Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология


 Адам аласы ішінде, жылқы аласы сыртында



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
1601111844
2. Адам аласы ішінде, жылқы аласы сыртында [6, 538]. 

Рабиға Сыздықова бұл мақалдағы ала сөзін «ала түске» қатысты көрмей, ала түсінің 

ауыспалы мағынасымен байланысты көрген [7, 31].   

Ғалымдар  мақалдағы  ала  сөзін  «ала»  түсімен  байланыстырып  көргендері  үшін, 

мақалдың нақты мағынасын бере алмауда. 

Диуани  Лұғатит  Түрк  ескерткішінде  ала  сөзі  «адамның  ішіндегі  жасырын  нәрсе, 

сыр; адам ішіндегі жаман ойлар» деп түсіндірілген: 

Киши аласы ичтин, йылкы аласы таштын «Кісінің жаман ойы ішінде, жылқының 

сыры сыртында»(DLT 58/44) [5, 44]. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, жоғарыдағы 

қазақ мақалын да осылай аударып оқытқан дұрыс болар еді.

Қырғыз,  қарақалпақ  тілдерінде  бұл  мақал  қолданылуда  және  сөздіктерде 

төмендегідей түсіндірілген: 

Адам аласы ичинде, мал аласы тышында (қырғыз мақалы) «Адамның жаман мінезі 

ішінде, жылқының ішіндегісі сыртында» (KS 2011: 18).



  Мал  аласы  сыртында,  адам  аласы  ішінде  (қарақалпақ  мақалы)  «Мал  жануар 

жақтырмаса оны іс-қимылымен көрсетер, адам жақтырмаса ішінде ұстар» (КкРС 1958: 35). 

Сонымен,  қазіргі  кезде  жиі  айтылатын  сөз  болғанымен,  мақал-мәтелдер  мен 

фразеологизмдер құрамында беретін мағынасы бұл күнгіден басқаша келетін сөздер бар. 

Бұлардың  бірі  жоғарыдағы  Адам  аласы  ішінде,  жылқы  аласы  сыртында  мақалындағы 

ала сөзі «ала» түсті білдіретін сөз емес, «адамның ішіндегі жасырын дүниелер, ішіндегі 

қулық» мағынасындағы сөз екен. Оқытуда осы мәліметтерге сүйене отырып мақал-мәтелді 

түсіндіру,  оқушының  бұл  мақалды  тез  жаттап  алып,  дұрыс  түсініп  және  орынды  жерде 

пайдалануына мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет