«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
38
қарамастан, оның қимылы ширақ, көңілі көтеріңкі
еді.
– Аркад, сенің Вавилондағы ең бай адам екенің
рас па?
– Сондай сөз бар, ұлы мәртебелім, оны жоққа шы-
ғарғандарды естімедім.
– Сен қалай байыдың?
– Құдай жарылқаған қаламыздың кез кел-
ген тұрғыны қол жеткізе алатын мүмкіндіктерді
пайдаландым.
– Сонда сен жұмысты тақыр жерден бастадың ба?
– Баюға деген үлкен ынта болса, басқа нәрсе қа-
жет емес.
Патша ағзам ағынан жарылды:
– Аркад, қаламыз ауыр уақытты бастан кешуде,
өйткені баю жолынан аз ғана топ хабардар, ал қа-
лалықтардың көбі қолдарына түскен алтынды қа-
лай сақтап, еселеуді білмейді, естімеген, бәлкім.
Вавилонның әлемдегі ең бай қалаға айналуын шын
көңілден қалаймын. Бұл үшін бізде ауқатты тұрғын-
дар көп болу керек. Демек, барша халыққа байлық-
ты қалай жинауды үйретпесе болмайды. Айтшы,
Аркад, байлыққа жетудің қандай құпиясы бар? Оқу-
тоқу жолдары бар ма?
– Бар, ұлы мәртебелім. Бұл ілімді игерген адам
басқаларға да үйрете алады.
Патшаның жанары жарқ етті.
– Аркад, естігім келген сөзді айттың. Осы үлкен
істі өзің қолға алсаң қайтеді? Іс-тәжірибеңмен бө-
ліссең, сенен сабақ алғандар басқаларға үйретсе,
сөйтіп, бұл маңызды ілім қаланың барша лайықты
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
39
тұрғындарының игілігіне айналғанша жалғаса бер-
се деймін.
– Сізге қызмет етуге дайынмын. Бауырларымның
игілігі және ұлы мәртебелімнің даңқы арта беруі
үшін бар білгенімді аянып қалмаймын. Сіздің ке-
ңесшіңіз жүз адам сыярлық орын әзірлесе, тыңдау-
шыларға өз әмиянымды толтыруға мүмкіндік ашқан
тәжірибемнен жеті дәріс оқимын да, Вавилондағы
әмиян біткеннің толы болуына өз үлесімді қосамын.
Бір апта өткенде патшаның жарлығымен іріктел-
ген жүз адам барын үстеріне киіп, Білім сарайының
үлкен бөлмесіне жиналып, дөңгелене жайғасты.
Аркад – ортада, бөлме ауасы тазартылыпты, жанға
жайлы хош иіс ауада қалқып жүр.
– Қарашы, Вавилонның мына ең бай адамына, ол
да біздің бәріміз сияқты ғой, – деп жиналғандардың
бірі екіншісінің бүйірінен түртіп, сыбырлай үн қатты.
– Сендердің алдарыңа ұлы патшамыздың жарлы-
ғы бойынша келіп тұрмын, – деп Аркад сөзін баста-
ды. – Бір кезде өзім де көп алтынды аңсаған тақыр
кедей жігіт едім, сол арманға апарар ілімді игеріп,
дегеніме жеттім. Патша ендігі жерде сол ілімді сен-
дерге жеткізуді сұрады.
Өмірімді жоқшылықпен бастадым, сендерден де,
Вавилонның басқа кез келген тұрғындарынан да еш-
қандай артықшылығым болған емес.
Алғашқы байлығымның қоймасы тозығы жеткен
әмияным еді. Оның қос бүйірі қабысқан түріне қарап
жыным келетін. Оның ішін алтын теңгелерге тол-
тыру жөнінде бір шешімге келдім. Бұл үшін түрлі
|