қабырғалардың биіктігі мен ұзындығы қайран 
қалдырады. Сенімді тарихи дереккөздер оның биік-
тігі 50 метрге жетеғабыл болып, бүгінгі он бес қабат 
үймен тең келгенін мәлімдейді. Бекіністің жалпы 
ұзындығы шамамен 14–18 шақырымды құраған. 
Қабырғалардың үстіңгі бөлігінің енділігі сондай – 
оның үстімен алты ат жегілген арба еркін жүріп өте 
алған. Осы бір алып құрылыстан бүгінде іргетас пен 
ордың үзіктері ғана қалған. Бекіністің құлауына 
табиғат апатына қоса, қабырға кірпіштерін бұзып 
алып, пайдаланған арабтар да үлес қосты.
Вавилон бекінісі сол дәуірдегі талай басқын-
шылардың шабуылдарын бастан өткерді. Талай 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
170
патшалар Вавилонды басып алуға ұмтылды, бірақ 
олай ете алмады. Оған шабуылдаған әскердің санын 
шамалауға ғана болар. Тарихшылардың айтуынша, 
100 мың атты, 25 мың жауынгерлік арбалы, әрбірін-
де бір мың адамы бар 1200 жаяу әскер қарсы шық-
қан. Соғысқа дайындық, яғни әскери қару-жарақ 
пен шабуыл жолдарына қойма салу жұмыстары кө-
біне екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімді қамты-
ған. Вавилон көп жағдайда қазіргі қалаларға ұқса-
ған. Онда көшелер мен дүкендер болды. Сатушылар 
тұрғын аудандарды аралап жүріп, сауда жасайтын. 
Абыздар болса, өз ғибадаттарын зәулім шіркеулерде 
атқарды. Қаланың қақ ортасында ішкі қабырғамен 
қоршалған патша сарайы орналасты. Оның қабырға-
сы сыртқы бекіністен де биік болыпты.
Вавилондықтар аса шебер суретші және қол- 
өнерші болған. Олар мүсіндер жасап, суреттер сал-
ды, мата тоқып, алтын бұйымдар, темірден қару-
жарақ және шаруашылық құралдарын шығарды. 
Зергерлер көздің жауын алардай әшекейлер жасады. 
Бай қалалықтардың қабірлерінен табылған олардың 
бірқатары бүгінде әлемнің жетекші мұражайларын-
да көрсетілуде.
Адамзаттың қалған бөлігі ағашты тас балтамен 
соққылап жатқан, аң аулап, күн көріп, найза мен 
жебелеріне шақпақ тас байлап, соғысып жүрген за-
мандарда вавилондықтар темір балта тұтынып, най-
за мен жебелеріне темірді пайдаланды.
Вавилондықтар сауатты қаржыгер және сауда-
гер болды. Белгілі болғандай, олар айырбас құра-
лы ретінде ақшаны бірінші болып ойлап шығарып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет