Вестникказахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серии «инженерно-техническая» И«гуманитарно-педагогическая»



бет3/11
Дата08.06.2018
өлшемі9,3 Mb.
#41617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МТБ




Агросервис

]

б

у

ы

н




Нарықтық инфрақұрылым









II САЛА

Жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiрiсi



Тауарлар мен қызмет нарығы









Жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс нарығы







III САЛА

Шарап және консервi өнеркәсiбi



Шарап және консервi қосалқы өнiм нарығы









*Дерек көзі: Автордың зерттеуі бойынша құрастырылған

Сурет 1-Шарап және көкөніс консервiсi iшкi кешенiнiң құрылымы.

Көкөніс және жемiс-жижек iшкi кешенiнiң салалық құрылымын үш буыннан қалыптастырған жөн: I - қызмет көрсететiн ұйымдар; II – көкөніс және жемiс-жидек, өндiрiсi; III - шарап және консерiвi өнеркәсiбi.

Көкөніс және жемiс-жидек iшкi кешенiнiң бiрiншi буынына кiретiн қызмет көрсетушi ұйымдар машина-технологиялық бекеттер (МТБ) мен агросервис орталықтары және Көкөніс және жемiс-жижек өсiру мен шарап және консервi өндеу өнеркәсiбi шарап және консервi өнiмдiк iшкi кешенiнiң негiзiн құрайды.

Машина-технологиялық бекеттер жердi өңдеу, көкөніс және жемiс-жидек өсiру, оларды жинау техникасын бiлiктi мамандармен толық жасақтап, келiсiм-шарт негiзiнде көкөніс және жемiс-жижек өндiрiсiне техникалық және жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетедi, күрделi технологиялық жұмыстарды орындайды. Көкөніс және жемiс-жидек өндiрушi шаруашылықтарға техниканы пайдалануға бередi, лизингтiк жүйе арқылы оларға қажеттi техникалар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.

Агросервис орталықтары көкөніс және жемiс-жидек өндiрiсiн тұқым, минералды тыңайтқыштар, улы-химикаттар, тағы басқа топырақ құнарлылығын арттыруға, егiстi күтуге қажеттi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi [2,3,4].

Өндiрiстiк интеграциялық бiрiгу байланысы, шарап және консерiвi өнiмдiк iшкi кешенiнiң екiншi және үшiншi буындардың қызметтерiнен анық көрiнедi. Көкөніс және жемiс-жижек өндiретiн ауыл шаруашылық құрылымдары мен шарап және консервi өндеу зауыттарының арасындағы интеграциялық байланыс келiсiм-шарттар негiзiнде iс-жүзiне асырылады.

Көкөніс және жемiс-жидек бойынша орталықтан берiлетiн тапсырмадан бас тарту және шарап және көкөнiс-консервiсiн өңдеу зауыттарының өз күштерiмен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде, шикiзатты дайындау қызметiн iске асырады. Бұл көкөніс және жемiс-жидек өндiрiсiн, жоспарлауүрдісiн неқұрлым икемдi етуге мүмкiндiк бередi, себебi шарап және консервi өңдеу зауыты тиiмдi өңдей алатын көкөніс және жемiс-жидек көлемiне, ал көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн ауыл шаруашылық ұйымдары нақты ресурстармен қамтамасыз етiлген қажеттi сұраныс көлемiн қамтамасыз етуге келiсiм жасасады.

Тепе-теңдiк төмендегi жағдайлармен қамтамасыз етiледi: соңғы өнiм – дайын шарап және көкөнiс-консервiсiнiң көлемi республика деңгейiндегi сұраныспен анықталады, ал шикiзат – көкөніс және жемiс-жидек өндiрiсi кешенiнiң соңғы өнiмiн өндiру мақсатына және кешеннің өндірістік қуатының толық пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Олардың арасындағы келiсiм шарт – көкөніс және жемiс-жидек өндiрушi ауыл шаруашылық ұйымдармен шарап және консервi өңдеу зауыттарының өндiрiсiн жоспарлау және оны жүзеге асыру құралы болып саналады.

Шарап және консервi өндiру өнеркәсiбi көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн ұйымдардың экономикасына ең алдымен өнiмдi – шикiзатты тұтынушы ретiнде, көкөніс және жемiс-жидек нарығының сыйымдылығына тiкелей әсер етедi. Осы нарықты сақтау және ұлғайту көкөніс және жемiс-жидек өндiру тиiмдiлiгiн арттыру факторларының бiрi болып есептеледі.

Осының нәтижесiнде шарап және консервi өндiру өнеркәсiбi шикiзат өндiретiн көкөніс және жемiс-жидек өндiрiсi буынына қатысты алғанда, бақылаушы сала ретiнде көрiнедi және сұранымның төлем қабiлеттiлiк көрсеткiшi мен өзiнiң жеткiзушiсiне нақтылай әсер ету мүмкiндiгiне, бағаның көмегiмен шикiзат сапасын, жеткiзу көлемiн, олардың ырғақтылығы мен үздiксiздiгiн реттеуге ие болады. Шарап және консервi өнiмдiк iшкi кешенiнiң тиiмдiлiгiн арттырудағы шарап және консервi өңдеу зауыттарын байланыстыру қызметi – серiктестiктер арасында, соңғы өнiмдi өндiру бойынша ұзақ мерзiмдiк тiке байланыс орныққанда ғана, толығымен iске асырылады.

Көкөніс өнімінің өндірісі негізгі дақыл түрлері бойынша республикалық ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етті. Көкөніс дақылдарының егістік алқаптары 2012 жылдан кейінгі кезең ішінде 3,5 есе ұлғайып, 2015 жылы 180,6 мың га құрады, жалпы өнім көлемі 2,9 есе өсіп, 4168,8 мың тоннаны құрады.

2015 жылы картоп 168,2 мың га жерге егілген.Осы дақылдың жалпы өндіріс көлемін ұлғайту негізін оның әр гектардан қосымша алынған шығымдылығы құрайды.2015жылы картоптың өнімділігі176,6ц/га дейін жетті.Картоп өндірісі республика денгейінде бірте-бірте ұлгаюда.2013-2015жылдары картоптың орташа жылдық өндірісі өткен тиісті кезеңмен (2010-2012 жж.)салыстырганда 18,3%-ға ұлгайып, 2015 жылы3509,4 мың тоннаға дейін жеткізілді,ол 2010 жылғы денгейден 1,9 есе артты.

Кесте 1-Қазақстанда көкөніс және жеміс-жидектің өндірілген өнімі және оның шығымдылығының серпіні.



Дақылдар

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж.


2015 ж.


Жалпы өндірілген

өнім мың тн.

Көкөніс

Картоп


Жеміс-жидек

Жүзім


Шығымдылығы

1 га. егіннен, ц/га.

Көкөніс

Картоп


Жеміс-жидек

Жүзім


1857,0

2268,8


185,7

26,3


171,5

139,3


35,3

24,6


1938,3

2308,3


162,1

28,0


177,0

139,0


31,1

29,1


2168,8

2520,8


243,8

52,3


186,1

150,0


50,5

55,9


2054,6

2361,6


266,9

56,6


200,8

153,6


51,4

56,5


2196,4

2414,8


271,4

58,1


211,0

155,8


52,1

57,1


2218,6

2509,4


289,3

59,3


216,7

156,6


52,9

58,4


2000 жылдан бастап жеміс-жидек ағаштары егілген жер ауқымы 1,8 есе, жүзім ағаштары егілген жерлер 2,4 есе қысқарды, сәйкесінше жалпы өндірілген өнім көлемі де жеміс-жидектікі 1,2 есе, жүзімдікі 2,6 есе азайды. 2013-2015 жылдары жеміс-жидек өнімі мен жүзім өндірісі орташа есеппен 280 мың тоннаны құрады. Өткен үш жылдық мерзіммен салыстырғанда жеміс-жидекті ағаштар егілген жер ауқымы 15,1%, жүзім ағаштары егілген жерлер 14,9 % қысқарды. Осы кезең ішінде жеміс ағаштарының өнімділігі жоғары болған жоқ – 47,1 ц/га. Бұл егін ағаштарды күту технологиясы бұзылуынан, бау-бақшалар тозуынан және жаңа сұрыпты жеміс ағаштардың жоқтығынан болды.

Жүзім шаруашылығында өндірістің тұрақсыздануы байқалады. Алайда, 2013-2015 жылдары республикадағы қалыптасқан қолайлы табиғи-климаттық және экономикалық жағдайлар жоғары өнім алуға септігін тигізді. Бұл жылдары ішкі нарықта жүзімді таза дайын өнім түрінде де, қайта өңделген дайын өнім түрінде де тұтыну көлемі айтарлықтай ұлғайды. Осының барлығы жүзім өндірісі саласын қарқындату қажеттілігін білдіреді.

Қазақстан деңгейінде қайта қалыптастыру нәтижесінде жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары тарқап, жеміс-жидек және жүзім екпелері өнеркәсіптік деңгейден шаруа (фермер) қожалықтарына және тұрғындар шаруашылығының қолына өтті (бау-бақшалардың 64% және жүзім ағаштарының 16,5% тұрғындар шаруашылықтарында), ол шарап және көкөнiс-консервiсi үшін өнеркәсіптік шикізат аумақтары мен дайын өнім өндірісінің күйзелуіне әкеп соқты.

Шарап және көкөнiс-консервiсi өнiмдiк iшкi кешенiнiң нарықтық инфрақұрылымы қызметтерi негiзгi өндiрiстiк үрдістерге қызмет көрсетуге, көкөніс және жемiс-жидек кешенiнiң шаруашылық субьектiлерiнiң негiзгi және қосалқы өнiмдерiн өңдеуге және пайдалануға бағытталған әр түрлi ұйымдар мен кәсiпорындардың жиынтығынан тұрады.

Шарап және көкөнiс-консервiсi өнiмдiк iшкi кешенiнде нарықтық инфрақұрылым субьектiлерiнiң қызметi:

-шарап және көкөнiс өнiмдiк iшкi кешенiнiң өндiрiстiк үрдісiнiң тұрақтылығын және үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;

-көкөніс және жемiс-жидек өндiретiн шаруашылықтар мен өңдеушi ұйымдардың арасында жасалатын келiсiм-шарт түзу кезеңiндегi шығындарды, сонымен бiрге өнiмдердi тасымалдау және сату шығындарын қысқартуға мүмкiндiк туғызады.

Шарап және көкөнiс-консервiсi өндiрiстiк iшкi кешені қызмет көрсететiн ұйымдар, жемiс-жидек, жүзiм және көкөнiс өндiретiн шаруашылықтар мен шарап және көкөнiс-консервiсiн өңдеу зауыттары арасындағы өзара байланыстарды бірге шешетін шарап және көкөнiс-консервiсi кешенiнiң қалыптасуын, сонымен бірге мақсатты бағытта барлық интеграциялық бірлестікке қатысқан ұйымдар өзара есеп айырысуларды оңтайлы шеше отырып, болашақтағы даму негiзiн қалауы қажет.

Олар, қызметтерiн келiсiм-шарт негiзiнде iске асыра отырып, инфрақұрылымдағы қызмет көрсететiн ұйымдар өз табыстарын өндiрiстiң соңғы нәтижесi – шарап және көкөнiс-консервiсiнiң және қосалқы өнiмнiң сатылу құнынан үлес салмақпен алатын болғандықтан, шарап және көкөнiс-консервiсi өнiмдiк iшкi кешенiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң өндiрiлген өнiм көлемiн ұлғайтып, сапасын жақсартуға ынталануы артады.

2 кестеде республика бойынша 2011-2015 жылдардағы көкөніс-бақша, жеміс-жидек және жүзімнің өндірілген өнім көлемі талданған. Көкөніс, бақша және картоп өнімдері жылдан-жылға тұрақты қарқында өсуі байқалады, 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда көкөніс 43,4 пайызға, картоп 48,9 пайызға артық өндірілді. Ал, жеміс-жидек бойынша өндіріс көлемі 30,3% артса, жүзім өнімі 3,7% қысқырғаны байқалады.

Көкөніс, бақша және картоп өнімдерінің тұрақты қарқында өсуі, бұл дақылдардың зерттеліп жатқан жылдары әр гектардан алынған шығымдылығының өсуіне тікелей байланысты екендігі байқалады, 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда көкөніс шығымдылығы 41,4 пайызға, картоп 47,2 пайызға өсті. Жеміс-жидек әр гектардан 46,0% артық өндірілсе, жүзім екпелерінің шығымдылығының деңгейі соңғы жылдары 2,1% ғана өсті.

Кесте 2 - Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің жалпы көлемі және оның пайдалану серпіні, мың тн.



Көрсеткіштер



2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Ресурстар :

Жыл басында қоры

Өндіріс

Импорт


Жалпы ресурстар

Пайдалану:

Өндірістік тұтыну

Жоғалтулар

Экспорт

Жеке тұтыну

Жыл соңында қоры


1560,0

2726,3


80,8

4367,1


59,2

262,0


281,4

2261,1


1503,4

1503,4

2852,5


10,0

4365,9


83,6

262,0


150,7

2670,7


1198,8

1581,1

2910,2


12,8

4491,3


85,4

253,4


164,4

2970,6


1012,4

1610,1

2963,2


15,4

4573,3


88,8

216,5


176,5

2910,2


1181,3

1631,2

2989,5


11,0

4620,7


86,4

209,3


177,9

2836,7


1310,4

Соңғы бес жылдың статистикалық мәлеметі бойынша Қазақстанда өндірілген көкөніс және бақша дақылдарының ресурстық көлемі жылдан-жылға артып, өндіріс – 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 54,1% өсті, импорт 21,7 мың тоннадан 11,0 мың тоннаға азайды. Көкөніс және бақша дақылдарының пайдалану бойынша өндірістік тұтыну 71,4%-ға, экспорт 65,0%-ға жеке тутыну 1271,3 мың тоннадан 2836,7 мың тоннаға, яғни 2,2 есеге өсті. Жылдан-жылға көкөніс пен бақшаның экспортқа шығуы өсіп, осы өнімдер бойынша экспорттың көлемі импортқа қарағанда соңғы жылдары екі есеге өскені байқалады. Бұл сыртқы сауда тауар айналымында оң сауда тепе-теңдігінің қалыптасқанын және республикадағы көкөніс және бақша өндірушілері үшін қолайлы сыртқы сауда жағдайына жеткенін көрсетеді.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы жиынтық өнімінің көлемі 118,6 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылғы көлемге қарағанда 75,2% артық. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 22,8 млрд. теңге, немесе, 19,7%-ға, мал шаруашылығы өнімі – 28,1 млрд. теңге, немесе, 2,3 есеге көп өндірілді.

Қазақстанда көкөніс және бақша өнімінің 2015 жылғы жалпы ресустық көлеміне және оның пайдалануына талдау жасасақ, ресустың 64,7% жыл бойы өндірілген көкөніс пен бақша дақылдарының үлесінен, 35,0% алдынғы жылдан қалған қор есебінен, тек 0,3% ғана жақын және ұзақ шет елдерден алынып келген импорт өнімдерінен құралған болса, ал олардың пайдалануы негізінен 61,4% жеке тұтынушылар сұраныстарын қанағаттандыруға 28,4% әр жылғы орташа есеппен кейінгі жыл есебіне тұтыну қорына қалдырылды, сонымен бірге шет елдерге экспорттық өнім ретінде жалпы 2015 жылғы көкөніс пен бақша дақылдары ресурстарының 3,9% сатылды. Қазақстаның көкөніс және бақша өнімінің жалпы көлемін және оның пайдалануының серпінін жоғарыдағы кестеден байқасақ болады, яғни 2015 жылды 2013 жылмен салыстырғанда жалпы ресурстар 64,5%-ға, ал тұрғындардың жеке тұтынуы 2,2 есеге артқанын байқаймыз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет