«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
135
Жоспарымыз ойдағыдай шықты, ол бізді қарыз
құрсауынан бірте-бірте шығарып, қор жинауға да
мүмкіндік қалдырды.
Бұл сазтақтаға соңғы рет жазба түсіргелі бері ай
үш рет жаңарды. Әр ай
сайын мен өзіме табыстың
оннан бірін қалдырып отырдым. Әр жолы әйеліміз
екеуміз қандай қиын болса да, табыстың оннан жеті
бөлігін ғана өмір сүруге жұмсадық. Ал әр жолы мен
қарыз берушілерге екі ондықты беріп отырдым.
Қазір әмиянымда жиырма күміс тиын бар және
оның бәрі өзіме тиесілі. Енді мен еңсемді тік ұстап,
достарыммен кездескенде жүзімді төмен салмаймын.
Әйелім болса, үй тұрмысына пысық болып алды,
киімі көк, тамағы тоқ. Онымен өзімді бақытты
сезінемін.
Жоспарымыз сөз жетпестей құнды екен. Кешегі
құлды бүгінгі абыройлы
азаматқа айналдырған сол
емес пе?
№5-сазтақта
Тағы да түнгі аспанда толған ай жарқырайды.
Соңғы жазбаны түсіргелі көп уақыт өткенін есіме ал-
дым. Содан бері он екі ай ауысыпты. Бірақ бұл жолы
мен сазтақтаға ештеңе жазбаймын, себебі бүгін мен
барлық қарыздарымнан құтылдым. Бұл күні әйелім
екеуміз үлкен той жасадық, өйткені мақсатымыз
орындалды.
Қарыз бергендерді
соңғы рет аралап шыққалы
талай оқиғалар болды ғой, бәрі бірдей жадыңда қал-
майды. Акмар өзінің дөрекі қылығы үшін менен
кешірім сұрап, мені нағыз досым деп санайтынын
мәлімдеді.