1.5. Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері
1. Ауа райы – бір аумақта қысқа мерзім ішіндегі ауа жағдайы
2. Климат – белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы байқалатын ауа
райының жиынтығы
3. Макроклимат – үлкен географиялық аумақтық климаты
4. Микроклимат – шектеулі аумақтың климаты(мысалы, қора
климаты)
1.6. Ауа температурасының мал организміне әсері
-Температура сыртқы ортаның мал организміне зат және жылу алмасу процестеріне әсер ететін ең басты фактор (бұл заңдылық).
Температура организмнің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктеріне, физиологиялық процестерге, өсуіне, мінезіне әсер етіп, жануарлардың географиялық таралуын анықтайды.
Температураның мал организміне әсері химиялық процестермен (ферменттердің активтілігі) әр малдың өсу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Биохимиялық процестерді жүргізетін ферменттердің активтілігі тікелей температураға байланысты.
Температура ауытқуларын мал организмі жылу реттеу (өз дене қызуын тұрақты ұстау қабілеті) арқылы өз тіршілігін қалыпты сақтап отырады.
Зат алмасу мен жылу өнімдері аз, организм жүйелеріне күш түсірмейтін орта температурасы – қолайлы температура (5-20°С) деп аталады(жылу бейтараптық аймақ). Демек, мал азықты аз жұмсап өнімді ең көп беретін температура.
- Температураның жиі және күрт өзгерістері мал денсаулығына зиян(ыстық ұру немесе суық тию байқалады). Алайда белгілі мөлшерде оның ауытқуының организмге жақсы әсері дәлелденген.
Жылу алмасу түрлері
Жоғарғы температураның әсері
• Жоғары температураға малдың төзімділігі олардың шығу тегіне және белоктардың қасиетімен анықталады. Көптеген мал жоғарғы температураға төзімсіз(ең төзімді сиыр мен жылқы: 20-40°С).
• Малдың дене температурасы ауа температурасынан жоғары, сондықтан олардың ыстық өтуге қарсы бейімделу механизмдері бар. Мысалы, судың булануы (өкпеден), дене пошымын өзгертеді және т.с.с.
•Жоғарғы температура әсері (нормадан 30-35% асқан жағдайда):зат алмасу төмендейді; малдың азыққа зауқы қашады; асқазан-ішек жолдарының қызметі әлсірейді және т.б.
•Гипертермия (грек. hyper - жоғарғы, therme - жылу) - ауа температурасы жоғары болғанда, ауа ылғалдылығы көтерілгенде, ауа қозғалысы төмендегенде және т.б.
•Гипертермияны болдырмау жолдары: жылудың сыртқа шығуын қамтамасыз ету және жылу өндіруді азайту шараларын жасау.