Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері: Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын айқындайды, бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі пайдаланылса, онда оқушыларың танымдық қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы:бұл тақырып бойынша есептер қарастылды және олардың шығару үлгілері көрсетіліп, тиімділігі түсіндіріледі.
Мектептің математика пәнінің мазмұнының күннен-күнге күрделене түсуі, көлемінің өсуі және өзгеріске ұшырауы, оған бөлінетін уақыт мөлшерінің жылдан жылға кемуі мен пән мазмұнын оқушылардың аз уақыт ішінде шығармашылықпен қарқынды меңгерулерінің қажеттілігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Сондықтан математиканы оқыту процесінде шығармашылық тапсырмаларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда көкейкесті мәселе болып табылады.