Гастроэнтерит (көне грекше: γαστρός — «асқазан» и көне грекше: ἔντερον — «ішек»), немесе инфекциялық диарея — асқазан мен ащы ішектің қабынуы. Гастроэнтериттің жедел және созылмалы екі түрі болады. Егер тоқ ішектің қабынуы қосылса - гастроэнтероколит деп диагноз қойылады. Гастроэнтериттің негізгі себептері түрлі аурудан (тымау, өкпенің қабынуы, қызылша, сепсис аурулары т.б.) организмді уландыратын және ауруға шалдықтыратын вирустар мен микробтардың ішекке өтуінен, бұзыла бастаған тағам, шикі сүт, жуылмаған жеміс-жидектен және шамадан артық тамақтанудан болады.
Көбінеауруқоздырғыштары: ротавирус, норовирус, аденовирус және астровирус.
Жедел Гастроэнтерит шұғыл басталады. Оның бастапқы белгілері гастритке өте ұқсас. Бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, ерінге ұшық шығады, жүрек соғуы жиеленіп, науқас есінен танып қалуы да мүмкін. Сосын құсу, іш өту (диарея), ішектің түйіліп ауруы қосылады. Егер Гастроэнтериттің осы түрінен дұрыс емделмесе, созылмалы түрге айналып бауыр, бүйрек, қуық т.б. органдарды ауруға шалдықтырады.
Гастроэнтериттен сақтану үшін тамақтану тәртібін бұзбау, тазалық сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |