Сумен емдеу - әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану төсілі. Кей кезде бұл едіс механикалық жене химиялық тітіркендіру әдістерімен қабаттаса жүргізіледі.
Сумен емдеудің негізінде судың физикалық және химиялық қасиеттері жатыр:
су - тітіркендіргіш (температуралық фактордың есері);
су - еріткіш және температураны жеткізуші;
судың жылу сиымдылығы жоғары (I г затты 1 градусқа жылтуға кететіи жылудың мөлшері -грамм/каллория);
судың жылу өткізгіштігі жоғары (1 градустық температурада көлденең кесігінің көлемі 1 шаршы см заттан I секундта өтетін жылулық —каллория).
Сумен емдеудің жергілікті және жалпы процедуралары болады.
Сумен және жылулықпен емдеудің биологиялық негізі:
рефлекс арқылы жылулықты реттеу;
теріге әсері. Тері астына жиналған сары сулардың (эксудат, трансудат) және ісіктің таралуына үлкен әсер етедІ;
жүрек -қан тамырларына әсер етеді: суықты жүрек тұсына қолданғанда жүректің соғуы сиреп, күші үлғаяды; ал жылулық керісінше әсер етеді;
жүйке жүйесінің жұмысына әсері: аз уақыт әсер еткенде қоздырады, көбірек әсер еткенде, керісінше, әлсіретеді (жансыздандыру қасиеті осыған байланысты);
бұлшық еттерге әсері: аз уақыт әсер еткенде жирылуы күшейеді, көп есер еткенде өлсірейді. Невралгиялық шаншуларда ыстық пен суықтың осы әсері пайдаланылады.
қанның құрамына есері: қан элементтері мен гемоглобин көбейеді, жылулықтың әсерінен антителалар жақсы түзіледі де, ал суық оны өлсіретеді.
тыныс жолына әсері: суықтық аз уақыт есер еткенде дем алу ұзарады, дем шығару толығырақ болады. Жылулықпен үзақ әсер еткенде дем алыс үстіртін жөне жылдам болады;
зат алмасуына әсері: суық қалыпты жағдайда әсер еткенде организмде химиялық энергия түзілу процесі жылдамдайды, ал жылулык әлсіретеді. Газ алмасуы жақсарады.
тер шығару мен зәр шығаруға әсері: тер су ваннасында - 40 градуста, су буында одан жоғарырақта, жарықта 50-60 градуста, құрғақ ауада - 60-70 градуста жақсы шыгады. Бүдан жоғарғы температурада тер шығу азаяды.
Ыстық пен суықтың әсерінен зөр шығару уақытша молаяды.
Ыстық-суықты қолдануға болатын жағдайлар: Суықтықты:
әртүрлі қабынуларда (жедел іріңді түрінен басқа);
бұлшық еттің жирылуын қоздыру үшін;
зат алмасуын жақсарту үшін;
қан тамырларының өзегін тарылту үшін;
10. капиллярдан аққан қанды тоқтату үшін. Жылуды:
қабынудд түзілетін зиянды заттарды сіңіру үшін;
іріңцеген процестерді жылдамдату үшін;
жарақаттанған тіндердің жазылуын жылдамдату үшін;
тер шығару үшін;
бүйрек жұмысын реттеу үшін;
жергілікті қан мен лимфаның айналысын жылдамдату үшін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
Суықты - жедел іріңде, өлі тіндер пайда бола бастағанда, қан азайғанда.
Жылулықты - қатерлі ісіктерде, қан аққан кезде, аневризмдерде, жүректің орны толтырылмайтын жеткіліксіздігінде.
Сумен байланысты процедураларды кейбір тері жарақаттарында (ылғалды экзема, гангрена) қолдануға болмайды.
Мысықтар су процедурасына шыдамсыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |