Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
1601111844
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы            

    Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы,  № 3 (128)/2019

96

Қорыта  айтар  болсақ,  тұрақты  тіркестер  –  бөлінбес  бөлшек  екен.  Бұл  қағидалар 



бойынша,  тұрақты  тіркестер  құрамындағы  сөздер  жеке-жеке  талданбайды,  жеке  сөздің 

мағынасы ажыратылмайды. Оның құрамындағы сөздер бөлек аударылмайды, яғни әр сөз 

жеке тұрып мағына бермейді, құрамындағы сөздер тіркесі тұтас мағына береді. Мысалы, 

ит арқасы қиянда, жауырды жаба тоқу, тіл тигізді, қас пен көздің арасында тағы сол 

сияқты.


Алайда  кейде  бұл  қағидаға  сәйкес  келмейтін  тұстар  да  болады.  Олай  болса 

бөлінбес  бөлшек  қағидасына  шек  келтіруге  болады  екен.  Яғни  «тұрақты  тіркестер 

құрамындағы  сөздерді  жеке  талдауға  болмайды»  деген  дәстүрлі  ұғымды  қатып  қалған 

қағидаға айналдыруға болмайды деген сөз. Өйткені кей фразеологизмдердің құрамындағы 

сөздердің  жеке  мағынасын  ашуға  тура  келетін  жағдайлар  да  болады.  Бұндай  талдау 

жасалмай кей тіркестердің дәл мағынасын ашып беру қиындық туғызады. Сол себепті кей 

фразеологизмдерді дұрыс түсіну үшін құрамындағы сөздерді талдау керек болады.

Зерттеу.  Фразеологизмдерді  тиімді  оқытудың  бір  жолы  –  оның  құрамындағы 

мағынасы  күңгірт  тартқан  сөздердің  мағынасын  ашу  және  түсіндіру  арқылы  оқыту. 

Өйткені  қалың  жұртшылық,  оның  ішінде  жастар  мен  студенттер  күнделікті  өмірде 

қолданылып жүрген мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестер құрамында бұл күнде аса көп 

қолданылмайтын,  мағынасы  күңгірт  тартқан  немесе  мүлдем  түсініксіз  сөздер  көптеп 

кездеседі. Оқушы тұрақты тіркесті жиі қолданып жүрсе де ондағы сөздерді дұрыс түсіне 

алмай дал болады. Кей кезде сол сөздерді түсінбегені үшін тұрақты тіркесті орынды жерінде 

қолдана  алмайды  немесе  мағынасы  күңгірт  тартқан  сөзді  оған  ұқсайтын  басқа  сөзбен 

алмастырып қояды. Оқытушы болса сол мағынасы күңгірт тартқан сөздердің мағынасын 

ашып бере алса, онда оқытылып жатқан фразеологизмдердің толық мағынасы ашылады. 

Осы негізге сүйене отырып, бұл жұмыста сөз төркінін білу арқылы фразеологизмдердің 

мағынасын түсіндірудің оңай жолдары көрсетілген.    

Мақал-мәтелдердегі сөздердің басым көпшілігі – бұл күнде қалың оқырманға әбден 

таныс  емес,  мән-мағынасы  түсініксіз  сөздер.  Сондықтан  оқушы  өзі  қолданып  жүрген 

мақалдың  дәл  мағынасын  білмеуі  де  мүмкін.  Сол  себепті  мақал-мәтелдерді  оқытқанда 

ішіндегі  сөздердің  мәнін  ашып  алу  қажет.  Мақал-мәтелдер,  фразеологизмдер,  дайын 

тілдік единицалар, бұлар өзгеріске ұшырамайды, ішіндегі сөздерді жеке-жеке аудармауға 

келмейді. Алайда бұлардың кейбіреулері бұл ескертуге бағынбайды. Фразеологизмдердің 

мағынасын толықтай түсіну үшін олардың құрамындағы  сөздердің мәнін білу керекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет