«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған



бет40/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с.-х. животных. Под ред. А.М. Смирнова, П.Я. Конопелько и др. Ленинград, Колос, 1981 г.

2. Полный справочник внутренних болезней. Под.ред. Ю.Ю. Елисеева. – М., 2003 г. 3. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей. Т.К. Ливинова. –

Москва.: Аквариум, 2003г.

4.Внутренние незаразные болезни с.-х. животных. Учебник. - М.: Колос, 1985. Под

ред. И.Г.Шарабрина.

5.Внутренние незаразные болезни с.- х. животных. Учебник. - М.:

Агропромиздат, 1991 г. Под. ред. В.М.Данилевского.

6. Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных. Учебник. М.: Колос, 1983 г. Под. ред. А.Д. Белова.


  1. Внутренние незаразные болезни КРС. Учебник М.: Колос, 1984 г. Ионов П.С., Тарасов И.И.

  2. Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Агропромиздат. 1985 г. Кондрахин И.П., Курилов Н.В.

  3. Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Колос, 1979 г. Под.ред. П.С. Ионова.

  4. Лекарственные средства ветеринарии. Д.К.Червяков, П.Д.Евдокимов.

№10 дәріс сабағы.

Тақырып: Электр тоғымен емдеу. Электр тоғының биологиялық әсері: фарадизация, микротолқынмен емдеу, индуктотермия, дарсонвализация, ультражоғарғы жиілікті тоқпен емдеу, ультрадыбыспен емдеу, аэроионмен емдеу. Электр тоғымен емдеуде қолданылатын қорғаныс шаралары.

1. Д"Арсонваль тоғымен емдеу

2. Диатермия

3. Ультра жоғарғы жиіліктегі тоқпен емдеу (УЖЖ)

4. Ультра қысқа толқынды тоқпенемдеу

Д. Арсонваль тоғымен емдеу.

• өте жоғары жиіліктегі (200-300 кГц) және жоғарғы кернеулі (жүз мыңдаған вольт), күші әлсіз (ондықтың жүзден бір бөлігі) тоқпен организмге

әсер ету арқылы емдеу әдісі. Тоқ жүретін, оң заряд пен сол зарядқа қосылған, конденсатор тектес металды белгілі бір қашықтыққа жақындатқанда олардың арасында от үшқыны пайда болады. Осы үшқынның жиілігін белгілі бір мөлшерге жеткізуге болады. Ол үшін қазіргі кезде электронды лампалардың үлгісі қолданылады.

Малдәрігерлік тәжірибеде бұл әдіспен емдеу екі түрде жүргізіледі:


  • Тоқты ауырған жерге тікелей бағыттау арқылы емдеу,

  • Организмге жалпылай әсер ету арқылы емдеу.

Бірінші жағдайда вакуумды электродтар, ал екінші жағдайда соленоид үйшіктері қолданылады. Вакуумды электродтар шыныдан жасалған әртүрлі пішіндегі, ішіндегі ауа қысымы 0,Ь. 0,5 мм сынап бағанасына сәйкес сиретілген, бір жақ басында металл қосқышы бар, іші қуыс аспап. Электродты мал денесіне белгілі бір қашықтыққа жақындатқанда, конденсатор тектес жұмыстың әсерінен, онда от үшқыны пайда болады да (конденсатордың бір беті мал денесі болса, екінші беті ауасы сиретілген, иондалған заряды бар орта, ал диэлектриктің қызметін шыны қабырға атқарады), оның организмге тигізетін физиологиялық әсері іске асады:

  • нерв талшықтарының қоздырушы әсерін әлсіретеді;

  • ауырған жердің ауырсынғандығын басады;

  • терінің сезімталдығын төмендетіп, көбірек әсер еткенде оны жоғалтады (анестезия);

  • алғашқыда қан тамырларының өзегі тарылып, артынан кеңейеді. Қан айналысы жақсарып, үзаққа созылатын қызару (гиперемия) пайда болады. Зат алмасу процесі жақсарады;

  • от үшқындары ауаны иондайды, оттегінен озон түзіледі, ол организмдегі тотығу-тотықсыздану нроцесіне оң әсер етеді,




  • тоқтың жылулық әсері емдік нәтижесін күшейте түседі. Тоқты емдік ретінде қолдану технологиясы:

  • емдеуге қажетті электродты дұрыс таңдап алу;

  • мал денесіндегі электродпен әсер ететін жерді тазалау;

  • электродты денеге ең жақсы әсер ететін қашықтықта ұстау;

  • соленоид үйшігін қолданғанда малды оның тең ортасында ұстауға тырысу.

Көпке дейін жазылмайтын созылмалы жараларда, жергілікті есек жем, бөртпелерде, жүйке жүйесінің ауруларында, организмде зат алмасуы бұзылғанда, шаншу құбылысымен сипатталатын аурулардың кейбір түрлерінде қолдануға болады.

Залалды ісіктерде, геморрагиялық диатез ауруларында қолдануға болмайды.

Диатермия (индукциялық жылулықпен емдеу) организмнің ішкі тіндері мен ағзаларын жоғарғы жиіліктегі тоқ арқылы қыздыру.

Қолданылатын тоқтың жиілігі - 0,5-1 млн гц, күші - 3 а, кернеуі - 200-250 в.

Айнымалы тоқтың белгілі бір жиілікке дейін тіндер мен ағзаларды тітіркендіретін қасиеті бар. Себебі: төменгі жиіліктегі тоқ тіндер мен ағзалардың иондық, коллоидты конъюнктурасын бұлдіреді.

Ал жоғарғы жиіліктегі тоқ әсер еткенде организмдегі иондар мен басқа да зарядты бөлшектер бағытталған қозғалысқа келіп үлгермейді, олар тек бір орнында теңселісте болады. Сондықтан да тіндердің иондық конъюнктурасы бұзылмайды, тітіркену болмайды. Қозғалыстағы зарядтардың кинетикалық энергиясы көбейіп, жылу бөлініп шығады. Бөлініп шығатын энергия сырттан келмейді, ағзалар мен тіндердің өздері бөліп шығарады. Ол энергияның мөлшері Джоуль-Ленц заңына байланысты:

Әрбір тіндердің меншікті кедергісі әртүрлі болып келеді жәнеде мал тіндері біркелкі емес. Олай болса оларда бөлінетін қызу да әртүрлі болады.

Диатермия тоғының физиологиялық әсерлері:

- жылулық әсері. Эндогенді жылу тіндердің өз ішінде түзіледі. 20-30 минут аралығында ішкі ағзаларда температура 5-7 градусқа дейін көтеріледі. Онымен қоса дененің қызуы да көтерілуі мүмкін;


  • жоғарғы жиілікті тоқтың электр өрісінің әсері;

  • лимфа-қан тамырларының өзектері кеңейіп, тіндерде зат алмасу процесі жақсарады, организмдегі ферменттердің әсері дұрысталады. Ақ қан түйіршіктері көбейеді, фагоцитоз жақсарады;

  • Ауырсынғандықты басады, спазмаға қарсы күрес жақсарады;

- ас қорыту ағзаларының тазалануын жылдамдатады. Малдәрігерлік клиникада катодты қысқа толқынды

диатермия тоғы кеңінен қолданылады. Ондай тоқ жоғарғы қуатты, денеге біркелкі өсер етеді, қыздыру күші жоғары.

Тоқ УДЛ-350, ДКВ-1, ДКВ-2 аппаратары арқьшы алынады. Аппараттар жоғарғы жиіліктегі лампалы генератордан түрады. Электр козіне арнайы фильтр арқылы қосылады.

Процедураны жүргізу технологиясы:



  • электрод орналастыратын жерді дұрыстап дайындау (жүнін қырқып, қыру; сабынды спиртпен тазалау; белсенді электродтың төсенішін 10-20 % хлорлы натрий ертіндісімен ылғалдау; оларды малдың денесіне дүрыстап бекіту);

  • жергілікті жерді күйдіріп алмас үшін дене қуыстарын ватамен толтыру;

  • белсенді элетродтың келеміне сай дозасын анықтау (5-10 тА 1 шаршы см-ге);

- малдың процедураға сезімталдығын қадағалау.

Диатермия тогын жарақатты ретиқулит пен перикардитті аныктауга цолдану үшін келемі 500 шаршы см электродтарды месқарын мен жалбыршақ қарыншақтың, немесе тақия және жалбыршақ қарыншақтардың тұсына орналастырып, тоқ жібереді. Сау мал 1,5-3 а тоқ күшіне ешқандай реакция бермейді, ал ауру мал 0,2-1,5 а тоқ күшіне қатты реакция береді. Ауырсынып, тыпыршып, жата қалып тынышсызданады.

Диатермия тоғын емдік үшін қолдануға болатын жағдайлар:

бронхылардың, плевраның, окпелердің қабынулары;

шаншу құбылысымен сипатталатын аурулар;

ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары;

бүйрек аурулары; жүйке жүйесінің аурулары. Диатермияны қолдануға болмайтын жағдайлар:



  • жедел түрдегі іріңді процестерде;

  • залалды ісіктерде;

  • еріксіз қан ағу - геморрагиялық диатез ауруларында. Диатермия тоғын хирургия саласында кеңінен қолданады.

Онда тоқтың электродессикациялық (тіндерді қүрғату), электротомиялық (тіндерді кесу, бөлу) және электрокоагуляциялық (сүйелдерді кесу, жою, ыдырату) әсерлері пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет