Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту
1601111844
    

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы            

    Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы,  № 3 (128)/2019

100


көмүс тіркесі болса «алтын» мағынасында.   

Ноғай  ауыз  әдебиетінің  жанры  «Қазақ  жырларында»  қызыл  алтын  тіркесі 

қолданылған: 

Бұлан қуған қазаққа

Алла берер қызыл алтын етеклеп. 

Қызыл алтын Алла берген қазаққа

Кімлер бермес еру қызын йетеклеп (TEA XXI 2002: 111). 

Алтынның  өзі  қызыл  түсті  болғанынан,  түсі  негізінде  зат  атауы  пайда  болды. 

Мысалы аттың түсіне байланысты атаулар тілде бар нәрсе: алаға міндім, керге міндім тағы 

сол сияқты. 



Қызыл  сөзінің  басқа  да  мақал-мәтелдерде  қолданылуы,  сөзімізге  семантикалық 

дәлел бола алады:



Қыздың көзі қызылда, әйелдің көзі әдеміде [6,  90].  

Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды [12, 4].

Ананың көңілі қызында, қызының көңілі қызылда [12, 4].

Ақшаның көзі қызыл [12, 4]. 

Осының бәрін жинақтай келе, Қыздың көзі қызылда мақалын «Қыздың көзі алтында» 

деп түсіндіріп бере аламыз. 

Сонымен, Қыздың көзі қызылда мақалы қате түсіндіріліп жүргендей құрамындағы 

сөздер  қате  түсіндірілсе,  мақалдың  мағынасы  да  жойылады.  Бұл  жерде  қызыл  «алтын» 

мағынасындағы сөз. Оның «алтын» мағынасы білінбегені үшін, мәтел қате түсіндірілуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет