Бактериоцидтік эсері:
микроорганизмдердің клеткаларыньщ белогінің құрылысын бұзады;
вирустар мен бактериофагтарды талқандайды;
микроорганизмдер сәуленің толқын ұзындығы 265 т/микронда өледі. Ал күн сәулесінің толқын ұзындығы
295 т/микрон. Олай болса оның бактериоцидтік өсері жетіңкіремейді. Ультракүлгін сәулесінің лампалары аркылы ауаны толық залалсыздандыруға болады. Ал суды залалсыздандыра алмаймыз.Себебі су ультракүлгін сәулесін өзіне сіңіріп алады.
Ультракүлгін сәулесі жараларды өлі тіндер мен микробтардан тазалайды, грануляциялық тіндерді тез жетілдіреді. Ең қолайлы дозасы 5 күннің ішінде жараларды жазады.
Сонымен қатар ультракүлгін сәулесінің организмге зиянды әсерлері де байқалады. Жүні жоқ, мүйізді қабаттары жұқа жерлерді үйдіреді. Малдардың кездерін қабындырады. Ондай қабыну 5-7 күнге дейін созылады. Бірақ кез торына өтпейді, сондықтан көру ироцесі бүзылмайды, біраз уақыт нашарлайды.
Жарық сәулесімен емдеуді бас, іш қуыстарыны, тыныс алу ағзаларының; зөр шығару, жүйке жүйелерінің қабынуларында; зат алмасуы бұзылғанда (мешел, ацетонемия, диа тез, сүйек дистрофиясы т.б.); организмде қан азайғанда (анемия); тері ауруларында (терінің қабынуы, есекжем, сыздауық, шиқан т.б.) жақсы нәтижемен қолдануға болады.
Ал толықтырылмайтын жүрек ақауларында, залалды ісіктерде, бауырдың жіті қабынуында, бас миға қан қүйылғанда, су толғанда, жылулық пен күн кезі өткенде, ауру процесс қалпына келмейтін жағдайларда қолдануға болмайды.
Ультракулгін сөулесініц дозасын анықтау негізіне сәуле әсер еткен жердің әритемасы алынады. Көрсеткіші әр.
1 әр = толқынының үзындығы 297 т/микрон, қуаты 1 вт болатын
ультракүлгін сәулесінің әритемдік ағымы.
Әритемдік ағымның денеге түскен тығыздығы әритемдік сәулелену деп аталады. Өлшемі әр/сағат/ шаршы метр; мәр/сағат/м2.
Сәуленің мал организміне тигізетін биологиялық өсерін 2 түрлі әдіспен анықтауға болады:
Биологиялық әдіс - Горбачевтің әдісі;
Физикалық әдіс - аппарат УДФ - 2, 4, 5. 1 биодоза 4 әритемдік дозаға тең.
Биодоза - Т : &2; Т - сәулемен әсер ету уақыты;
К. - сәуле көзі мен дене ара қашықтығының 0,5 метрмен есептегендегі қайталану саны.
Әритемдік сәулеленудің мөлшерін әритемдік сөулеленуді оның сәулелену уақытына көбейту арқылы да анықтауға болады. Оны әрметр- мен елшейді.
Ультракүлгін сәулесімен емдеу барысында малдәрігерлеріне кездесетін қиындықтар малдың жүні, олардын сезімталдығының әртүрлілігі, эпидермис қабатының қалыңдығы.
Мәселен, қырқылмаған қойға қырқылған қоймен салыстырғанда сәуленің дозасын 30 есе арттыру керек.
Малдарға сөуленің өсерін ақырындап бастап 5 күнде толық дозасына жеткізу керек. Ультракүлгін сәулесін инфрақызыл сәулесімен қатарынан қолданғанда нәтижесі жоғары.
Жарық сәулесімен емдеу ушін қолданылатын аппаратуралар:
Мининнің лампасы - қуаты 50-100 вт, ара қашықтығы 68 см, ұзақтығы 20-30 минут, күйіне 1 -2 рет.
Соллюкс лампасының үлкен (қуаты 500-1000 вт) және кіші (200-300 вт) түрлері бар.
жарық-жылу ваннасы - 100 вт-тан 20 лампа = 2 квт.
инфраруж лампасының да үлкен стационарлық ( 500-700 градус С) және кіші столдың үстіне қоюға болатын түрлерІ бар. Созылмалы ауруларда күніне 20-30 минуттан, ал жіті іріңді ауруларда 10-15 минуттан күніне екі рет қолдануға болады.
5. сынап-кварц лампалары - ПРК, АРК. Лампалардың құрылысы - ішінен ауасы шығарылып, аз қысыммен инертті газ аргон және 0,25 г сынап орналастырылған кварц шынысынан жасалған түтік. Оның сыртында металл пластинка бар.
Лампаны тоққа қосқанда аргон газының ионы арқылы ауасыз кеңістікте разряд пайда болады. Электр өрісінің әсерінен иондар белгілі бір жылдамдықпен қозғалып, газ атомдарымен соғылысуы арқылы жылу бөліп шығарады. Иондар сынапты атқылауы салдарынан сынап буға айналады да доға разряды пайда болады. Кварц шынысының ішіндегі қысым көтеріліп лампа жұмыс режіміне келеді. Бұл жерде конденсатордың жұмысы тәріздес құбылыс пайда болады. Конденсатордың сыртқы қабатының ролін металл пластинка, ішкі қабатының ролін - газы және электродтары бар кварц түтігінің іші, диэлектриктің ролін кварц шынысы атқарады. Осындай үлгіде жасалған лампалар 12-15 минутта жұмыс режіміне дайын болады. Лампалар ескіре бастағднда олардың қабырғаларында ақшылсарғыш дақтар пайда бола бастайды.
Жәй шынылардан ультракүлгін сәулесі өтпейді, сондықтан да кварц шынысы қолданылады.
Малдәрігерлік төжірибеде қолданылуға үсынылған, тоқ күші, кернеуі, қуаты әртүрлі лампалар бар.
№
|
лампа
|
тоқ күші
|
кернеуі
|
қуаты
|
№
|
|
|
|
|
1.
|
ПРК-2
|
3,75 а
|
120 в
|
375 вт
|
2.
|
ПРК - 4
|
3,75 а
|
70 в
|
220 вт
|
3.
|
ПРК-5
|
2,3 а
|
120 в
|
240 вт
|
4.
|
ПРК-7
|
8,05 а
|
135 в
|
1000 вт
|
Малдарды топтап емдеу үшін айналмалы лампа қолданылады.
Қуаттылығы 15-30 вт болатын БУВ-15, БУВ-30 қысқа толқынды бактериоцидтік, қуаттылығы 15 вт болатын үзын толқынды ЭУВ-15 әритемдік лампалар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |