Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
1601111844
7. Қолқа салды «Қимас, қымбатты затын қалады, сұрады» [2, 448]. 

8. Сөз тапқанға қолқа жоқ [12, 187]. 

Қалың көпшілік тарапынан жиі қолданылып, әлеуметтік желілерде көп талқыланған 

тақырыптардың бірі осы. Әркім әртүрлі талдау жасап, тіркестердің мәнін ашуға тырысып 

бағуда.  Алайда  талдаулардың  көбі  халық  этимологиясы  сипатына  ие.  Біз  болсақ,  бұл 

фразеологизмдердің мәнін ашу үшін көне және қазіргі түркі тілдері деректеріне жүгіндік. 

Көне  ұйғыр  жазба  ескерткіштерінде  «тілеу»  мәніндегі  қолу  етістігінен  туған 



қолтғучы  “тілекші,  өтініш  айтушы”  (EUTS  2011:  181)  туындысы  бар.  Қарахан  дәуірі 

ескерткіштерінен  Құтты  Білікте  қолтғу  (KB.4275)  сөзі  «тілек,  қалау»  мәніне  ие.  XIV 

ғасыр  Хорезм  ескерткіші  Муқаддиметүл-едеб  жазбасында  қолтқа  тұлғасына  өзгеріп, 

«тілек, өтініш, қалау» мағынасында жұмсалған (ME.151-6); сол дәуірдің Мүминүл мүрит 

жазбасында kolgu (MM.375/4) формасы бар. 

Қазіргі түркі тілдерінен қарайым тілінде қолтқа сөзі «дұға, бата, тілек» (KRPS 1974: 

369) сақталған.

 

Тіл  деректері  негізінде  жоғарыдағы  қолқа  салды  тұрақты  тіркесін  «өтініш-тілек 

білдірді» деп аударып бере аламыз. Оқушыларға фразеологиялық сөздіктегі қолқа салдының 

«қимас, қымбатты затын қалады, сұрады» түсіндірмесінен өтініш қылды, тілек-қалауын 

білдірді деп аударып түсіндірген жеңілірек болар деген ойдамыз.   

Ал Сөз тапқанға қолқа жоқ мақалын «сөз тапқанға тілек, өтініш жоқ» деп түсіндіріп 

бере аламыз. 

Сонымен, бұл жердегі қолқа сөзі «жүректен денеге қан тарататын ең ірі және басты 

тамыр; кеңірдек пен өкпенің түйіскен жері» және «жүк артқан түйенің тарту арқанының дәл 

төске келетін жеріне өткізіліп қоятын жең сияқты киіз» [3, 515] мағыналарындағы қолқа 

сөзіне қатысы жоқ. Түйеге салатын қолқа бір бөлек, адамға салар қолқа да бір бөлек. Яғни 

қолқа салдыдағы қолқаның түйеге артар қолқамен байланысы жоқ. Байланысы бар дегеннің 

өзінде  қолқа  салдының  қолқа  етті,  қолқа  қылды,  қолқа  айтты  [2,  446]  варианттарын 

қайда жібереміз. Қолқаның бәрі салына бермейді ғой, айтылады, қылынады (өтініш, тілек, 

қалау болғаны үшін). Әр көрген ақ қалпақты – атамыз емес, әр көрген ақ жаулықты – 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет