Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет55/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
116
Дабасирдің беттен алар турашылдығы Таркадты 
жапырақтай қалтыратты, дегенмен бұл шақыру 
дәмхана табалдырығын аттауға мүмкіндік беретін 
еді. Дабасир оны түпкі бұрышқа қарай итермеледі, 
екеуі кілемше үстіне жайғасты. Оларға дәмхана иесі 
Каускор жымия күліп жақындағанда, Дабасир өзіне 
тән сөзқұмарлығына басты:
– Қане, шөл даланың семіз кесірткесі, маған жақ-
сы қуырылған қойдың жас етін және де көбірек 
нан мен көкөніс әкел, себебі кәдімгідей ашықтым. 
Айтпақшы, досымды да ұмытпа. Оған бір құмыра 
салқын су әкел. Аспан айналып жерге түскендей ап-
тап ыстық.
Таркадтың жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Дабасир-
дің қой етін қомағайлана асағанына қарап, қалай 
су ішіп қана отырмақ? Бірақ ол ештеңені ашып 
айтпады.
Дабасир үнсіздік дегенді тіпті білмейтін сияқты. 
Дәмханаға кірген таныстарына сәлем ретінде күлім-
сірей қол бұлғады да, сөзін жалғады:
– Урфадан оралғандардан бір бай туралы естідім. 
Ол кәдімгі тасты жұп-жұқа етіп тілдіріп, үйін жаң-
бырдан қорғау үшін терезесіне салдырыпты. Тастың 
жұқа тілінгені соншалық – одан сыртқа қарауға бо-
лады екен. Бір қызығы – ол әлемді мүлде басқаша 
етіп көрсетеді деседі көргендер. Бұған не дейсің, 
Таркад? Дүниенің мүлде басқа түске боялып шыға 
келуі мүмкін бе?
– Бәрі де мүмкін, – деді Таркад. Оны қайдағы бір 
әйнектас емес, Дабасир алдына қойылған семіз қой 
еті қатты алаңдатты.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
117
– Оған сенемін, өйткені өзім де басқа түсті әлемді 
көрдім. Саған айтқалы отырған хикаям сол туралы, 
яғни дүниенің кәдімгі түсін қайта көргенім жайын-
да өрбиді.
– Дабасир бір қызық хикая айтқалы отыр, – деп 
көршілер сыбырласып, төсеніштерін соған қарай 
жылжыта бастады. Басқа келушілер де асты бы-
лай қалдырып, әңгімеге жақын дөңгелене жайғас-
ты. Бәрінің қолдарында жартылай мүжілген жі-
лік. Жалғыз Таркад қана сілекейін жұтынып отыр. 
Дабасир қой етін бөлісер емес, тіпті ыдыстан еденге 
түскен бір тілім нанды да ұсына қоймады.
Дабасир аузындағы етті қылғытқан соң әңгімесін 
бастады:
– Айтқалы отырған хикаям өзімнің жастық ша-
ғыма қатысты. Ол қалай түйе сатушы болғаным ту-
ралы. Араларыңда Сирияда құл болғанымды біле-
тіндерің бар ма?
Бөлме іші араның ұясындай гуілдеп кетті. Бұл 
Дабасирге жағымды әсер еткендей.
– Жас кезімде, – деген ол бір кесек етті шайнап 
отырып, сөзін жалғады, – әкемнен ер-тұрман жасау-
ды үйрендім. Әкемнің шеберханасында жұмыс істей 
жүріп, әйелім екеумізді асырадым. Әрі жас, әрі тәжі-
рибесіз едім, табысым онша көп болмаса да, қарапа-
йым тіршілікке жететін. Көп нәрсе иеленгім келетін, 
бірақ олай етуге мүмкіндік болмады. Алайда ұзамай 
дүкеншілердің менде бар мүмкіндікпен санаспай-ақ 
қарыз бере салатынын байқадым.
Өз табысынан көп ақша жұмсайтын адамның жоқ 
жерден жел шақыратынын, ал ондай құбылыстың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет