ГАЛЬВАНИЗАЦИЯ - бір бағыттағы, күші өзгермейтін тұрақты тоқпен емдеу.
Негізгі фнзиологиялық өсерлері:
тоқтың терідегі және кілегей қабықтардағы нерв
рецепторларын тітіркендіруі;
электролиз процесі;
электрофорез құбылысы;
анафорез және катафорез күбылыстары;
электр тоғының жылулық әсері.
Тоқтың тітіркедіру күші тоқтың күшіне тура пропорционал, ал әсер ету уақытына кері пропорционал болыи келеді.
Организм күрделі электролит болғандықтан денемен тоқ жүргенде онда иондар қозғалысқа келіп нейтральды атом мен молекулалар түзеді, жаңа химиялық қосылыстар пайда болады.
Тоқтың организмге тигізетін әсері онда пайда болатын әртүрлі қосылыстардағы химиялық элементтердің валенттілігіне де байланысты. Мәселен, бір валентті металл иондары торша мембранасын ыдыратып, оның өткізгіштігін жоғарлатады. Ал екі валентті иондар керісінше торша мембранасын тығыздатқьш, оның қоздырғыштық қабілетін әлсіретеді.
. Гальвани тоғын Гальвани элементтері, аккумоляторлар, динамомашиналар және айнымалы тоқты фильтр мен кенотронды лампаларды қолданып түзету арқылы алады.
АГН-2 аппараты жиі қолданылады. Ондағы тоқтың күші 50 ша, толықсуы - 0,5 %, қуаты 20 вт - қа дейін, тоқ жөйлап көтеріледі.
Аппаратты іске қосу үшін электродтар, оның бауы және ылғалды төсеніштер қажет.
Электродтар өте жұмсақ қорғасыннан, қалайыдан, немесе станиолдан жасалады. Көлемі 50-800 шаршы см, қалыңдығы 0,21 мм, бүрыштары доғаланған, беті біркелкі жылтыр болады.
Электродтарды аппаратпен қосатын бауы өте жүмсақ, сырты қапталған, әр түсті сымнан түрады.
Су сіңіргіш төсеніш - қалыңдығы 0,5 см, қалтасы бар фланелден, немесе бумазейден жасалған материал. Оны 1-2 % хлорлы натрий, не күкірт қышқыл натрийлардың ыстық ертінділерімен ылғалдайды. Қолданылған төсенішті жақсылап жуып, кептіріп отырады. Оның маңызы:
терінің бетін ылғалдап, тоқтың жақсы жүруіне жағдай туғызады;
электролиз әсерінен болған зиянды заттарды өз бойына сіңіреді;
электродтардың малдың денесіне жақсы орналасуын қамтамасыз етеді. Гальвани тоғын емдік ретінде қолдану технологиясы:
белсенді және индиферентті электродтарды дұрыс орналастыру (ұзынынан, түзу көлдеиең, диагоналды көлденең;
белсенді электродтың көлеміне байланысты тоқтың дозасын анықтау;
электрод орналастыратын жерді дайындау (жүнін қырқу,қыру, жуу, жаралы жерін клеенкамен жабу, электродтардың арасын құрғақ ұстау);
электродтарды резина винтпен малдың денесіне бекіту.
Анодтың малды тыныштандырып, жайландыратынын; катодтың тітіркендіріп, сіңіру процесін жылдамдататынын ескеру керек.
Тоқтың дозасының ең жоғарғы мөлшері белсенді электродтың 1 шаршы см көлеміне 0,5 та. Малдәрігерлік тәжірибеде көбінесе 0,2-0,3 та қолданылады. Күніне 1 рет, 20-60 минуттан, созылмалы ауруларда 20-30 ретке дейін. Әрбір малдың сезімталдық қабілетін ескеру керек.
Созылмалығы қабыну процестерінде, сүт, қалқан бездерінің ауруларында; салдану, невралгия, бас қуыстарының ауруларында жақсы нәтиже береді.
Электр тоғына қатты реакция беретін малдарға, іріңді процестердің жедел түрлерінде, залалды ісіктерде қолдануға болмайды. Тіндер мен ағзаларда қайта орнына келмейтін жағдайларда қолданғаннан пайда жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |