Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет2/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
10
АҚША ТАБУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ 
ЗАҢДАРЫН ТҮСІНЕТІНДЕРДІҢ 
ӘМИЯНЫ ЕШҚАШАН БОС 
БОЛМАЙДЫ
яяяяяя
1. ӘМИЯНДЫ ТОЛТЫРУДЫ БАСТАҢДАР
2. ШЫҒЫНДЫ НАЗАРДА ҰСТАҢДАР
3. АЛТЫНДЫ КӨБЕЮГЕ МӘЖБҮРЛЕҢДЕР
4. ҚАРЖЫНЫ МАҚСАТСЫЗ ЖҰМСАЛУДАН 
ҚОРҒАҢДАР
5. ЖИҒАН-ТЕРГЕНДІ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНА 
БАҒЫТТАҢДАР
6. БОЛАШАҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ОСЫ БАСТАН 
ҚАМДАҢДАР
7. ТАБЫСҚА БАСТАР МҮМКІНДІКТЕРДІ САРҚА 
ПАЙДАЛАНЫҢДАР
яяяяяя


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
11
х
Алғы сөз
Б
іздің ұлт ретінде дамуымыз әр азаматтың жеке 
қаржылық жағдайына, яғни әл-ауқатына бай-
ланысты. Бұл кітап аталған деңгейге қалай жетуге 
болатынын баяндайды.
Табыс дегеніміз – өзіміздің ұмтылысымыз бен қа-
білетіміздің нәтижесі. Біз оны табысқа жетуге шын 
мәнінде дайын болғанда еңсереміз. Бұл орайда біздің 
барлық әрекеттеріміздің ойлау арқылы өрілетінін
ал олардың ойлау деңгейінен асатындай кемел емес-
тігін есте ұстаған абзал.
Бұл кітап бос әмияндарды толтыру жолын ұсы-
натын құрал ретінде ойластырылған. Оның мақса-
ты – баюды мұрат еткендерге жәрдем ету, сондай-ақ 
қаражат түйткілдерінің мәніне үңілу. Ол Сізге ақша 
табуға, оны сақтай білуге және ақшадан ақша жасау-
ға көмектеседі.
Біз Сіздермен бірге бүгінде бүкіл әлем мойында-
ған және пайдаланатын қаржылық қағидаттардың 
бесігіне – ежелгі Вавилонға жол тартамыз.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
12
Бұл еңбекпен етене жақын танысып, соның нә-
тижесінде қол жеткізген табыстары туралы маған 
қуана хабарлағандар баршылық. Сол сияқты, жаңа 
оқырмандардың да банктегі есепшоттарын толық-
тыруына, жаңа қаржылық табыстарға жетуіне және 
күрделі қаржылық түйіндерді шешуіне кітаптың 
серпіліс беруін автор ретінде шын көңілден тілеймін.
Сонымен бірге автор мүмкіндікті пайдаланып, 
бұл кітапты оқуды достарына, туыстары мен әріп-
тестеріне ұсынған іскер азаматтарға өз құрметін 
білдіреді. Мақтау сөздердің ерекше бағалы болатын 
себебі – олар осы кітапта баяндалатын қағидаттарды 
пайдалану арқылы бизнесте айтарлықтай табысқа 
жеткен іскерлер тарапынан айтылып отыр.
Вавилон ақшаның нағыз бағасын біліп, сенімді 
және сынақтан өткен қаржылық қағидаттарды пай-
даланып, ақшадан ақша жасай алған өз тұрғында-
рының арқасында ежелгі дүниедегі ең бай қалаға ай-
налды. Олар болашақтың жайын ерте ойластырып
тұрақты табысқа қол жеткізу жолдарын игерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет