ГИСТАЛИЗАТОТЕРАПИЯ. Гистолизаттар, немесе лизаттар дегеніміз сау малдардың тіндерінен оларды бөлшектеу, немесе еріту әдісімен алынған препараттар (һузіоз
- тін, Іузіз - еріту).
Мал тіндерін еріту әдістері:
табиғи, не қолдан жасалған қарын сөлімен;
қышқылдар, не негіздердің ертіндІлерімен;
ферменттердің қасиеттерін пайдалана отырып.
Негізін қалаган академик Михаил Павлович Тушнов (1879-1935). Организмде сырьқы секрециямен қатар ішкі секреция мен ішкі экскреция үнемі бөлініп отырады. Ішкі секрецияны гормондарды шығаратын бездер түзеді (асқазан сәлі, сілекей, жас т.б.). Ал ішкі экскреция әрбір торшага тэн құбылыс.
Әрбір ағзалардың, тіндердің өздеріне меншікті белоктары бар. Олардың өз басы организмге улы емес. Ал олардың бөлшектері, әсіресе жоғары молекулалылары өте улы болып келеді. Осы ерекшеліктері мен улылықтары зат алмасу процесімен қатарласа жүріп отырады. Неғұрлым ұсақ бөлшектерге бөлінген сайын олардың улылықтары азая береді. Ал амин қышқылдарында тіпті улылық қасиет жоқ деуге болады.
Жоғарғы молекулалы альбумоздар пептондар улы және әрқайсысының өз ерекшеліктері бар заттар.
М.П.Тушновтың гипотезасы бойынша табиғи, не қолдан жасалған жогарғы дәрежедегі агзалар мен тіндердің бөлшектерін парэнтеральды әдіспен организмге жібергенде аттас тіндерде функциональдық тітіркену пайда болады. Соның салдарынан тіндердің қызметтері не жақсаруы, не төмендеуі ықтимал. Осы мүмкіншілікті стимуль ретінде пайдаланып, малдан алынатын өнімді арттыруга болады-мыс.
Препарат алдымен жалпы организмге, содан кейін барып жеке агзаларға өз эсерін тигізеді.
Мысал ретінде оваролизат пен тестолизатты алуға болады. Оваролизат жұмыртқаның жетіліп, одан барып үрықтың тезірек пайда болуына әсер етеді. Ал тестолизат малдардың аталық жыныс бездерін қоздырады.
Гистолизаттың қүрамында екі фракцияны ажыратуга болады:
пластикалық; динамикалық.
Біріншіде амин қышқылдары организмде қүрылыс материалдары ретінде қолданылады. Ал екінші фракциясында жогаргы молекулалы белок белшектері - альбумоз, пептон, пептидтер организмге стимуль береді. Оның салдарынан жалпы организмнің жұмысының жақсаруы, не төмендеуі байқалады.
Гидролизаттар (гидролизин Л-103 және аминопептид-2) сарғыш келген мөлдір ертінді. Құрамында 4-5 % пептид және амин қышқылы бар. Ол ірі қара малдың қанының белогін қышқылмен немесе ферменттермең гидролиздеу арқылы дайындалады. Организмде зат алмасын белсендендіреді. Бұзаулардың, торайлардың іштері өтіп ауырғанда, олар өспей қалганда қолдануга болады. Гемолизат - фибриннен тазартылган қан мен жылқының асқазан сөлін ферментпен гидролиздеп жасалатын препарат. Төлдер тез өсуі үшін, ас қорыту жүйесінің ауруларына қарсы қолданылады (төлдердің диспепсиясы, асқазан мен ішекгердің қабынулары). Лактолизат - сүттен ірімшік жасағанда бөлінетін сары су. Оны жылқының асқазан сөлін фермент арқылы гидролиздеп те дайындауга болады. Құрамында сүт пен асқазан сөлінде болатын белсенді заттар - пептиндер, амин қышқылдары, лактозалар бар. Төлдердің жогарыда аталган ауруларында жиі қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |