Венаның құйылыстары
|
Қан жинайтын аумақтары.
|
Ішкі мойынтұрық венасы
v.jugularis interna
|
Бұл ірі вена. Сигма тәрізді қойнаудың жалғасы болып келеді. Бас қанқасының мойынтұрық тесігінің тұсында пайда болады. Төмен бағытталып, бұғана асты венасына қосылады.
Бұл венаның құйылыстары екіге бөлінеді: қанқаішілік және қаңқасыртылық құйылыстар.
Қаңқаішілік веналардағы қан мидың қатты қабығының қойнауларына құйылады.
|
Қаңқаішілік веналар:
Ми веналары
|
Үлкен ми
|
Менингиалдық веналар
|
Ми қабықтары
|
Диплоелық веналар
|
Бас қанқасырың сүйектері
|
Көз венасы
|
Көз алмасы, жас безі, қабақ, мұрын қуысы, көз шарасы, маңдай мен сыртқы мұрын.
|
Лабиринт веналары
|
Ішкі құлақ
|
Қаңқасыртылық веналар:
Бет венасы
|
Маңдай, мұрын, бет, ерін терісі. Шайнау, ымдау бұлшық еттері. Жұмсақ таңдай, таңдай бадамшалары. Ауыз, мұрын, жұтқыншақтың шырышты қабаты.
|
Төменгі жақасты венасы
|
Бастың терісі, құлақтың аумағы. Құлақ маңы безі. Шайнау бұлшық еттері. Мұрын қуысы. Тістер.
|
Жұтқыншақ веналары
|
Жұтқыншақ қабырғасы
|
Тіл венасы
|
Тіл, тіласты, жақасты сілекей бездері, ауыз қуысының бұлшық еттері.
|
Жоғарғы қалқанша веналары
|
Қалқанша безі, көмей, төс-бұғана-емізік бұлшық еті.
|
\
4 кесте - Мидың қатты қабығының қойнаулары
Қойнаулар – бұл мидың қатты қабығынан пайда болған веналық тамырлар. Олардың қабырғасы қатты болғандықтан, қабырғалары жабыспайды. Негізгі алты қойнау бар.
|
Жоғарғы сагиталды қойнау
|
Мидың қатты қабығының үлкен орақшасының жоғарғы жиегінде орналасады, көлденең қойнауға қанды құйяды
|
Төменгі сагиталды қойнау
|
Мидың қатты қабығының үлкен орақшысының төменгі жиегінің бойымен жүреді.Қанды тік қойнауға құйяды.
|
Тік қойнау
|
Мишық шатырының ортасында орналасады. Көлденең қойнаумен байланысады.
|
Үңгірлі қойнау
|
Сына тәрізді сүйектің «түрік ертоқымының» айналасында орналасады.
|
Колденең қойнау
|
Шүйде сүйегінің көлденең жүлгесінің бойымен, мишық шатырының артқы жиегінде орналасады. Қанды сигма тәрізді қойнауға құйяды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |