Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы»



Дата17.06.2018
өлшемі24,09 Kb.
#42839
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

«Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы» ғылыми журналындағы мақалалар гуманитарлық және техникалық бағыттағы ғылыми зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды.

Мақала көлемі кестелерді, суреттерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және негізгі мәтін алдында жазылатын түйінді қосқанда 6-12 бет аралығында қабылданады. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 пт әрпімен, аралық 1 интервалмен, үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып теріледі. Бірінші бетке ӘОЖ (УДК) (әмбебап ондық жіктеме), ортасына қалыпты әріптермен автордың аты-жөні, оның астына мақаланың аты, төменіректе жай жақшаның ішінде жұмыс орындалған ұйымның аты мен қаласы жазылады.

Суреттер саны 5-тен аспауы керек (биология, физика-математика, химия салалары бойынша 10-нан аспауы керек) және иллюстрациялар (графиктер, схемалар, диаграммалар) компьютерде салынуы керек.

Барлық формулалар мен символдар (математикалық, физикалық, химиялық) Microsoft Equation және Microsoft Word редакторында теріліп, нөмірленіп, сілтемелер жасалады.

Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15] көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі төмендегіше мақаланың жазылған тілінде және латынша, не ағылшынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады:



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1987. -272 б.

2 Ататүрік айтқан екен // Егеменді Қазақстан. -1991. - 28 желтоқсан.

3 Маманова Л.Ж. Терминнің сөзжасам жүйесін зерттеу мәселелері // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. -2009. -№3. -27-35 б.



REFERENCES

1 Balaqaіev M.B. Qazaq adebi tili. – Almaty: Gylym, 1987. -272 b.

2 Atatuerik aitqan eken // Egemendi Qazaqstan. -1991. - 28 zheltoqsan.

3 Mamanova L.Zh. Terminnin soszhasam jueiesin zerttew maseleleri // L.N.Gumilev atyndagy EUU Khabarcysy. -2009. -№3. -27-35 b.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса 1 данада (қағазға басылған нұсқасы міндетті) және СD дискімен немесе флешкамен қабылданады:

– 2 пікір (ішкі және сыртқы);

– Аннотация үш тілде (5-6 сөйлем қазақша, орысша, ағылшынша), түйін сөздер 3 тілде (ключевые слова) және автордың аты-жөні мен мақаланың аты да 3 тілде жазылады;

– Жеке парақта автор жөнінде толық мәлімет көрсетіледі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы).

– төлемақы түбіртегі (университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына, қызметкерлеріне – 3 000 теңге, өзгелерге 4 000 теңге, университет есеп-шотына төленеді).

№1 (Гуманитарлық сала) – 15-қарашаға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қараша аралығы, шығу мерзімі – қаңтар;

№2 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-қаңтарға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қаңтар аралығы, шығу мерзімі – наурыз;

№3 (Гуманитарлық сала) – 15-наурызға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 наурыз аралығы, шығу мерзімі – мамыр;

№4 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-мамырға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 мамыр аралығы, шығу мерзімі – шілде;

№5 (Гуманитарлық сала) – 15-тамызға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 1-15 қыркүйек аралығы, шығу мерзімі – қазан;

№6 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-қазанға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қазан аралығы, шығу мерзімі – желтоқсан.

Редакциялық алқа тексергеннен кейін жөндеуге берілген мақаланың қабылданған мерзімі жөнделіп әкелген күн болып есептеледі. Мақала ғылыми, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан сауатты болуы керек. Редакциялық алқаның журналға жарамсыз деп қайтарған мақаласы үшін журнал қызметкерлері жауап бермейді. Редакциялық алқада қаралып жариялануға рұқсат берілмеген мақалаларға төленген төлемақы авторға қайтарылмайды.



Электрондық пошта: vestnik.enu@mail.ru. Байланыс телефоны: 8-(7172)70-95-42 сот 87054240490

Цеснабанк

КБЕ16

БИН 010140003594

Cчет КZ 91998 ВТВ 0000003104

БИК TSES KZ KA

010008 Астана, Қажымұқан көшесі, 13/1

Типография, 102 кабинет.

ПОЛОЖЕНИЕ

о рукописях, представляемых в «Хабаршы-Вестник Евразийского национального

университета им. Л.Н.Гумилева»

Представленные для опубликования материалы должны удовлетворять следующим требованиям:

1. Содержать результаты научных исследований по актуальным проблемам в области физики, математики, механики, информатики, социологии, медицины, химии, экологии, общественных наук и гуманитарных наук.

2. Размер статьи не должен превышать 12 страниц (от 6-ти страниц), включая таблицы, рисунки, аннотацию в начале статьи перед основным текстом через 1 интервал, 14 пт, список литературы, напечатанных в редакторе Word, шрифтом Times New Roman14 пт, с пробелом между строк 1 интервал, поля - верхнее и нижнее – 2 см, левое – 2 см, правое – 2 см.

К статье прилагается:

– УДК (универсальная десятичная классификация);

– рецензия (внешняя, внутренняя);

– к статье необходимо приложить аннотацию (не менее 3-4 предложений) на трех языках (на казахском, английском и на русском языках), ключевые слова, Ф.И.О. и название статьи на трех языках. Сведения об авторах (Ф.И.О., ученая степень, ученое звание, адрес, место работы, телефон, факс, e-mail). Далее посередине страницы обычными буквами инициалы и фамилии авторов, ниже также посередине - название статьи; затем посередине строчными буквами в круглых скобках - название организации (ий), в котором выполнена работа, и город. Статья принимается в распечатанном виде (обязательно 1 экземпляр), к нему прилагается электронный вариант на CD-диске или на флешке. Список литературы на языке статьи и транслитерация на латинском языке.

– математические формулы в тексте должны быть набраны как объект Microsoft Equation. Химические формулы и символы должны быть набраны при помощи инструментов Microsoft Word. Следует нумеровать лишь те формулы, на которые имеются ссылки.

– ссылки на литературные источники даются цифрами в прямых скобках по мере упоминания [1,15]. Список литературы оформляется следующим образом:



ЛИТЕРАТУРА

1 Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1987. -272 б.

2 Ататүрік айтқан екен // Егеменді Қазақстан. -1991. - 28 желтоқсан.

3 Маманова Л.Ж. Терминнің сөзжасам жүйесін зерттеу мәселелері // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. -2009. -№3. -27-35 б.



REFERENCES

1 Balaqaіev M.B. Qazaq adebi tili. – Almaty: Gylym, 1987. -272 b.

2 Atatuerik aitqan eken // Egemendi Qazaqstan. -1991. - 28 zheltoqsan.

3 Mamanova L.Zh. Terminnin soszhasam jueiesin zerttew maseleleri // L.N.Gumilev atyndagy EUU Khabarcysy. -2009. -№3. -27-35 b.

В случае переработки статьи по просьбе редакционной коллегии журнала датой поступления считается дата получения редакцией окончательного варианта.

Если статья отклонена, редакция сохраняет за собой право не вести дискуссию по мотивам отклонения. Деньги за необупликованные статьи не возвращаются. Оплата профессорско-преподавательскому коллективу ЕНУ три тысячи тенге, другим организациям четыре тысячи тенге.

№1 (Гуманитарный журнал) – до 15-ноября; редакция рассматривает до 16-30 ноября, выход с печати – январь;

№2 (Естественно-технический журнал) – до 15-января; редакция рассматривает до 16-30 января, выход – март;

№3 (Гуманитарный журнал) – до 15-марта; редакция рассматривает до 16-30 марта, выход – май;

№4 (Естественно-технический журнал) – до 15-мая; редакция рассматривает до 16-30 мая, выход – июль;

№5 (Гуманитарный журнал) – до 15-августа ; редакция рассматривает до 15-30 сентябрь, выход – октябрь;

№6 (Естественно-технический журнал) – до 15-октября; редакция рассматривает до 16-30 ноября, выход – декабрь.

vestnik.enu@mail.ru. тел.: 8-(7172)70-95-42 сот 87054240490

Цеснабанк



Цеснабанк

КБЕ16

БИН 010140003594



Cчет КZ 91998 ВТВ 0000003104

010008 г.Астана

ул. Кажымукана 13/1

Типография 102 каб.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет