«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
72
қалдырайын, ол саған қой санауға жәрдемдеседі. Өз
басым оған сенемін, сондықтан ақшаның қалған бө-
лігін соған берсең болады.
Бірақ мен жоқ жерден қасарысып, түнде төлемей-
тінімді айттым. Таң ата мен ұйқыдан оянып үлгер-
местен қақпа ашылған
бойда төрт бірдей саудагер
малшыға лап берді де, отардың бәрін сатып алып
кетті. Олар жоғары баға ұсынды, себебі қаланы сол
кезде дұшпан тарапынан қоршауға алу қаупі төнген,
ал азық-түлік қоры тапшы еді. Шаруа әр қойға мен
төлейтін ақшадан үш есе артық алды.
Осылайша мен
өз аяғымен келген сәттіліктен айырылдым.
– Ерекше оқиға екен, – деді Аркад. – Бұдан не
ұғып, не үйренеміз?
– Келісімнің тиімді екеніне көз жетіп тұрса, ақы-
сын бірден төлеу керек болар, – деп қорытты қария.
– Егер келісім шынында да пайдалы болса, онда са-
ған ешкім де, тіпті өз кемшілігің де кедергі келтіре
алмайды. Бәріміз де пендеміз, құбылмалы мінезге
иеміз. Таратыңқырап айтқанда, кейде дұрыс пікірді
бұрысқа айырбастауға бейімбіз. Менің алғашқы әсе-
рім әрқашан ең дұрыс шешім болып шығады.
Соған
қарамастан тиімді келісім жасарда өзімді-өзім сенді-
руім қиын. Сондықтан өзімді бойымдағы осалдық-
тан қорғау және жіберіп алған мүмкіндікке өкінбеу
үшін мен бірден кепілақы қалдырамын.
– Тағы да сөйлегім келіп тұр, – деп сириялық ор-
нынан атып тұрды. – Бұл оқиғалар бір-біріне ұқсас
екен. Екеуінде де мүмкіндіктің
қолдан шығып кету
себебі бірдей. Олардың екеуі де жайбасар ғой, тіп-
ті. Олар: «Қазір нағыз сәтті кез, мәселені тезірек