«Ветеринариялық акушерлік және гинекология» пәнінен пәндік олимпиада сұрақтары
1.Ұрғашы малдың жыныс аппаратының ішкі бөлімін құрайтын органдар?
2.Қай малдың жыныстық мүшесінде S- тәрізді имек бар?
3.Бір қозу сатысынан екінші қозу сатысына дейінгі организмде рефлекторлы түрде тізбектеліп өтетін күрделі морфологиялық және физиологиялық өзгерістермен өтетін құбылыс қалай аталады?
4.Ен паренхимасындағы спермийлердің даму процесін қалай атайды?
5.Кеміргіштер мен приматтың плацентасын неге көшіп түсетін типке жатқызады?
6.Тік ішек арқылы тексергенде буаздықтың қандай белгілерін анықтайды?
7. Ұрғашы малдың жыныстық инстинкті қай кезде толық білінеді?
8. Шәуеттің бөлініп шығып ұрғашы малдың жыныс жолдарына түсуін қамтамасыз ететін рефлекстердің жиынтығын не дейді?
9. Төлдің аяқ-қолының, басының орналасуы?
10.Мынадай белгілер буаздықтың қай мезгілін білдіреді: Жатыр құрсақ қуысында, жатыр мойны жамбас қуысының аузында, жатыр бүлкілдеп сипағанда жаңғақ көлеміндей карункула білінеді, ортаншы жатыр артериясы дірілдеп соғады?
11. Төлдің дене осінің анасының дене осіне қатынасы қалай аталады?
12. Ұрғашы малдың жыныс аппаратының сыртқы бөліміне не жатады?
13. Жыныстық циклдің өтуіне қандай сыртқы факторлар әсер етеді?
14. Ұрғашы малдың жыныстық жетілуі деген не?
15. Эякуляция орталығы қозып, жатырдың жиырылып, вестибулярлық бездер секрет бөліп шығаратындай жүйке жүйесінің ерекше тітіркенуін қалай атайды?
16. Саулықтың артқы жатыр артериясы буаздықтың қай айында дірілдеп соға бастайды?
17. Қай жануардың қынабында күмбез жоқ, жатыр мойнының көлденең қатпарлары штопор тәрізді орналасқан?
18. Жылқыда шаруашылық жетілу мерзімі?
19. Малдарда жыныстық қатынас кезінде қай рефлекс алдымен көрінеді?
20. Мына белгілер буаздықтың неше айлығын көрсетеді: жатыр мойны жамбас қуысында, төл қолға білінеді, карункула тауық жұмыртқасындай, ортаншы жатыр артериясыекі жағынан да дірілдеп соғады?
21. Овуляция үдерісін қандай факторлар қалыптастырады?
22. Мынадай белгілер буаздықтың қай мезгілін көрсетеді: жатыр көлемі қарбыздай, былқылдап тұрады, кейде төл қолға білінеді, ортаншы жатыр артериясы жамбас қуысының алдыңғы жағына ығысқан?
23. Жыныстық мүшенің қынаптың ішіндегі қозғалысын қалай атайды?
24. Қай жануардың жыныс ернеулері қасаға сүйегінен төмен салбырап тұрады?
25. Ұрғашы малдың жыныстық жүйесіндегі морфологиялық және функционалдық өзгерістер нәтижесінде жыныс органдарынан шырыш бөліну процесін қалай атайды?
26. Жыныс ернеулерінен зәр шығатын тесікке дейінгі аралық қалай аталады?
27. Ұрғашы малдың еркек малға оң сексуалды реакциясы қалай аталады?
28. Сиыр, бие, саулық, ешкі мен мегежіннің плацентасы неге көшіп түспейтін плацентаға жатады?
29. Інгеннің желінінде неше емшек болады?
30 Қандай малдар моноциклді малдарға жатады?
31. Бұқа ұмасының ішіндегі температураны көрсетіңіз?
32. Буаздықты сырттай тексеру тәсілдері?
33. Түйенің буаздығының ұзақтығы?
34. Маусымды өтетін полициклді жыныстық циклдердің ерекшеліктерін көрсетіңіз?
35. Фолликулдің дамуының ақыры немен бітеді?
36. Ұрғашы малда асылу рефлексі қалай сипатталады?
37. Жыныстық циклдің қозу сатысы қалай сипатталады?
38. Төлді қоршап жататын ең ішкі қағанақ қабаты қалай аталады?
39. Төлдің қоректенуін қамтамасыз ететін, ана мен төлді байланыстырып тұратын орган?
40. Сперимогенез процессінің сатыларын ретімен атаңыз?
41. Жарамды жыныстық цикл деп қай кезде айтады?
42. Қай жануардың плацентасы ахориалді?
43. Сыртқы белгілеріне қарап мал буаз емес деп айтуға бола ма?
44. Сырттай тексергенде буаздықтың қандай ақиқат белгілерін табуға болады?
45. Қай малдың жатыр мойнының көлденең қатпарлары нашар білінеді?
46. Қай малда жыныстық акт ұзағырақ, шәуетінің көлемі үлкен, концентрациясы төмен, төзімділігі нашар?
47. Биенің шуы неше сағатта бөлініп түседі?
48. Зиготаның теліну түрлерін атаңыз?
49. Қай малдың карункуласының ортасы шұңқыр?
50. Бартолиний бездері қай жерде орналасқан?
51. Гонадотропты гормондарды атаңыз?
52. Гонодальді гармондарды атаңыз?
53. Денудация процесінің мәні ?
54. Фолликула атрезиясы дегеніміз не ?
55. Жыныстық циклдің соңғы феномені?
56. Эндометрияның секреторлық қызметі қандай гормонның әсерінен қалыптасады?
57. Гонодальді гормондар қай жерде түзіледі?
58. Қай малдың плацентасы байланысу сипатына қарай десмохориалды?
59. Қай малдың плацентасы орналасу сипатына қарай шашыраңқы плацента?
60. Шу түспей қалғанда қолданылатын консервативтік ем?
61. Төлдің сорылып сіңіп кетуін қалай атайды?
62. Түсіктің жасын ажырататын белгілер?
63. Қандай сары дене персистенттік сары дене деп аталады?
64. Бұл қай аурудың белгісі: ісінген қынаптың төменгі қабатында жолақ қанталаған жерлер бар, ауырсынады, ұзына бойына орналасқан абсцесстер бар, жиі зәр шығарып, күшенеді?
65. Төлді тез тартып алғанда неге жатыр айналып кетеді?
66. Мына белгілер қандай ауруға тән: мал күйзелісте, температура көтерілген, тыныс алу, тамыр соғуы жиі, тәбеті жоқ, сүт шықпайды, вульвит және колпит байқалады, жатыр тығыздалған, жиырылмайды, сарпайдан сасық қоңыр түсті экссудат ағып тұрады?
67. Эмбрионның даму барысындағы қатерлі кезеңдер?
68. Артымен келген төлдің төменгі позициясын қалай білеміз?
69. Аборт деген не?
70. Туу процессінің 3 - сатысының бұзылғанын көрсетеді?
71. Төлдің бұрыс орналасуы?
72. Мезгілсіз толғақты туу толғағынан қалай ажыратамыз?
73. Сиырдың туғаннан кейінгі салдануын емдеу?
74. Қарқынды толғақ кезінде не істеу керек?
75. Егіз төл болса үстіңгісін бірінші шығарады, ал сіз астыңғы төл туу жолдарына жақын жатса не істейсіз?
76. Шуды түсірудің консервативті әдістері деген не?
77. Төлдің эмфиземасының себебі?
78. Жатыр субинвалюциясын емдеудің негізгі принциптері?
79. Пиометра деген не?
80. Гидрометра мен пиометрада қолданылатын бірінші кезектегі әрекет?
81. Мезгілсіз толғаққа қандай көмек көрсетеді?
82. Не себептен кейде бұзаудың кіндік бауы құрсақ қуысында үзіліп кетеді?
83. Гангренозды-некрозды эндометриттің өзіне тән белгілері?
84. Жатыр субинволюциясында қандай көпіргіш дәрілер қолданылады?
85. Әлсіз толғаққа қандай көмек көрсетеді?
86. Төлдің мацерациясы дегеніміз не?
87. Фетотомия деген не?
88. Перинеотомия деген не?
89. Кесар операциясының мақсаты?
90. Сиырдың шуы неше сағатта бөлініп түседі?
91. Қой-ешкінің шуы неше сағатта бөлініп түседі?
92. Мегежіннің шуы неше сағатта бөлініп түседі?
93. Буаз малдың ісінуі дегеніміз не?
94. Буаз малдың жатып қалуы нені білдіреді
95. Қынап түсуінің клиникалық көрінуі?
96. Путрификация деген не?
97. Субинвалюцияны қалай түсінесіз?
98. :Туғаннан кейінгі сапремия деген не?
99. Туғаннан кейінгі эклампсия деген не?
100. Туғаннан кейінгі салдану деген не?
101. Сервис кезең деген не?
102. Параметрит дегеніміз не?
103. Персистентті сары денені жою үшін қандай препарат қолданылады?
104. Жатыр ішіне жиналған экссудатты сұйылту үшін қандай ерітінді қолданған тиімді?
105. Аборттар кезінде қандай шаралар қолданылады
106. Жатырды экстирпациялауды қалай түсінесіз?
107. Жатыр мойны, жатыр, жатыр түтігі, қынап кіреберісі, жыныс ернеулері, қынап және жұмыртқалықтың қабынуын осы ретімен атап өтіңіз?
108. Метриттер кезінде жатырға қандай көпіргіш дәрілер қолданылады?
109. Төлдің мумификациясы дегеніміз не?
110. Идиопатикалық аборт деген не?
111. Буаз малдың ісінуіне тән белгілер?
112. Аборттың ақыры?
113. Тууға көмектесетін операцияларды атаңыз?
114. Шүртекейдің қабынуы қалай аталады?
115. Толық емес аборт деген не?
116. Лапоротомия деген не?
117. :Гистеротомия деген не?
118. Гистероэктомия деген не?
119. Қандай патология кезінде желін ішіне ауа үрленеді?
120. Қандай сары дене персистентті сары дене деп саналады?
121. Бұл қай аурудың белгісі: ісінген қынаптың астыңғы қабатында жолақ қанталаған жерлер бар, ауырсынады, ұзына бойына орналасқан абсцестер бар, жиі зәр шығарып, күшенеді?
122. Метриттер кезінде қандай новокаиндік тосқауылдар қолданылады?
123. Пиометра деген не?
124. Гидрометра мен пиометрада қолданылатын бірінші кезектегі әрекет?
125. Фимоз деген не?
126. Нимфомания дегеніміз не?
127. Параметритті қалай түсінесіз
128. Гермофродитизм деген не?
129. :Инфантилизм деген не?
130. Еркек малдың импотенциясы дегенді қалай түсінеміз?
131. Күйлеу және Овуляция феномендері жоқ жыныстық цикл?
132. Овариоэктомия деген не?
133. :Алиментарлық бедеулік деген не?
134. Простатит деген не?
135. Қаншықтың кәріліктен болған бедеулігі қай кезде басталады?
136. Мегежіннің кәріліктен болған бедеулігі қай кезде басталады?
137. Саулықтың кәріліктен болған бедеулігі қай кезде басталады?
138. Сиырдың кәріліктен болған бедеулігі қай кезде басталады?
139. Биенің кәріліктен болған бедеулігі қай кезде басталады?
140. Гинекологияның міндеті, мақсаты?
141. Персистентті сары денеге қандай препарат қолданылады?
142. Еркек малдың туа біткен бедеулігі қалай аталады?
143. Қысыр қалды деп қандай малды айтады?
144. Ен бауыyның қабынуын атаңыз?
145. Жатыр түтігінің қабынуын атаңыз?
146. Вагиналдық зерттеу деген не?
147. Климактериялық кезең деген не?
148. Жыныстық қозу жиі қайталанып бірнеше күнге созылатын нейроэндокринді ауытқуды қалай атайды?
149. Вагинизм деген не?
150. Фримартинизм деген не?
151. Акушерлік ішкі зерттеулер неден тұрады?
152. Ен, ен қосалқысы мен баданалық бездің қабынуын ретімен атап шығыңыз?
153. Эпидидимит деген не?
154. Баланопостит деген не?
155. Фуникулит деген не?
156. Ұрғашы малдың жыныстық циклі күйлеу феноменісіз өтетін, түрі бұқа тәрізді, маскулинизация болатын патологиялық құбылыс қалай аталады?
157. Вирилдік синдромға сипаттама беріңіз?
158. Жатыр түтігі өткізгіштігінің бұзылуын анықтайтын әдіс?
159. Гидрометра деген не?
160. Миксометра деген не?
161. Жатыр мойны, жатыр, жатыр түтігі, қабынуын осы ретімен атап өтіңіз?
162. Қынап кіреберісі, жыныс ернеулері, қынап және жұмыртқалықтың қабынуын осы ретімен атап өтіңіз?
163. Эксплуатациялық бедеуліктің себептерін көрсетіңіз?
164. Анафродизия деген не, қашан байқалды ?
165. Қолдан жасалған бедеулік себептерін көрсетіңіз?
166. Баланопостит деген не?
167. Пневмовагина деген не??
168. Буаздықтан кейін қанша уақыт өткенде сиырды бедеу деп айтуға болады?
169. Күйлеу және овуляция феномендері жоқ жыныстық цикл қалай аталады ?
170. Қысыр қалу дегенді қалай түсінесіз?
171. Климаттық бедеуліктің себептері?
172. Метриттер кезінде жатыр ішініне қандай көпіргіш дәрілер қолданылады?
173. В.В. Мосин бойынша плевра үсті тосқауылын жасағанда инені енгізу орны?
174. Бедеулік деген не?
180. Андрология нені зерттейді?
181. С.Г. Исаев бойынша пресакралдік тосқауыл жасағанда инені енгізу орны?
182. Гинеколгиялық ауруларды анықтағанда жүргізілетін арнайы зерттеулер?
183. А.Д. Ноздрачев бойынша жүйкелердің жамбастық тарамдарын тосқауылдауда инені енгізу орны?
184. Төменгі сакралді-эпидуралді жансыздандыру үшін инені енгізу орны?
185. Бартолинит деген не?
186. Энуклеация деген не?
187. Гинекология нені эерттейді?
188. Катаральді - іріңді желінсауды абсцессті желінсаудан қалай ажыратады?
189. Желінсаумен ауырған сиырдың сүтінің түсі 5% димастин қосқанда қалай өзгереді?
200. Желінсаудың қай түрінде жоғарыдан төмен қарай массаж жасайды?
201. Қандай желінсауға төменнен жоғары қарай массаж жасайды?
202. Қанды сүтті геморрагиялық желінсаудан қалай ажыратамыз?
203. Жаңа туған төл ауруының негізгі себептері?
204. Емшек үрпісі тарылғанда қалай кеңітеді?
205. Желінсау деген не?
206. Лакторея дегенді қалай түсінесіз?
207. Агалактия деген не?
208. Гипогалактия деген не??
209. Сүт безін экстирпация жасау деген не?
210. Буждарды не үшін қолданады?
211. Желін флегмонасы деген не?
212. Сүт тастарына қандай ем қолданылады?
213. Ретенциялық күлдіреуіктер деген не?
214. Емшектер үсігенде қандай ем қолданылады?
215. Желінсау кезінде Д.Д Логвиновтың новокаиндік тосқауылын жасау үшін инені енгізу орны?
216. Желінсау кезінде И.И.Магданың новокаиндік тосқауылын жасау үшін инені енгізу орны?
217. Желінсау кезінде Башкировтың новокаиндік тосқауылын жасау үшін инені енгізу орны?
218. Сиырды сауар алдында Дермисан препаратын не үшін қолданады?
219. Серозды желінсауды катаралді желінсаудан қалай ажыратады?
220. Катаралді желінсаудың түрлері?
221. Фибринозды желінсауға тән белгілер?
223. Іріңді желінсаудың түрлері?
224. Тәнді желінсаулар деген не?
225. Желін патологиялары кезінде парафинді не үшін және қалай қолданады?
226. Қандай жұқпалы аурулар кезінде желінсаулар дамиды?
227. Желін индурациясы дегенміз не?
228. Желіннің гангренасы деген не?
229. Желінсаудың асқынуы?
230. Желін фурункулезі деген не?
231. Желін күйіктеріне қандай ем қолданылады?
232. Сүт бөлінбеген кезде қандай препарат қолданады?
233. Желін эрекциясы дегенді қалай түсінесіз?
234. Буаз сиырды тууға қанша күн қалғанда суалтады?
235. Желінсауға қарсы қолданылатын препараттарды көрсетіңіз?
236. Омфолит деген не?
237. Урахус фистуласы деген не?
238. Меконидің түспей қалуы деген не?
239. Кіндіктен қан ағу себептері?
240. Төлдің асфиксиясы деген не?
241. Төлдің асфиксиясы кезінде көмек көрсету?
242. Меконий түспей қалғанда көрсетілетін көмек?
243. Кіндіктен қан кеткенде көмек көрсету?
244. Урахус фистуласы кезінде көмек көрсету?
245. Төл бітеу (аналь тесігі жоқ) туғанда көмек көрсету?
246. Жаңа туған бұзаулардың сүт қабылдау кезеңінің ұзақтығы?
247. Кіндіктің ойық жарасы (язва) кезінде көмек көрсету?
248. Жасырын желінсауды анықтау үшін қандай лабораториялық әдістер қолданылады?
249. Мал азықтандырудағы кемшіліктердің салдарынан қалыптасқан агалатия және гипогалактия қалай аталады?
250. Буаз сиырды қаншасыншы айда суалтады?