Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
1601111844
4. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма [6, 88].  


    

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы            

    Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы,  № 3 (128)/2019

98

Халық арасында бұл мақал кең таралған. Алайда бұның дәл мағынасы туралы тартыс 



көп. Әркім әр түрлі болжайды. Мақалды тура мағынасында түсінетіндер баршалық. Жұмбақ 

деп те ұғатындар бар. Бұл астарлы бір мақал. Оқушыларға түсініксіз мақал болғандықтан 

оны тура мағынасында түсініп, «қыз қалай ауыр болуы мүмкін» деп ойланып қалуы мүмкін. 

Расында,  мақалды  түсіне  алмайтындай  жөн  бар.  Неге  десеңіз,  оның  құрамындағы  ауыр 

сөзінің мағынасы күңгірттеу. Ауыр сөзінің мағынасы ашылмағаннан мақалды дұрыс түсіне 

алмай жүрміз. 

Оқытушы  бұл  сөздің  ауыспалы  мағынасын  білетін  болса,  онда  мақалды  дұрыс 

түсіндіріп  бере  алады.  Сонымен,  ауыр  сөзінің  мәнін  ашар  болсақ,  бұл  «қымбат» 

мағынасындағы көне сөздердің бірі екен.

Білге қаған ескерткішінде ағыр «қымбат, бағалы» (BK.D.2; BK.G.15); көне ұйғыр 

жазба  ескерткіштер  тілінде  ағыр  «қымбат;  маңызды;  құрмет»;  ағыр-аяғ  қылу  «құрмет 

көрсету» [4, 20]; Диуани лұғатит түрк ескерткішінде ағыр «бағалы»  (DLT 38/25); aғырлығ 

“сыйлы”  (DLT  34/21)  [5,  21,  25];  Codex  сumanicus  ескерткішінде  ағыр  “сый,  құрмет” 

(CC.14b/6). 

Түрік тілінде ağır “бағалы, қымбат, құрметке ие”: ağır misafir «құрметті қонақ» (TS 

2011: 40); әзербайжан тілінде agır “өте қымбат” (АДИЛ I 1966: 47); сары ұйғырлар тілінде 



агыр “қымбат” [10, 11]; тува тілінде aaр [11, 38]; якутшада ыар (ЯРС 1972: 520). 

Сонымен, көне түркі тілі және қазіргі түркі тілдерінің материалдары негізінде ауыр 

сөзінің  ауыспалы  «қымбат,  бағалы,  құрметке  лайық»  мағыналарында  қолданылуының 

мүмкін екендігін көрдік. Түркі тілдері материалдары негізінде мағынасы түсініксіз болған 

сөздің мәнін аша алдық. 

Қыз  ауыр  ма,  тұз  ауыр  ма  мақалын  осы  тілдік  деректерге  сүйене  отырып,  “Қыз 

қымбат па, тұз қымбат па» деп түсіндіріп бере аламыз.

Қазақ тілі сөздіктерінде ауыр сөзінің «қымбат» мағынасы туралы сөз қозғалмаған, 

оның бұл мағынада жұмсалуы тек осы мақалдан байқалған.



“Ауыр”  мағынасындағы  сөздердің  ауыспалы  мағынаға  ие  болу  құбылысы  тілде 

бар.  Мәселен  күшті,  әйбат,  зор  сөздерінің  алғашқы  мағынасынан  «керемет,  тамаша» 

т.б. ауыспалы мағыналар туған. Тіпті, бұлардың алғашқы «ауыр» мағынасы ұмыт болған. 

Сонымен  қатар,  моңғол  тілінде  «ауыр»  мағынасындағы  күндү  сөзі  тува  және  алтай 

тілдерінде «құрметті, қымбатты» мағыналарына ие болуы бұған семантикалық дәлел бола 

алады. 


Рабиға  Сыздықова,  ауыр  сөзінің  ауыр  қол,  ауыр  жұрт  сияқты  сөз  тіркестерінде 

«көп» мәнінде жұмсалғанын байқаған болатын [7,  4].   

Енді  екінші  мәселеге  келер  болсақ,  неге  қыз  бен  тұз  қымбат?  Неге  бұлар  қатар 

қойылып айтылады?   

Ежелден қазақ жұртында қыз ең қымбат, ең асыл, ең ардақты жан болып, оны ерекше 

құрметтеп қастер тұтқан, төрден орын берген. Көне ескерткіштер тіліндегі қыз сөзінің өзі 

«қымбат»  мағынасында  жұмсалған.  Тұздың  да  қазақ  даласында  орны  бөлек  болған.  Ең 

қымбат қазына болып есептелген. Содан болу керек осы мәтелде қыз бен тұздың бағалы 

дүние болғаны айтылған. Оны аяққа таптатпай немесе таптамай, қастерлеп қадірлеу керек 

екені сөз етілген. Тұз бен қыз қатар қойылып айтылатын басқа да мақал-мәтелдер бар: 



1. Астың дәмін тұз келтірер

Ауылдың сәнін қыз келтірер [12, 72] 

2. Тұзды көп сақтама, су болады 

Қызды көп сақтама күң болады [12, 74]

3. Тұз десе түйеде тағат жоқ

Төркін десе қызда тағат жоқ [12, 89]

4. Түйе тұзға келер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет