«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Сумен емдеудің негізгі тәсілдері - түрлері



бет45/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Сумен емдеудің негізгі тәсілдері - түрлері.

Сумен емдеуді анықтап, дозасын белгілеу үшін үш нәрсеге көңіл бөлген жөн:

7. Судың тітіркендіргіш күшінің, механикалық

қысымының мөлшеріне;



  1. Әсер ететін уақытының үзактығына;

  2. Әсер ететін дененің көлеміне.

Мал дәрігерлік тәжірибеде бірнеше түрлі әдістер қолданылады:

" сумен жуу әдісі арнайы аспаптармен іске асады;



суды белгілі бір биіктіктен күю (желкеден, арқадан, Іш жаққа, аяқ жаққа);

  • суланған затты денеге (белгілі бір жерге) басу. тарту;

Ірі малдарға 10-20 литрге дейін, үсақ малдарға Эсмарх аспабы арқылы 3 литрге дейін сүйық жіберуге болады. Жіберілетін ертінділердің температурасы дене қызуындай болганы дұрыс.

сумен ыскылау арнайы щеткалармен, жекемен тағы сол сияқты заттармен іске асырылады;

" асқазан мен алдынғы қарыншақтарды әртүрлі зондтармен жуу ( жуу әдістері төжірибе сабақтарында көрсетіледі);

жатыр мен кынапты жуу акушерлік-гинекологиялық ауруларда қолданылады;



и компрестер кою (Фр, сошргеззе - кысылу). Компресс төрт қабаттан тұрады:

  • Сіңіргіш, сорғыш қабаты;

  • су өткізбейтін қабат (клеенка, салафан, парафин);

  • жылулықты ұстап тұратын қабат;

  • денеге бекіту-та Егу.

Бірінші үш қабат көлемі жағынан сыртқа қарай бірінен-бірі үлкен болуы керек. Малдың терісі мен компрестің бірінші қабатының тазалығын қадағалап отыру керек. Ол жерді алдынала спиртпен ылғалданған марлімен сүртіп, талық себеді. Компресс дұрыс қойылған жағдайда ол жерден сыртқа жылулықтың бөлінуі азайып, белсенді қызару пайда болады да, зат алмасу процесі жақсарады.

Компрестің түрлері:



  1. сумен қыздырушы компресс;

  2. спиртпен қыздырушы компресс;

  3. емдік компрестер;

  4. салқындатқыш компресс;

  5. ыстық компрестер.

Емдік компресте темендегідей ертінділерді қолдануға болады:

  1. 10-25% натрийдің бикарбонаты (сода);

  2. 40-50 % винна спирті;

  3. 5 %-ды ихтиолдың ертіндісі;

  4. 2-3 %-ды лизолдың ертіндісі;

  5. 4 %-ды бор қышқылының ертіндісі.

Компресті жіті қабынуларда, ауырсынғандықты басу, қабыну сұйықтарын сіңіру, тітіркенуді қоздыру, қабынудың шешуші кезеңін жылдамдату үшін қолданады.

Залалды ісіктерде, тері ауруларында (ылғалды экзема) қолдануға болмайды.

Жалпы және жергілікті ванналар. Мал дәрігерлік тәжірибеде емдеу ваннасы, түзды ванна ( 300 л суға 1-5 кг ас түзы қосылады), креолин ваннасы (100 л суға 2,5 кг тазаланған креолин қосады), лизол ваннасы (100 л суға 2 л лизо|і қосады), күкірт-натрий ваннасы, темекі ваннасы (50 л суға 7,5 кг темекі. салып қайнатады. Суыган ертіндіге 1 кг карбол қышқылы мен 1 кг натрий сілтісін қосып, көлемін 250 литрге жеткізеді), Гауффе ванналары қолданылады.

Жергілікті ванналар малдың аяғына, емшегіне қолданылады.

Душтар - жанбырлаткыштар денеге температуралық және механикалық әсер етеді. Сумен емдеудің ең бір пайдалы түрі болып есептеледі.

Душтардың суық (16-23 гр.), индиферентті (28-33 гр.), жылы (33-40 гр.).және ыстық (40 гр. жоғары) түрлері бар. Душтағы судың қысымына байланысты: төменгі қысымды (0,3-1 атм.), орташа қысымды (1,5-2 атм.) және жоғарғы қысымды (3-4 атм.) болып бөлінеді.

Душтардың жаңбырлатқыш, циркульды, шанышқылау, шаңды, жоғары бағытталған, жылулықты реттейтін түрлері бар. Сондай-ақ малдәрігерлік тәжірибеде Шарко (шапшып ағу), Шотланд (желпуші) душтары да қолданылады.


  • Малды шомылдыру денені сергітіп, тонусын жақсартады.

  • Вапоризация - бумен және оған әрі араластырып емдеу

  • Құрғақ жылулық және салқындату процедуралары. Ол үшін фендер (ылғалды экзема, үсік, жатыр аурулары, ісіктер) және элекр қыздырғыштары пайдаланылады,

Плевраның, өкпелердің, бұлшық еттердің, буындардың қабынуларында қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет