«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
136
Алкахад қарт сонша жаман кісі емес екен, ол ма-
ған ағынан жарылды: «Сен бір кезде әркім илеп, езе
беретін шикі сазбалшық болатынсың, енді сен най-
заның ұшы да сызат қалдыра алмайтын қола іспетті-
сің. Егер саған күміс немесе алтын керек болып жат-
са, менен кез келген уақытта келіп ала аласың».
Мені құрметтейтін ол ғана емес, көптеген адамдар
менімен емен-жарқын әңгімелесетін болды. Әйелім
маған қарағанда жанары шуақ шашады. Бұл өзіме
деген сенімімді арттыра түседі.
Бірақ мәселе менде емес, маған сәттілік әкелген
жоспарда ғой. Ол маған барлық қарыздан құтылу-
ға жол ашты, ал әмияныма сыңғырлаған алтын мен
күміс толтырды. Бұл жоспарды өмірден өзінің мол
сыбағасын алғысы келетін баршаға ұсынамын. Ол
бұрынғы құлға өз қарызын төлеуге мүмкіндік бе-
ріп, алтынға қолын жеткізсе, онда ол кез келгенге де
тәуелсіз болуға жәрдемдеседі. Алайда мен бұл жос-
парды бітірген жоқпын, өйткені оның мені бай адам-
дар санатына қосарына сенімдімін.
Ноттингем университеті
Ньюарк-он-Трент
Ноттингем
7 қараша, 1936 ж.,
британдық ғылыми экспедиция жетекшісі
профессор Франклин Колдвеллге,
Хиллдан, Месопотамия
Менің құрметті профессорым!
Вавилон үйіндісін одан әрі қазу барысында Сіз
осы қаланың бұрынғы тұрғыны Дабасир атты түйе
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
137
саудагерінің рухымен кездесе қалсаңыз, менің бір
тілегімді орындауыңызды өтінемін. Бірнеше мың
жыл бұрын сазтақталарға жазып қалдырған хаты
үшін оған Англиядағы біздің университеттің бірне-
ше қызметкерлері атынан шынайы алғысымызды
жеткізерсіз.
Менің Сізге бір жыл бұрын жазған хатым есіңіз-
де болар, әйелім екеуміз оның сол жоспарын қолға
алып, біршама қарыздан құтылып, еңсемізді көте-
руді ойластырудамыз. Мен бұны достарымыздан
жасырып келсем де, Сізден жасыра алмаймын, біз-
дің қаржылық жағдайымыздың нашар екенін шама-
лап жүрген де шығарсыз.
Жылдар бойы қордаланған қарыз берекемізді қа-
шырып, еңсемізді көтертпей келеді. Тіпті өзіме
деген сенімім азайды, сатушылардың бірі дау шыға-
рып, университеттен қуыламын-ау деген үрей бой-
ды билей бастады. Біз үнемделген әр шиллингті тө-
лесек те, жағдай жақсарар емес, кері кетіп барады.
Оған қоса, күнделікті тіршілікке де қаржы жеткізе
алмай, қарызға белшемізден батуға тура келді.
Жағдайымызды құлдыратқан қайдағы бір қарғыс
шеңберінен шыға алмай жүрміз. Онымен күрестің
мәні қалмады. Арзан үйге көшіп кетуге де мүмкіндік
жоқ, қазіргі қожайынға берешегіміз шаш етектен.
Жағдайымызды жақсартатындай үміт отын көре
алмай қиналдық.
Осы арада Сіздің танысыңыз – Вавилондағы ежел-
гі түйе саудагері өз жоспарымен алдымыздан шық-
ты. Ол жарамызға тұз сепкендей жанымызды түр-
шіктірді. Оның жүйесін қолданып көруге тәуекел
|