Ветеринариялық гигиена және санитария пәНІ



бет2/5
Дата23.11.2022
өлшемі9,2 Mb.
#159440
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-лекВМ(1)
Баскетбол физра, оқылым дегеніміз, АКТ-Дәрістер

Қоршаған орта

  • Қоршаған орта
  • Ауа, топырақ, су, азық, қора, мал
  • Биологиялық факторлар
  • Малдың өнімділігі мен денсаулығы
  • Резистенттілік. Бейімделу. Жерсіну

1.3. Зоогигиеналық нормативтер, ветеринариялық-санитариялық нормалар және ветеринариялық-санитариялық ережелер туралы түсінік

  • Жануарлар ауруларының алдын алу шарасын жүргізу ветеринариялық - гигеналық нормативтерге, ветеринариялық – санитариялық нормаларға және ветеринариялық – санитариялық ережелерге негізделген.
  • Ветеринариялық – гигиеналық нормативтер – ол қоршаған ортаның биологиялық, физикалық, химиялық факторларының минималды немесе сандық көрсеткіштердің жоғарғы шамасын сипаттайтын қажет немесе қауіпсіз деңгейін көрсетеді.
  • Ветеринариялық – санитариялық нормалар – арнайы нормативтік құжаттар түрінде ресми бекітілген ветеринариялық – гигиеналық нормативтер (қора жайдағы ауа алмасу нормасы, жарықтану нормасы, жануарлар алаңының нормас және т.б.).
  • Ветеринариялық – санитариялық ережелер – мал өсірумен, тасымалдаумен, сойыс малдарымен, олардың өнімдерін өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындарға және жеке тұлғаларға міндетті түрде орындалуы тиіс арнайы Үкімет органдары ресми түрде бекіткен ветеринариялық санитариялық нормалар мен талаптар жиынтығы.

1.4. Атмосфералық ауаның құрамы және қасиеттері

  • Атмосфера деп – жердің газды қабатын айтамыз. Ол бірнеше қабаттардан тұрады.
  • Синоптикалық фронт. Циклон және антициклон (анықтамаларын беру).
  • •Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштері өзгермелі келеді. Сондықтан, ауа үнемі қорғауды және санитариялық бақылауды қажет етеді.
  • •Ауаны гигиеналық бақылау кезінде мына көрсеткіштерді анықтайды:
  • 1) Физикалық қасиеттері (атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық және т.б.). Бұл көрсеткіштер метеорологиялық факторлар деп аталады;
  • 2) Химиялық құрамы (тұрақты компоненттер және басқа да газдар);
  • 3) Механикалық қоспалар (шаң, түнін, ыстың және б. );
  • 4) Биологиялық ластануы (микробтар және б.);
  • •Ауаның аталған қасиеттері мал организміне жан-жақты әсер етеді, алайда гигиенада әр қайсысының әсерін жекелей қарастыру қабылданған.
  • •Ауаның сипаттамасы алынған зерттеулердің нәтижелерін гигиеналық нормалармен салыстыру арқылы беріледі. Ауаның әсері негізінен малдың денсаулығы мен өнімділігінің өзгеруі бойынша есептеледі.
  • •Ауаның қасиеттері мен құрамын анықтау тәсілдерімен зертханалық және практикалық сабақтарды орындау барысында танысасыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет