Парафинмеи және озокеритпен емдеу.
Парафинмен емдеу - жылулықпен емдеудің бір түрі.
Парафин - мүнайдан алынатын, аморфты, жоғарғы молекулалы көміртегі қоспасы. Оның жеңіл балқитын (44-48 гр.) және ауыр балқитын (52-56 гр.) түрлері бар.
Парафиннің қасиеті өте жоғары жылу сиымдылығы мен өте нашар жылу өткізгіштігі. Оны 100 градусқа дейін қыздырып барып қолданады. Парафин қоятын жердің жүнін қырқып тазалайды, су тамшысы болмауын қадағалайды. Сылағаннан кейін сыртынан жылы қабатпен жауып қояды. Жағу (аппликация), марлі салфетка арқылы, ванна түрінде, парафин дәрісі ретінде қолданады. Қолданған уақытта температура 80 градустан 45 градусқа дейін төмендейді де, суыған сайын оның көлемі азайьш, теріні қүрыстырады (массаж) және қойылған жерде тер көп бөлініп шығады.
Созылмалы қабынуларда, жәй жазылатын жараларда, парезпаралич ауруларында, бұлшық ет, буын қабынуларында, жабық сынықтарда, сіңірлер тартылғанда, гинекологиялық ауруларда қолданылады.
ОЗОКЕРИТ - тау балауызы - мұнай иісті, қара-қошқыл қоймалжың зат. Балқу температурасы 52-86 градус С, жылу сиымдылығы парафиннен жоғары, жылу өткізгіштігі парафиннен төмен. Аздаған радиоактивтік қасиеті бар.
Қүрамында: церезин -68-85 %, парафин 3-7 %, минеральды майлар 40 %-ға дейін, механикалық қоспалар 1-33 %-ға дейін болады.
Емдеу негізінде оның қабынуға қарсы әсер ететін, сіңіруді жылдамдататын, ауырсынгандықты басатын қасиеттері жатыр. Сондай-ақ ұзақ уақыт белсенді қызару пайда болады да, жергілікті қан айналысы, тіндердің қоректенуі жақсарады; патологиялық сұйықтарды сіңіреді; ауырсынғандықты басады.
Озокеритті клеенкаға салып, ауырған жерге басады. Сыртынан жылулық қабатымен жабады. Парафинмен емдеуге болатын аурулардың бәрінде де қолдануға болады.
ПСАМОТЕРАПИЯ - қүммен емдеу, құм арқылы. организмге жылулықпен әсер ету. Көбінесе табиғи, күн көзіндегі қүм ваннасы пайдаланылады.
Шипалы балшықпен, шым тезекпен, саз балшықпен емдеуге болатын ауруларға қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |