«Ветеринария» факультеті «Микробиология, вирусология және иммунология»



бет1/4
Дата15.12.2021
өлшемі22,83 Kb.
#100857
  1   2   3   4
Байланысты:
Марсінбай А. Эссе


«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Ветеринария» факультеті

«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы

Баяндама

Орындаған: Марсінбай А.

Тобы: ВС-316

Тексерген: Сарыбаева Д.

Алматы 2020ж.

Жоспары:

1.Тешен ауруының қоздырушылары

2. Шошқаның визикулярлы ауруының қоздырушылары

3.Шошқаның инфекциялық гастроэнтеритінің қоздырушысы



1.Тешен ауруының қоздырушылары

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруы, (Тешен ауруы, шошқаның полиомиолиті) - жүріс-тұрыстың бұзылуымен, аяқтарының жансыздануының өршуімен сипатталатын, вирустық ауру.

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруының қоздырушысы - құрамында рибонуклеин қышқылы бар, вирустың Picornavirdае тұқымды.
     Вирус ыстыққа біршама төзімді, көптеген дезинфекциялық заттарға төзімді және сыртқы ортада көпке дейін сақталады. Қатырылған күйінде ол бірнеше жылдарға дейін сақталады, ал тұздалған етте, қида және инфекцияланған бөлмелерде 6-8 аптаға дейін сақталады.

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына табиғи жағдайда тек қана сүт еметін және сүттен жаңа арылған торайлар бейім келеді.

Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру және вирусты сілекеймен, сорамен және зәрімен шығаратын аурудан жазылған вирустасымалдаушы шошқалар болып табылады. Вирусты бірін-біріне беретін факторларға - өлекселер, ауру және ауырған шошқалардың сойғаннан кейінгі өнімдері, инфекцияланған жем-шөп, су, төсеніш, күту құрал-саймандар, арнайы киімдер жатады.
     Ауру жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін, бірақ көбінесе көктем, күзгі мезгілдерде жиірек кездеседі. Жасырын кезеңі 7 күннен 35 күнге дейін болады. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы түрде өтеді, дене қызуының көтерілуі байқалмайды. Ауру жітіден жоғары, жітіден төмен және созылмалы түріде, дене қызуы көтерілмей өтеді. Созылмалы түрінен басқалары ауру салмен аяқталып, өлімі 30-90% болады. Аурудан жазылған шошқалардың көбі вирусты тасымалдаушы болады.

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына диагнозды эпизоотиялық мәліметтер, аурудың клиникалық белгілері, патологиялық анатомиялық өзгерістері және зертханалық зерттеулер нәтижелері арқылы қойылады.


     Диагноз қойғанда, Ауеске ауруының, шошқаның классикалық обасының, листериоздың, құтыру және уланудың жоқтығына көз жеткізу керек.

Зертханалық вирусологиялық зерттеулер жасау үшін, өлген немесе сал болған ауру шошқаларды әдейі өлтіріп олардың мишығының, сопақша мидының, жұлынның бір бөлегін (салмағы 5-10 грамм) алады. Ретроспективтік диагностикалауға (серологиялық зерттеу жасау үшін) таза пробиркалармен (5-10 миллилитр) ауру және ауырып болған шошқалардың қан сары суын жібереді. Сынамаларды зертханаға таза ыдысқа салып, мұз салынған термоспен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтап жібереді.

Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын зертханалық зерттеулер келесілерге негізделген: жіті өтетін кездерде - вирусты табу және оны бірдейлестіру; жітіден төмен немесе ауру жасырын өткен кезде - ретроспектік түрде арнайы антиденелердің деңгейін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет