Ветеринариялық гигиена және санитария пәНІ


Төменгі температураның әсері



бет4/5
Дата23.11.2022
өлшемі9,2 Mb.
#159440
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-лекВМ(1)
Баскетбол физра, оқылым дегеніміз, АКТ-Дәрістер

Төменгі температураның әсері

  • -Температура төмендегенде зат алмасу мен жылу өндіру артады, азықтың шығыны ұлғаяды, малдың өнімділігі төмендеп, ауруға шалдығады.
  • -Төменгі температура әсіресе жас төлдерге (оларда жылу реттеу механизмі жетілмегендіктен) қауіпті. Мұндай жағдайда зат алмасу бұзылады, ағзалардың функционалдық қабілеті төмендейді, организмнің қорғаныш күші кемиді, қан құрамы өзгереді және онда глюкоза азаяды, соңында суық тию байқалып, өлім-жітімге ұшырайды.
  • -Төменгі температураның аз уақыт әсер етуі және оның ауысып тұруы мал организмін жаттықтырып, шынықтырушы фактор болып саналады (Мысалы, таза ауаға шығару, жылытылмайтын немесе жартылай ашық қора-жайларда күтіп ұстау).
  • -Төменгі температура ұзақ уақыт әсер етсе(әрі мал нашар азықтылса) жылу тепе-теңдігі бұзылып, алғашқы кезде-жылу өндіру күшейеді, бұлшық еттің энергиялық қозғалысы жылдамдайды(діріл пайда болу), жылу реттеу тонусы белсенді күйге көшеді. Содан кейін, жылу реттеу процестері бұзылады, дене қызуы төмендеп, тоңазиды немесе гипотермия(гр.hypo-төмендеу, therme-жылу) яғни, суық тию басталады.
  • -Суық тиюдің алдын алу үшін малды температурасы қолайлы қора-жайларда күтіп-бағуды әрі дұрыс азықтандыруды қарастыру керек.

1.7. Ауа қозғалысы және оның мал денсаулығына әсері

  • Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді.
  • Қора-жайлардағы ауа қозғалысының нормалары: қыста төл үшін 0,02-0,03 м/с, сақа мал үшін - 0,2 м/с ұстау қарастырылған.
  • Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс) мына төмендегідей болуы керек: сиыр қорада - 7,2-9,5 мкал/(см2хС);бұзауханада - 6,6-8; ат қорада - 8,2-9,5; шошқа қорасында 6,5-8. Жас төлдерге арналған қораларда катаиндекс 4-5 мкал/(см2хС) төмен болуы керек.
  • Ауа массасының жылдамдығы мен күшінен басқа әр аймақта желдің бағыты анықталып отырады.
  • Жел бағыты үнемі өзгеріп тұратындықтан сол араға үнемі, яғни жиі соғатын жел өті (Роза ветров) анықталып, ескеріледі.
  • Жел мал организміне жанама да тікелей де әсер етеді. Бұл әсерлер сол кезде мал организмінде сақталған жылу алмасуды не күшейтеді немесе азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет