Ветеринариялық гигиена және санитария пәНІ


Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері



бет3/5
Дата23.11.2022
өлшемі9,2 Mb.
#159440
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-лекВМ(1)
Баскетбол физра, оқылым дегеніміз, АКТ-Дәрістер

1.5. Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері

1.6. Ауа температурасының мал организміне әсері

  • -Температура сыртқы ортаның мал организміне зат және жылу алмасу процестеріне әсер ететін ең басты фактор (бұл заңдылық).
  • Температура организмнің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктеріне, физиологиялық процестерге, өсуіне, мінезіне әсер етіп, жануарлардың географиялық таралуын анықтайды.
  • Температураның мал организміне әсері химиялық процестермен (ферменттердің активтілігі) әр малдың өсу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Биохимиялық процестерді жүргізетін ферменттердің активтілігі тікелей температураға байланысты.
  • Температура ауытқуларын мал организмі жылу реттеу (өз дене қызуын тұрақты ұстау қабілеті) арқылы өз тіршілігін қалыпты сақтап отырады.
  • Зат алмасу мен жылу өнімдері аз, организм жүйелеріне күш түсірмейтін орта температурасы – қолайлы температура (5-20°С) деп аталады(жылу бейтараптық аймақ). Демек, мал азықты аз жұмсап өнімді ең көп беретін температура.
  • - Температураның жиі және күрт өзгерістері мал денсаулығына зиян(ыстық ұру немесе суық тию байқалады). Алайда белгілі мөлшерде оның ауытқуының организмге жақсы әсері дәлелденген.

Жылу алмасу түрлері

Жоғарғы температураның әсері

  • • Жоғары температураға малдың төзімділігі олардың шығу тегіне және белоктардың қасиетімен анықталады. Көптеген мал жоғарғы температураға төзімсіз(ең төзімді сиыр мен жылқы: 20-40°С).
  • • Малдың дене температурасы ауа температурасынан жоғары, сондықтан олардың ыстық өтуге қарсы бейімделу механизмдері бар. Мысалы, судың булануы (өкпеден), дене пошымын өзгертеді және т.с.с.
  • •Жоғарғы температура әсері (нормадан 30-35% асқан жағдайда):зат алмасу төмендейді; малдың азыққа зауқы қашады; асқазан-ішек жолдарының қызметі әлсірейді және т.б.
  • •Гипертермия (грек. hyper - жоғарғы, therme - жылу) - ауа температурасы жоғары болғанда, ауа ылғалдылығы көтерілгенде, ауа қозғалысы төмендегенде және т.б.
  • •Гипертермияны болдырмау жолдары: жылудың сыртқа шығуын қамтамасыз ету және жылу өндіруді азайту шараларын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет