Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі488,03 Kb.
#4483
1   2   3

Менің әлемім, my.mail.ru – ресейлік әлеуметтік желі. Бұрынғы достарымен бірге жиналатын орын, көптеген жаңа достар табуға, оларда не болып жатқанын білуге, жаңа суреттер мен бейнероликтерді қарауға, блогтарды оқуға, сұрақтарға жауап беруге, қонақтар кітабына жазып қалдыруға, сыныптастарын, курстастар мен бұрынғы жұмыстас әріптестерін іздеуге болады.
Монетизация – өз сайтында, блогында, форумда, топта, қауымдастықта немесе қандай да бір Интернет-жобада, сілтемелерді сату есебінен, жарнама орны және баннерлер, ақылы мақала жазу және шолу, әлдекімге орнын еске салу және серіктестік бағдарламаларға қатысу арқылы ақша табу процесі. Әлеуметтік желіде: 1) сайттың иесі ақылы сервистер және сайттағы жарнама арқылы, 2)топтың әкімшілігі мен қатысушылары топтың жаңалықтарын жазу және орналастыру, фотоальбомдар мен форумда, жарнамалық сипаттағы ақпараттар, мақалалар пиары, шолулар, қандай да бір сауда белгісін, тауарларын және көрсететін қызметін еске салу арқылы , сол үшін олар төлем ақы алады.
Мульт – өзінің нақты тұлғасын жасырып, шынайы емес, (ойдан шығарған) мәліметтерді пайдаланатын адам. Мульттар конструктивті және зиянды (негативті) болып бөлінеді.
Мультиаккаунты – бір адамның немесе кәсіпорнының Твиттердегі бірнеше аккаунттарды құруы, әр түрлі модельді сынақтау және жұмыстың шешімін табу, саралау, санақ, тәсіл, маркетинг және тәжірибе алу.
Достардың суретінде – пайдаланушылар белгілеп қойған достарының фотосуреттерін орналастырудағы Сыныптастар қызметі.
Ресми емес икемдеу – ресми емес ақпаратты сақтау үшін және ресми емес жеке деректер беретін сервистік құралдар. Пайдаланушының коммуникациясы , беделін қорғайтын, жеке өмірлік мағлұматты пайдалануға, кеңінен таратуға жол бермейтін, Интернетте жеке өмірге қол сұғылмауын сақтауға ерік беретін қызмет.
Көзге көрінбейтін (Невидимка) – Сыныптастарды пайдаланатын әлеуметтік желідегі кез-келген қатысушыға кіре алатын, бірақ өзі танылмайтын, бөлімге кірушінің деректері бейнеленбеуіне мүмкіндік беретін ақылы қызмет.
Қонақтар. Басқа пайдаланушылар сияқты, күнделікті жағдайда, осы мезетте пайдаланушының сайтта табылуын анықтай алмайды – пайдаланушының желіде бар екендігі хабарланбайды.
Жол берілмейтін сөйлемше – хабарламаларда, мәртебе және фотосуреттерге жазуға, басқа сайттарға сілтеме жасауға тыйым салынады. Құрамдас парсер мәтінді тексереді және қандай болса да сайттың мекенжайына ұқсас сөйлемдерді анықтап, «жол берілмейтін сөйлемшелерді» хабарлайды.
Жеңілдетілген сайттың версиясы (оңтайлы құру үшін) – қар. Сайттың WAP-версиясы.
Сыныптастар, Сыныптастар.ru odnoklassniki.ru – бұрынғы сыныптастар, курстастар, түлектер, мектеп және студенттік жылдардағы достар, жақын адамдар, таныстар тауып беретін, тілдесуді қалпына келтіретін әлеуметтік жүйе. Адамдардың көптеген сауалнамаларымен, ортақ қызығушылығымен, әуестігімен, құмарлығымен бөлісе алатын жаңа достар, таныстар табу сервисі. Виртуальды тілдесуге, фотосуреттерді қарап шығуға мүмкіндік береді және шынайы жолығуды тағайындайды.
Он-лайн (ағылшынша online – линияда) – осы мезетте Интернетке қосылу жағдайында тұру. Интернетке қосылғанда ғана қызмет атқарады. Интернетте қолданылады және нақты уақытта тәртіппен шығады. Сын есімде – онлайнмен.
Ашық топ – қандай болса да алғашқы шартсыз, әлеуметтік желінің әрбір пайдаланушысы кез-келген уақытта қосылып, форумға, топтың өміріндегі басқа да оқиғаларға қатыса алатын әлеуметтік желі тобы.
Пати покер, PartyPoker, partypoker.com – ағылшын покеррум онлайны, Интернеттегі покер ойынының сайты. Онлайн режіміндегі техастық холдэм үшін мульти үстелдері, омахи, омахи хай-лоу, 7 карт стад и 7 карт стад хай лоу. Қауіпсіздік және лицензиялау сайты покерлік көлемді жарыстарды, ақысыз жарыстарды, нақты ақшаға ойнау және покер ойынын үйретуді ұсынады. Бақытты хат – ырымға сенетін және жалған ақпарат тарататын көпшілік хаттар. Мұндай хаттарға мән бермеген дұрыс және ары қарай таратпау керек. Әлеуметтік желілердің әкімшілігі мұндай хаттарды спамға теңестіреді.
Ақылы сервистер – сервисты пайдалану мүмкіндігі үшін, ақылы СМС-хабар жіберу керек. Мысалы, Сыныптастарда: 1) қосымша фотосуреттер үшін орын, 2) «Невидимка» қызметі, 3) фотосуреттің аз бағасын алып тастау, 4) смайликтердің кең ассортиментін пайдалану мүмкіндігі, соның ішінде қимылдайтыны, 5) парақтардан (беттер) шақырылмаған қонақтардан тазарту, қарау тізімінен алып тастау, 6) достардан басқа, барлық пайдаланушылардан беттерді қарауды жабу мүмкіндігі, 7) алғашқы тіркеу: Сыныптастарға хабар жіберу үшін, жүктеу және фотосуреттер бағасы, форумда түсініктеме қалдыруға мүмкіндік және басқа пайдаланушылардың беттеріне кіру.
Подкаст – пайдаланушының фидтар арқылы жүктеуі үшін онлайнда қойылған аудио файл. Файлдың мазмұны музыкадан жаңалыққа, тұсаукесер немесе аудио күнделіктерге дейін өзгеруі мүмкін. Подкастар – эфирге шығару, аралас-құралас хабарлар, авторлық программалар, шоу және қойылымдар, блогта MP3-плеер (РСС-каналы арқылы) тыңдауға немесе көшіруге болатын, шығарылымдар сипатындағы аудио және бейне материалдарды орналастыру.
Подкастинг – Интернетке дыбысты жіберу немесе бейнеақпаратты жасау тәсілі. Подкастинг сөзінің өзі iPod (портативті МР3-плеер) и broadcasting – ұлан-ғайыр, кеңінен хабар тарату сөздерінің қосылуынан шыққан.
Сайттың пайдаланушысы - Интернет желісі арқылы белгілі бір сайтқа кіруді жүзеге асыратын тұлға. Сайттың құрамына кіретін кез-келген веб-бетін қарайтын тұлға. Тіркеу расталғаннан кейін және аккаунт күшейгенде пайдаланушы тіркелді деген мәртебеге ие болады. Тек қана ақысыз негізде жүзеге асырылатын болса, сайттың барлық сервисін алуға болады.
Сайтқа кіру (визит, sitesession, сайт сессиясы) – бір пайдаланушының серверге сұрату сериясы, тапсырылған уақыт аралығында жасалған, пайдаланушының сайт беттеріндегі осы аралықтағы оның әр сұранымы сервердің логында бейнеленеді. Егерде белгілі бір уақыт аралығында пайдаланушыдан бірде-бір жаңа сұраным түспесе, сессия аяқталған болып есептеледі.
Пост – форумдағы бір тақырыпқа жеке алынған хабар. Әкімшілік немесе модератор өз қарауы бойынша алдын-ала ескертусіз алып тасталынады немесе түзетіледі ( әдетте ережені бұзған жағдайда). Бұл және де хабарды жазу процесі.
Посттағылар(постовые) – атап өтілген ресурстарға сілтемелер енгізіліп, басқа блоггерлер жазған шағын баяндаулар. Посттағылар әдетте мақаланың соңында орналастырылады. Посттағыларға сілтемелер тәжірибесі коммерциялық негізде кең тараған, сондықтан посттағылар деп блогтағы постарға ақысы төленген сілтемелер айтылады.

Әлеуметтік желідегі топтар ережесі (форум ережесі) – барлық топ қатысушылары орындауға міндетті шарт. Ереже үлгісі: «Тақырыпты жасамай тұрып, форумда ұқсасы жоқ па, қараңыз. Таласуға, қысым көрсетуге, қорлауға, айыптауға, әдепсіз көріністегі қатысушылар суреті рұқсат етілмейді. Топта цензура талаптарына қайшы сөйлеу, жарнама, бейәдеп суреттер, басқа қатысушыларды және топ әкімшілігін қорлау, топтың қатысушыларының тұрақсыздығына жетелейтін арандату қара тізімге кіргізіледі. Топтың қатысушылары әдепсіздік көрсетсе, ескертуден кейін аластатылады. Форумда кісіге дөрекілікке өтуге, балағаттауға рұқсат етілмейді. Ережеге сәйкес емес хабарларды модераторлар алып тастайды. Модераторлар үш апта бойы көтерілмеген тақырыптарды алып тастай алады. Модератор немесе әкімшілік тақырыптың ары қарай дамуы пайда келтірмесе, кез-келген уақытта қандай да бір тақырыпты жаба алады (алып тастайды). Қызықты және пайдалы тақырыптарды жасаңыздар, хабарлама жазбай тұрып, барлық тақырыпты қараңыз, қолайлысын таңдап, жазыңыз. Егерде ұқсас тақырып болмаса, сіздің тақырыбыңыз пайдалы және қызықты болатынына сенсеңіз, жасаңыз. Тиімсіздері алынып тасталады. Тақырыптар қайталанса немесе қосарланса ескертусіз алынып тасталады».
Қосымша – ВКонтакте негізгі сайтына толықтыру, қолданбалы компьютерлік бағдарлама, ВКонтакте пайдаланушыларының белгілі бір аудиториясына бағытталған. Клиент – ВКонтакте сайтына интерактивтік flash-бағдарламаларды қосуға ерік беретін серверлік айқындауыш (қосымша).

Қосымшалар мына түрлерге бөлінеді: тілдесу, ойындар, тестілер, сауалнамалар, анимация және басқалар.


Фотографияларды тексеру – сыныптастарды пайдаланушылардың өз беттерінде орналастырылған жаңа Бас фотографияларды модераторлардың тексеру функциясы. Сайттың кез-келген пайдаланушысы фотография модераторы бола алады, оған бұл жұмысы үшін бонустық ұпайлар есептеледі. Модератор 30 секундтан 10 минутқа дейінгі тексеру жиілігін таңдайды және оған оқтын-оқтын жаңа фотографиялар көрсетіледі. Олардың ішіндегі кейбірін блоктауға дауысын бере отырып, ол себебін көрсетеді. Бір фотография бір мезгілде бірнеше басқадай модераторларға көрсетіледі. Блоктау модераторлардың көпшілігі қабылдаған шешіммен жүзеге асырылады. Сыныптастардағы фотографияларға өз модераторлығын тоқтату үшін пайдаланушы тексеріс жиілігін таңдау мәзіріне кіруі және «ешқашан да» жиілігін таңдауы керек.
Псевдореал – қараңыз. Конструктивті мульт.
Расфолловинг – пайдаланушы қызықтырмайтын фолловерстерді жоя алатын твиттерге қосымша-бағдарлама.
Реал – шынайы деректері және фотографиялары бар әлеуметтік желідегі заңға бағынған пайдаланушы. Аккаунт жойылған жағдайда, пайдаланушының шынайылығы төлқұжатпен расталады. Өз шынайылығы болмағандықтан, клондар мен мульттар жойылған жағдайда ресми түрде қайта қалпына келтіруге жатпайды.
Сайт регламенті (әлеуметтік желідегі регламент) – сайтты пайдалануға байланысты туындайтын сайт әкімшілігі тұлғасындағы сайт иегері мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Регламент ережесін біржақты тәртіппен, сайт иегері белгілейді, өзгертеді және алып тастайды.
Реплай – қараңыз. Reply.
Ресурс / resource – сайт, Интернет-жоба, желі торабы. Пайдаланушыға және/немесе процеске бөлініп берілетін жүйе бөлігі.
Ретвит – қараңыз. RT (ReTwit).
РСС – қараңыз. RSS.
РуТвит «орыс твиттері» – Рунетте көрсетілген аса белгілі жағдайларды, Ресейде болып жатқан ең талқыланатын тақырыптарды және жалпы көріністерді белгілейтін әлеуметтік желі. Хештеги орыс тілінде жазылуы мүмкін, орысша іздеген кезде сөз нысандары, сөздің аяғы және жұрнақтар ескеріледі. Әйгілі орыс сөздерін, тақырыптарды және түсініктеме мәтіндерді табады және көрсетеді. В Rutvit.ru ағылшын тіліндегінің орнына ресейлік БАҚ және блоктарға бір жерде жазылуға болады. Жаңа хабарлар (посттар, твиттер және оларға комментарийлер) жаңалық таспасында автоматты түрде шынайы мерзім режімінде көрсетілуі мүмкін. Твиттер и Френдфид әлеуметтік қоғамына интерфейс ретінде ыңғайлы пайдалану. Твиттер мен Френдфидтен бір таспаға жазудың автоматтандырылған импортының мүмкіндігі бар. РуТвиттен Твиттер және Френдфидке (яғни керісінше) жазудың автоматтандырылған мүмкіндігі бар.
Рутуб, Рутьюб, Rutube, rutube.ru – бейне үшін ресейлік хостинг, негізгі контенті - сервисте өз аккаунты бар тіркеуде тұрған пайдаланушылар түсірген және толтырған бейнероликтер болып табылады. RuTubeрадио және теледидар қарау, тыңдау және он-лайн бағдарламаларына қосылуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың рейтингі, конкурстары және түсініктері.
Балық аулау және аңшылық, rybalka.com – интерактивті портал, Украинаның әлеуметтік желісі, балық аулау және аңшылық туралы ТМД-дағы ең үлкен әлеуметтік желі, балық аулаудан түсірілген фотолар және бейнеклиптер, балықшылардың жеке альбомдары және блоктары, балықшылар форумы, GPS өзен мен көлдер картасы, балық аулау және аңшылық туралы фотоесептер.
Сайт (ағылшынша site) – сөзбе-сөз «желілер торабы». Интернет желілерінде орналастырылған бір тақырыппен, дизайнмен, доменнің бірыңғай мекенжайлық кеңістігінде біріктірілген веб-беттерінің жиынтығы.
ВКонтактіге арналған айла жиынтығы – ВКонтакті сайтына арналған барлық бағдарламалары бар жиынтық. Музыкаларды, бейнелерді, суреттерді және граффитиді кіргізіп алу үшін қолданылады. Рейтингті көтеру және граффитиді автоматты суретке салу және сайттан бейнелер мен музыканы кіргізу үшін қолданылады.
Сарафандық Радио –www.SarafannoeRadio.org , веб 2.0 әлеуметтік маркетингтің сарапшы дәрісханасы. Әлеуметтік желілер мониторингісінің пионері. Әлеуметтік желілер терминдері сөздігінің, әлеуметтік желілердегі топтар рейтингілері және әлеуметтік желілердегі бірқатар рейтингілердің бірінші құрастырушысы.
Сервер / server – ресурстарын көптеген пайдаланушылар пайдаланатын көлемді компьютер.
Интернет желісі – Электрлі байланыс желілерінің технологиялық ортасына тартылған халықаралық автоматтандырылған ақпараттар, байланыс және сервистер жиынтығы.
Слайдкаст – каста асты негіздегі слайд-шоу.
Смайлик – smile деген ағылшын сөзінен шыққан – күлімсіреу, жымию. Қайсыбір мәтін жазған кезде адамның көңіл-күйін көрсететін символдар үйлесімі. Күлімсіреу ғана емес, көңіл-күйдің көптеген басқадай нұсқалары. Кәдімгідей интуитивті түсінікті символдар. Смайликтер мәтіндік және графикалық болады.
ӘММ (әлеуметтік медиа маркетинг) – / SMM (socialmediamarketing) – әлеуметтік желідегі маркетинг, әлеуметтік желіде, блогтарда және форумдарда сайтты, брендті, компания немесе персонды(жеке адам) жеткізу.
ӘМЖ (Әлеуметтік медиа жандандыру)/ SMO (socialmediaoptimization) – бұл:

1) Әлеуметтік желілер және блогтардан қатысушыларды негізгі сайтқа тартуға арналған аспаптар мен шаралар кешені.

2) Веб 2.0. пішініне сайтты өзгерту.

3) Сайт контентін және толтыру алгоритмін қайта өңдеу.

4) Әлеуметтік желілерде, блогтарда және форумдарда сайтты жеткізу.

4) Әлеуметтік желілерді жандандыру.


СМС-активтендіру – кейбір символдарды (сандарды) хабарлама мәтініне енгізе отырып, белгілі нөмірге пайдаланушының ұялы телефонынан СМС хабар жіберу, соның нәтижесінде әлеуметтік желіде пайдаланушының аккаунтты авторизациялауы. Сыныптастардағы СМС-активтендіру – ақылы, яғни жіберілген хабардың құны кәдімгі жағдайдан көбірек болып табылады.
Хабарламалар – Твиттерді пайдаланушының біреуінен екіншісіне жіберілетін ақпарат үзінділері.
Қауымдастықтар – Сыныптастар сайтында сыныптастар, курстастар, қызметтестер, әріптестер және демалыстағы жолдастар тізімдері. Қауымдастыққа қосылу үшін «Мүдделерге», одан кейін «Қауымдастықтарға» кіру қажет. Қосылсын: мектеп| колледж | институт | әскер | компания | демалу орны. Аймақ таңдалсын, Іздестіруді басу: Нысан толтырылсын және Сақталсын.
Қауымдастық – бір-бірімен қарым-қатынастағы мүдделері ұқсас адамдар тобы. Қатысушылар тізімі және форумы бар. Қауымдастық оқу орындары айналасында және пайдаланушылардың қызметінің белгілі саласында құрылған.
Әлеуметтік желі – интерактивті көптеп пайдаланылатын веб-сайт, жеке адам /персон/ туралы ақпарат көрсету мүмкіндігімен, оның контентін желі қатысушыларының өзі толтырады (туылған күнін, мектепті, жоғары оқу орнын, сүйікті сабақтарын және т.б.), ол арқылы пайдаланушының аккаунтына желінің басқа да қатысушылары кіре алады. Әлеуметтік желінің қарапайым түрінің бірі – бұл «достар» және «топтар» жүйесі. Бұл –контентпен, ой-пікірлермен, тәжірибемен және маңызды медиа деректерімен алмасу сияқты әлеуметтік өзара әрекетті жеңілдету мақсатымен пайдаланылатын мүдделер мен географиялық байланыс, онлайндық орта тәуелді желіге қолжетімді Интернет пайдаланушылары қауымдасы. Жеке профильді және виртуальды қарым-қатынастарды құруды жеңілдетеді. Бұл әлеуметтік топтар, тұлғалар, индивидуумдар болып табылатын тораптар тобынан тұратын әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік желі ұқсас мүдделері бар адамдарды ғана емес, осы мүдделер объектілерін (спорт, музыка, мамандық және т.с.с.) іздестіру үшін пайдаланылады. Мұндай желілерде халықтық біліктілік, ақпаратты бірлесе санаттандыру практикасы(тәжірибесі) пайдаланылады.
Әлеуметтік белгілер – бұл Интернет пайдаланушыларын қызықтыратын сайттарға сілтеме тізімі бар сервистер. Пайдаланушы ұнаған ресурстарға баруға тілегі болып, бұл үшін әлеуметтік белгілер деп аталатын арнайы тізімдерде бұл сайттарға сілтемелерді сақтайды. Әлеуметтік белгілер пайдаланушының компьютерінде емес, белгі сайтында Интернетте сақталады. Әр түрлі компьютерлерде, мысалы үйде, жұмыста, ноутбукта, телефонда жұмыс істейтін пайдаланушыға пайдалы. Әлеуметтік белгілер операциялық жүйе қайта қондырылған жағдайда ыңғайлы. Сілтемелер пайдаланушының компьютерінде емес, клиент машинасының қатты дискісінде жазылғандықтан, ақпарат сақталады. Әлеуметтік белгілердің маңызды басымдылығы болып барлық белгілердің барлығы бірге жиналып, тізімін хаотикалык емес реттеу мүмкіндігі табылады. Әлеуметтік белгілерде ұнаған сайттарға санаттары бойынша сілтемені жүйелендіруге болады. Әлеуметтік деп аталуы, өз белгілерінен басқа басқа да пайдаланушылардың қызықты сілтемелерін көріп, өз белгілерімен таныстарымен бөлісуге болады.
Әлеуметтік медиа – қараңыз. Әлеуметтік желі.
Спам, спаминг/ spamming – Комментарийлердегі, жеке поштадағы, форумдағы және басқадай хабарламалардағы күмәнді сипаттағы беймаза жарнама. Пайдаланушылардың көбісіне, олардың сұратпаған ақпараттарын мәжбүрлеп жіберу.
Спам-бот – компьютерлік бағдарлама, оның мақсаты спамды автоматты түрде таратып жіберу болып табылады. Сайттарда деректерді енгізу үшін қорғанышсыз нысандарды іздейді және оларды өзінің мазмұнымен толықтырады.
Твиттер тізімдері – қараңыз. TwitterLists.
Сайттың бастапқы беті – сайт беті, оның көмегімен Сайттың басқа қалған веб-беттеріне қолжетімділік іске асырылуы мүмкін, сайттың мекенжайы бойынша Интернет желісіне орналастырылады.
Мәртебе (қалып, жағдай деген латын сөздерінен) – пайдаланушы болған немесе тұрған жағдай. Сыныптастарда мәртебесін қою үшін пайдаланушыға оның шынайы жағдайын көрсетуге мүмкіндік беретін 100 символмен шектелген нысан ұсынылады.
Қабырға – айналмалы хронологиялық ретте сұрыпталған уақытша маңыздылығы бар жеке және жалпы сипаттағы ашық жазбаларды жариялау тәсілі, яғни ақырғы жазба жоғарыда тұрады. ВКонтактіде әр пайдаланушы және әрбір топ қабырғаға ие.
Бақытты фермер – ВКонтактідегі әлеуметтік желінің жеңіл сюжетті, достармен ойнау мүмкіндігін беретін (көмектесу немесе олардың егінін ұрлау), ақысыз және ақылы функциялары бар аса әйгілі flash-ойыны. Миллиондаған қатысушы өз фермаларында астық өсіріп сатады және үй-жануарларын өсіреді.
Тwitter-клиенты – Твиттер сервисімен жұмысқа арналған бағдарлама.
ТАБУ / TABU (trafficarrangedbyusers) – пайдаланушыға шет алаңдарға сайт/блогтың төзімді элементтерін дербес қоюға мүмкіндік беретін аспаптар жиынтығы. Төзімді элементтерге жатқызуға болады: қайбір көрсеткіштің динамикасын көрсететін инфорөлшегіштер, (мысалы уақыт кезеңіндегі келушілердің саны), сайт-көздерінде өтуге болатын тестілер нәтижелері және т.б. Келушілерге осындай аспаптарды беретін сайт оған сілтемемен келген жаңа келушілерден қосымша трафик алады.
Таргетинг (ағылшын сөзі target – мақсат) – мақсатты аудиторияны дәл қамту, қолда бар барлық аудитория ішінен тапсырылған критерийлерді қанағаттандыратын тек қана сол бөлігін бөлуге мүмкіндік беретін жарнамалық механизм және тек соған ғана жарнаманы көрсету. Тақырыптық, мүдделік бойынша (контекстік жарнама), географиялық, көрсету уақыты бойынша (таңертең немесе кешке, жай күндері немесе демалыс күндері), әлеуметтік-демографиялық (жасы, жынысы, кірісі, лауазымы бойынша), іс-әрекеттік, психологиялық таргетинг және басқадай болып бөлінеді.
Тви – қараңыз. Twi.
Тви-аккаунт – Твиттер пайдаланушысы өзі туралы хабарлайтын мәліметтерден тұратын есептік тіркеу жазба. Жүйеге қосылу кезінде қажетті мәліметтерден тұрады – пайдаланушының аты (логин), паролі, пайдаланушы жөніндегі сауалнамалық деректер – аты, тегі, әкесінің аты, псевдонимі, жынысы, ұлты, керек-жарағы, фотографиясы және сайт мекенжайы.
Твит – қараңыз. Twit.
ТвитДеск – қараңыз. TweetDeck.
Твиттер – қараңыз. Twitter.
Твиттер-лента – пайдаланушы қарап отырған адамдардың барлығынан келетін жаңалықтар таспасы. Таспадағы жазудың уақытша маңыздылығы бар, олар кері хронологиялық ретпен сұрыпталған, яғни ақырғы жаңалық жазған адамның жаңалығы жоғарыда тұрады.
Твиттеряндықтар (твиттерліктер) – Твиттердің «былдырлағыш» микроблогеррлері.
Топик – форум тақырыбы. Мазмұны бойынша құрылған постылар.

Троян, трояндық бағдарлама – бөтеннің компьютеріне жойылған қолжетімділік беретін, ол жерде әртүрлі айлалы әрекеттер жүргізуге, құпия ақпаратты жіберуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Мұндай бағдарламалар троянский деп аталатын себебі, өйткені олар қағида бойынша басқа бір зиянсыз бағдарламаның ішінде болады.
Травиан, Travian, travian.ru – шартты антик уақытына іс-әрекеттегі шынайы мерзімдегі неміс браузерлік стратегия-ойны. Құрылыс, сауда, ауылдарды дамыту және төрт халықтың әскери іс-әрекеттері: римдіктер, галлдар, германдықтар және натарлар. Көптеген ойыншылар бір-бірімен бірлесіп әрекет етеді, альянсқа бірігеді, ресурстармен алмасады және өзара операцияларды жоспарлайды. Желі 50-ден астам тілде ақысыз қолжетімді, ал ақшамен SMS-толықтыру арқылы қосымша бонустар алуға болады.
Тракбак – басқа жариялаумен байланысты құлақтандыруға мүмкіндік беретін, араларында өзара байланысты белгілейтін техника. Әдеттегі пайдалану – блогтарда, онда постыда пайдаланылатын материалға сілтеме көрсетіледі. Тракбак бір постының оқырмандарының байланыста тұрған постының комментарийлері және мазмұнын қадағалауға мүмкіндік береді.
Уанет – Интернеттің украиндық сегменті. Украина аумағында орналасқан желілік ресурстарға нақты кіргізілген және Украинаға қарайтын шетел сайттарын Украин және орыс тілдеріндегі сайттар енгізеді. Термин жиі .ua. домендік аймақта орналасқан сайттарды көрсету үшін пайдаланылады. Сайттардың өзіне ғана қарамайды, сонымен қатар, оларды қолдау үшін пайдаланылатын техникалық құралдарға (серверлерге, арналарға және т.б.), сондай-ақ солармен қандай да болса байланысы бар адамдарға – сайттар мен пайдаланушыларды қолдайтын украиндық әкімгерлерге, компания қызметкерлеріне қарайды.
Универ.by – Беларусь Жоғары оқу орындарының студенттік әлеуметтік желісі. Студенттер, оқытушылар және ата-аналар. Абитуриенттер, түсуге дайындық және түсу сынақтарының бағдарламалары. Дәрістер, жатақханалар және асханалар. Мүдделер, мәселелер және мерекелер. Қатынасып тұру үшін форумдық платформа. Жеке сөз сөйлеу және ашық айтуға арналған Интернет-күнделіктер. Белорусь еліндегі және басқа да елдердегі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар.
Есептік жазба – пайдаланушы өзі туралы хабарлайтын мәліметтерден тұратын жазба. Синонимдер және сленгтік терминдер: профиль, профайл, бет, жиірірек – аккаунт және эккаунт, account деген ағылшын сөзінен – есептік жазба, жеке шот. Қараңыз. Аккаунт.
Фейсбук, Facebook, facebook.com – Гарвард студенттеріне арналған 2004 жылдың басында негізделген орыс тілді нобаймен ағылшын тілді әлеуметтік желі, және әртүрлі әлеуметтік топтар арасында әлемдік әйгілі. Ақысыз сервистер, достармен, курстастармен және әріптестермен қатынасу мүмкіндігі. Facebook-та шоу-бизнестің жұлдыздары және әлемдік деңгейдегі атақты адамдар бар. Facebook компаниясы акционерлерінің бірі - Microsoft.
Фишинг (ағылш. phishing, password — пароль және fishing — балық аулау, іліктіру) – парольды ұрлау. Интернет – алаяқтықтың түрі, оның мақсаты - пайдаланушылардың құпия деректеріне – логиндер мен парольдеріне қол жеткізу болып табылады. Фишингтің әдеттегі тәсілі – мысалы, Сыныптастар Бас сайтында, пайдаланушыны өз жеке деректерін және паролін енгізу мақсатымен, веб-беттің дәлме-дәл көшірмесін құру. Хатта жиі сырт жағынан нағыз сайттан айыруға болмайтын сайтқа тікелей сілтеме болады. Мұндай сайтқа түскен пайдаланушы арам пиғылды адамдарға оның аккаунтына шығатын ақпаратты хабарлауы мүмкін.
Фликр, Flickr, flickr.com – фотохостингті және бейнехостингті америкалық әлеуметтік желі. Алғашқы Web 2.0 сервистерінің және фотографияларды орналастыру және оларды талқылауға арналған топтар блоггерлері арасындағы ең әйгілі сайттардың бірі. Твиттерде «былдырлайды», Фликрде «шықылықтайды». Пайдаланушылыр бейнероликтерді орналастырады, альбомдар жасайды, өз фотографияларын сақтайды, оларды тегтермен белгілеп қояды және олар туралы жердің түкпір-түкпірінен пікірлерді біледі. Ақылы аккаунттар альбомдар және фотографиялар санына шектеу қоймайды..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет