79. Күзеннiң вирустық энтериті
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге
асырылатын, вирустық энтериттен профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
902. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) вирустық энтеритке қолайсыз аймақтан күзен шаруашылығына жем, төсенiш, көлік құралдарын әкелуге рұқсат берiлмейдi;
2) аурудан қолайсыз пунктерден күзендi күтетiн тұлғаларға ауруға қолайсыз шаруашылығы субъектiсiне баруға тыйым салынады.
Эпизоотикалық ошақтарда және вирустық энтеритке
қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
903. Күзеннiң вирустық энтеритi ауруына күдiк болған жағдайда (жемнен тартыну, iш өткенде нәжiстер әр түрлi-түстi болған кезде, нәжiстерде кiлегейлi түтiк тәрiздiлер байқалғанда және басқалар) шаруашылығы субъектiлерiнде жұмыс iстейтiн ветеринар маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжiсi бар кiлегейлi түтiктер немесе iшек кесiндiлерi) жiберуi тиiс.
904. Аурудың шыққаны туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринар инспекторына хабарлауы тиiс.
905. Барлық ауру және ауруға күдiктi деген күзендердi оқшау жерге бөлiп алады.
906. Аймаққа кiретiн жерде формалин немесе күйдiрiлген натрдық 2 % ерiтiндiсi бар дезинфекциялық кедергi қою керек.
907. Күзен өлген үйшiктi, торды, су, жем беретiн құралдарды 2 % формалин ерiтiндiсiмен сулы дезинфекция жүргiзiп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргiзедi. Күтушi персоналдың арнайы киiмдерi мен аяқ киiмдерiн булы формалин камерасында дезинфекциялайды.
908. Қи, төсенiш және жем қалдықтарын күн сайын жинап, биотермикалық әдiспен зарарсыздандыруға үйiп, дайындайды.
909. Тор астындағы топыраққа хлордың күштiлiгi 2 %-ды құрайтын 2 % ыстық улы натрий не формалин не хлорлы әк ерiтiндiсiн құяды.
910. Күзен ауруына күдiктi деген малды қарауға жеке персонал бөлiнедi; оларды басқа аурудан қолайлы шаруашылығы субъектiлерiндегi персоналмен қатынасуына жол бермейдi.
911. Диагноз зертханалық тәсiлмен расталғанда, шаруашылығы субъектiнi күзеннiң вирустық энтеритiнен қолайсыз деп жариялайды және мынадай шектеулер қойылады:
1) шаруашылығы iшiнде күзендердiң ауыстыруына тыйым салынады, сондай-ақ аңды қолға ұстап орындалатын iс-шараларды тоқтатады (өлшеу, бонитировка жасау);
2) қолайсыз шаруашылығы субъектiсі аумағына басқа персоналдың келуiне тыйым салынады, қолайсыз және қолайлы аң шаруашылықтары арасындағы байланысты тоқтатады;
3) шаруашылығы субъектiден күзендердi, сондай-ақ аңды күтуге қолданған құралдарды басқа жаққа шығаруға тыйым салынады;
4) қолайсыз шаруашылықта жұмыс iстейтiн персоналға аумаққа кiруге және одан шығуға тек қана, арнайы киiм мен аяқ киiмдерiн ауыстырғаннан кейiн рұқсат етiледi.
912. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсіге жем шөп, төсенiш, жабдық, мүлiк және малды күтетiн басқа құрал саймандарды аумақтың шекарасында орналасқан алмасу алаңы арқылы әкелiнедi, соңынан көлiк құралдарын арнайы дезинфекция жасайтын алаңдарда дезинфекциялайды.
913. Жабайы құстарды үркiту, кемiргiштер мен жәндiктердi жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аң өсiретiн фермаға ит, мысық және тағы да басқа жануарлардың кiрiп кетпеу шараларын қабылдайды.
914. Ауру және ауырып болған аңдарды жүнi өсiп болғаннан кейiн вирус алып жүрушi ретiнде деп сою.
915. Шаруашылығы субъектiдегi күзендердi вирустық энтеритiне қарсы вакциналайды.
916. Күн сайын аңдарды күтетiн құралдарды, сондай-ақ аптасына бiр рет олар тұратын тор мен үйшiктердi 2 % ыстық формалин ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.
917. Энтериттен өлген күзендердiң терiсiн алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлген қызметкерлер жүргiзедi.
918. Күнделiктi жұмыс аяқталғаннан кейiн өлекселердi, пайдаланған ағаш жаңқаларын және майлар күйдіріледi, ал қоралар, құрал-саймандар мен жабдықтар 2 % формалинмен немесе улы натрий ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
919. Шаруашылығы субъектiсiнен өлген күзендердiң терiлерiн зарарсыздандырылғаннан кейін әкетуге рұқсат етіледі.
920. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсiнен шектеудi соңғы өлiм тiркелгеннен күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердiң вирустық энтеритiнен сауыққаннан кейiн және қорытынды іс-шаралар өткiзiлгеннен соң алынады.
80. Қоянның миксоматозы
Қояндардың миксоматоз ауыруы анықталған кездегі
іс-шаралар
921. Қоянның миксамотоз ауруының белгілері шыққан жағдайда шаруашылықта (елді мекенде) қызмет көрсететін ветеринариялық маман осы жөнінде тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауы тиіс.
922. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық санитариялық инспекторы болған жағдаймен хабардар болғаннан кейiн, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенiн және ауруды болдырмаудың іс-шаралар жөнiнде нұсқау бередi.
923. Алынған патологиялық материалды қолма-қол ветеринариялық зертханаға жібереді.
924. Қоянның миксоматоз ауруының диагнозы анықталғаннан кейiн шаруашылығы субъектiсiне шектеу қойылады.
Қоянның миксоматоз ауруын жою жөнiндегі
iс-шаралар
925. Қолайсыз пунктте миксоматоз ауруын жою үшiн мынадай іс-шаралар атқарылады:
1) қоян шаруашылығы аумағынан кiре берiсте 3 % улы натрий ерiтiндiсi бар дезбарьер орналастырады, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшiн барлық шаралар қолданылады;
2) күнделiктi қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа жәндіктерді құрту үшiн дезинсекция жұмыстарын жүргiзедi;
3) қояндарды күтушi-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға қолайлы жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi ауыстырылып берiлiп отырады;
4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, жемшөпті және басқа заттарды тасымалдау тоқтатылады;
5) қызметшілердің киетiн жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi пароформалиндiк камерада залалсыздандырады.
926. Жануарларды сол тұрған жерiнде сояды. Сойған немесе өлген қоянның денесiн терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi. Қи, төсеніш, шөптің қалдығы, ыдыстар және құралдар өртеледі.
927. Сойылған қояндардың ұшасын қайнатқан соң пайдалануға жiбередi, iшкi ағзаларын күйдіреді немесе кәдеге жаратады.
928. Қоян терiсiн дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейiн және шектеу кезiнде қоян терiлерiн залалсыздандыруға жiбередi.
929. Қолайсыз пунктте барлық қалған аурудан қолайлы, клиникалық белгiлерi байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцина егіледi, ауруды таралмас үшiн барлық кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды атқарады. Әрбiр мал басына ветеринариялық бақылау күнделiктi жүргiзiледi.
930. Қояндардың миксоматоз ауруы бойынша қолайсыз пункттерден шектеу қорытынды іс-шаралардан кейін алынады.
81. Ет қоректiлердің токсокарозы және токсаскаридозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн профилактикалық
іс-шаралар
931. Инвазияның пайда болуы мен оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлерi, ветеринария мамандары, сондай-ақ мал иелерi қажет:
1) аңдарды жерден жоғары көтеріңкі торлы еденi бар торларда ұстауы;
2) торларды, ашық қораларды, вольерлерді және басқа да мал ұстайтын жерлердi жануарлардың экскременттерiнен және басқа да заттардан күн сайын тазарту және дезинфекция жүргiзу;
3) буаз саулықтарды отырғызар алдында торлардың темiр бөліктері мен едендерiн қыздыру шамымен зарарсыздандыру, олардың ағаш бөліктерін ыстық сумен шаю;
4) мерзімді түрде копроовоскопиялық зерттеулер жүргiзу (күшiктердi ай сайын, ересектерін - тоқсан сайын) және инвазияланған жануарлар анықталған кезде - дегельминтизация жүргiзу;
5) мамық жүнді аңдарға көкөністерді ағынды сумен мұқият шайғаннан кейiн азыққа беру;
6) алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз шикi етпен, iшкi органдармен мамық жүнді аңдар мен иттерді азықтандыруға жол бермеу;
7) аң фермаларының аумағына кезбе иттердi жiберуге жол бермеу;
8) шаруашылық аумағында және қораларда мерзiмдi түрде дератизация жүргiзу.
932. Аңдардың жоспарлы профилактикалық дегельминтизациясы маусым-шiлде айларында күшiктердi бөлгеннен кейiн, екiншi рет – желтоқсанда шағылыстырудың алдында жүзеге асырылады.
933. Токсокароз бен токсаскаридоздың профилактикасы үшiн күшiктер туғаннан кейiн 20-25 және 70-80 күннен кейін дегельминтизацияланады. Буаз ұрғашы иттер күшіктеуге дейiн бiр ай бұрын және күшіктегеннен кейiн бiр айдан соң дегельминтизацияланады. Күзеттiк және қызметтiк иттердi мерзiмдi түрде тексередi және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялайды.
934. Токсокарозды адамдар, негізінен балалар жұқтырады, сондықтан балалар ойнайтын жерлерде, аулаларда иттер мен мысықтарды серуендетуге, адамдар шомылатын өзендерді және басқа да суқоймаларда шомылдыруға қатаң тыйым салынады.
935. Қалаларда иттердi серуендетуге арнайы бөлiнген тормен қоршалған алаңдарда және волъерлерде рұқсат етіледі.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
936. Соңғы диагноз белгіленген кезде ветеринария маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің жетекшiсiмен және мал иелерiмен бірлесіп мынадай іс-шаралар кешенiн жүзеге асырады:
1) барлық ауру жануарларды оқшаулайды және жануарлардың экскремент жерлерiн дезинвазиялауды, дегельминтизациялауды жүргізеді;
2) серуендету аулаларын, ұстау орындарын мерзiмдi түрде механикалық тазалауды жүргiзедi.
937. Иттер мен мамық жүнді аңдарды емдеу үшiн, Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
82. Етқоректi жануарлардың обасы
Қолайсыз пункттегi ет қоректі жануарлардың
обасын жою жөнiндегi
iс-шаралар
938. Етқоректiлердiң оба ауруына диагноз қойылған кезде шаруашылығы субъектiлерiне карантин қойылады.
939. Етқоректiлердiң обасынан қолайсыз аң өсiретiн шаруашылықтарда (ит питомниктерiнде) мынадай жою іс-шаралары жүргiзiледi:
1) барлық ауырған және оба ауруына күдiктi жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргiзедi, ал қалған жануарларды (терiсi бағалы аңдар мен иттер) ережеге сәйкес вакцинамен егедi;
2) аң шаруашылықтарында және ит питомниктерiнде барлық күтушiлердi қосымша киiмдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киiмдерiмен қамтамасыз етедi;
3) күтушi персоналдың киiмдерi күнделiктi залалсыздандырылып тұрады;
4) әрбiр ауру жануар бөлiнiп оқшауланған сайын торлар, үйшiктер, тордың астындағы топырақ және жәшiктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделiктi дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекция жасау үшiн мынадай ерiтiндiлердiң бiреуi қолданылады: 2 % улы натрий, ағартылған хлорлы әк құрамында 2 % белсендi хлоры бар;
5) қиды арнаулы бөлiнген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшiн үш ай ішінде жауып тастайды.
940. Өлген аңдардың немесе мұқият сойылған жануарлардың терiсiн тек оқшаулағышта сыпырады. Обадан өлген аңның өлексесiн, ұшаларын және құнсыз терiлерiн жағып жiбередi.
941. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терiлердi 25-33 градуста температурада 3 тәулiк ішінде кептiредi және кейіннен 18-20 градус температурада он тәулiк ішінде ұстайды.
942. Қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ет қоректiлердiң оба ауруынан қолайсыз пункттен карантиндi алады.
83. Балықтардың анизакидозы
Балықтардың анизакидозын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
943. Балық шаруашылығымен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың аумағында және үй-жайларында жұмыс iстейтiн персоналдың анизакид личинкаларын жұқтырудың қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс. Балықтарды өңдеумен айналысатын адамдар жеке профилактика шараларын сақтауға, атап айтқанда, шикi балықтың туралған етiнің және басқа да балық жартылай фабрикаттарының дәмiн көруге жол бермеуге, қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыруға тиіс.
944. Анизакидозбен зақымданған ошақтардан түсетін барлық балықтар ветеринариялық құжаты болған кезде қабылдануы қажет, онда балық шартты түрде жарамды деп көрсетiлуге тиіс, өйткені онда шартты түрде жарамды балық сатылар алдында тиісті технологиялық өңдеуге ұшырайды.
945. Шикі балықты және оның қалдықтарын су айдындарына, қоқыс төгетiн жерлерге тастауға және үй жануарларын жемдеуге беруге рұқсат етілмейді.
946. Балықты өңдеу кезінде алынатын қалдықтар қайта өңдеу үшін жемдік балық ұнына жіберіледі, ал ұн-май қондырғылары болмаған жағдайда судың қайнауынан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
Балықтардың анизакидозын жою жөніндегі
іс-шаралар
947. Анизакидтердің тiршiлiкке қабілеттi личинкаларымен зақымданған балықтарды сатуға рұқсат етілмейді.
948. Балық өнiмдерiне зертханалық тексерулер жүргiзу кезінде және анизакидтердің тірі личинкалары анықталған кезде балық тоңазытып зарарсыздандыруға жіберіледі.
949. Зарарсыздандырылғаннан кейін балық қайтадан анизакидтердің тірі және тiршiлiкке қабілеттi личинкаларының бар-жоқтығын зертханалық тексеруге ұшырайды.
84. Тұқы балықтарының аэромонозы
Тұқы балықтарының аэромонозын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
950. Балықтардың аэромонозын сауықтыру мақсатында мыналар қажет:
1) балықтарды шаруашылыққа тек жұқпалы аурулардан қолайлы су айдындарынан тасымалдап әкелу;
2) тұқымдық материалды (осы жылғы, бiр жылдық, екi жылдық) жергiлiктi балықтардан арнайы жеке бөлiнген тоғандарға орналастыру;
3) аулау және көшiрiп отырғызу кезiнде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;
4) тоғандарда қатты өсiмдiктердiң көп өсуiне тосқауыл қою;
5) балық организмдерiнiң төзiмдiлiгiн арттыруға бағытталған кешендiк іс-шараларды өткізу (толыққанды азықтандыру, қолайлы зоогигиеналық жағдайлар);
6) тұрақты түрде тоқсанынан бір реттен кем емес, ал вегетациялық кезеңде аулау уақытысында балықтарға ихтиопатологиялық зерттеу жүргiзу қажет.
Қолайсыз пункттердегі ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
951. Тұқы аэромонозы пайда болған жағдайда қолайсыз балық өсiретiн шаруашылықтарға және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына карантин қойылады. Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз шаруашылықтарда мыналарға:
1) балықтарды шаруашылықтың басқа тоғандарына және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына ауыстырып салуға;
2) аэромонозға бейiмдi балықтардың әртүрлері мен әр жастағыларын араластырып салуға тыйым салынады.
952. Карантиндегi су айдындарынан әкетуге, сонымен қатар оларға балықтар мен гидробионттарды әкелуге, жекелеген жағдайларда ветеринариялық органдардың рұқсатымен карантиндегi шаруашылықтың қолайсыз тоғандарына байланысы болмаған шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды, оларды одан әрі карантинде міндетті түрде бір жыл ұстай отырып, басқа шаруашылыққа және су айдындарына әкетуге рұқсат етіледі.
953. Тiрi тауарлы балықтарды тiрi балық сақтайтын базалардағы орында ұстамай, сауда орындарына тек тiкелей әкетуге рұқсат берiледi. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды әкетуге пайдаланылған суды хлорлаудан өткiзгеннен кейiн жалпы дәліздік желіге төгiп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгiп, ыдысты тиiстi өңдеуден өткiзедi.
954. Балық өсiретiн шаруашылықтарда және балық шаруашылықтарының су айдындарында сауықтыру шарасын суды ағызып жiберу арқылы немесе кешендiк тәсiлдердi қолдану жолымен iске асырады.
955. Құйылма тоғаны бар шағын толық жүйелi балық шаруашылықтары, балық питомниктері немесе жекелеген тоғандар бiр жыл iшiнде бiр мезгiлде барлық ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк iс-шаралар жүргiзе отырып, суын ағызып жiберуге жатады. Бұл ретте:
1) күзде тоғандарды ағызып жiбередi, барлық тауарлы балықтар, аталық және жетiлген жас балықтар сауда жүйесi арқылы өткiзiледi, тұқымдық балықтар (шабақтар) мал жеміне жiберiледi;
2) келесі жылдың қыс, көктем және жаз айларында тоған арнасын, балық жинайтын орларды және су құрылыстарын қайнатылмаған iзбес (25-30 центнер/гектарына) немесе хлорлы (3-5 центнер/гектарына) iзбеспен зарарсыздандырады;
3) көктемге қарай зарарсыздандырған тоғандарға су құйып, оларға сау тұқымдық балықтарды жұқпалы аурудан қолайлы шаруашылықтардан әкелiп, балықтандырады.
956. Суды тек тасымалдап жеткiзетiн iрi толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылықтарда, суы ағызылмайтын немесе толық ағып кетпейтiн тоғандарда, сонымен қатар жабық табиғи су айдындарында кешендi әдiспен сауықтандыру жүргiзiледi.
957. Әдiстiң құрамына мыналар кіреді: ауру қоздырғышының көздерiн анықтау, қоздырғыштардың таралу жолдарын үзу, балықтардың табиғи төзiмдiлiгiн арттыру, аурудың таралуына тосқауыл қою және оларды бағып ұстауға бiр қалыпты жағдай туғызу.
958. Судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады.
959. Қолайсыз балық өсiрушi шаруашылықтарында аэромоноз ауыруынан жазылған және осы көрсетiлген ауруға едәуiр төзiмдiлiгi бар балықтардан аталық өндiргiш балықтар мен жас балықтардың топтарын қалыптастырады.
960. Аэромоноздың созылмалы ауруынан қолайсыз шаруашылықтарда, табиғи су айдындары мен су қоймаларында балықтардың ауруларына шалдықпайтын немесе едәуiр төзiмдi балықтарды: өсiмдiк улы (ақ амур және дөңмаңдай), шортан, өзектiк жайын және басқа түрлерi өсiрiлiп көбейтiледi.
961. Емдеу мақсатында Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлік препараттар қолданылады.
962. Балық өсiрушi шаруашылығынан балық аэромонозына қойылған карантиндi балықтар ауруының соңғы тiркелгенiнен бiр жыл өткеннен кейiн және өндiрiстiк тоғандардан алынған биологиялық сынамалардың жақсы нәтижелерi және жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенi өткiзiлгеннен кейiн алады.
85. Балықтардың жүзу жарғағының қабынуы
Су қоймаларын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
963. Суын ағызып жiберу кезінде кемiнде бiр жыл мерзімге барлық тоғандарды сусыз ұстайды. Ауланған балықтарды сауда орындарына сатуға жiбередi. Бүйiрi үлкейген балықтарды және судың бетiнде жүзген балықтарды пiсiрiлген күйiнде жануарларды жемдейді немесе оларды жояды. Суды ағызып жiберу әдісімен сауықтандырудың орындылығы тоғанның, сумен жабдықтау жүйесiнiң эпизоотиялық жағдайымен анықталады және тоғандардың тегiстiгi, ауданының көлемi, экономикалық мүмкiндiгi және басқа жағдайлар ескеріледi. Суы ағызылып жiберілген тоғандар орны дезинфекциялауға, құрғатуға, кейiннен ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғыза отырып, қатыруға ұшырайды.
964. Тоғандардың суын ағызып жiберу мүмкiн болмаған кезде су айдындарын кешендi әдiспен сауықтыру жүргiзіледi. Мұнда уылдырықты инкубациялау әдiсiмен алынған балықтарды өсiрiп, сау үйiр құрады немесе осы ауруға бейiм балықтарды бейiм емес немесе бейiмдiлiгi төмен балықтармен ауыстырады. Тоғандарға, аулау құралдарына және мүлiктерге зарарсыздандыру жүргiзедi.
965. Тоғандарда балықтарды кешендi әдiспен сауықтырғанда алдын ала емдеу жұмыстарын жүргiзедi.
966. Осы аурудан қолайсыз пункттердегi тоғандарды кешендi әдiс бойынша сауықтырғанда шектеу алынар алдында ветеринариялық қадағалаудың бақылауымен биологиялық сынаманы жүргiзедi. Тоғандарға жергiлiктi тұқы балықтарын (бiр жылға дейiнгi, бiр жылдық немесе бас көбейтетiн) осы аурудан, басқа да аурудан қолайлы шаруашылықтан әкелiнген балықтарды жiбередi. Балықтарды 15 градустан төмен емес температурада үш ай ішінде ұстайды және қолданылатын балық өсiрудiң тығыздығын анықтайды. Егер судың температурасы 15 градустан төмен болса, онда биосынаманың мерзiмiн ұзартады, онда орта тәулiктiк температура үш ай ішінде 15 градустан төмен болмауы тиіс. Осы аталған уақытта балық ауруының болмауы шектеудi алуға негiз болады.
967. Жүзу жарғағының ауруы толық тоқтағаннан, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-суландыру іс-шаралары жүргiзiлгеннен кейін бір жыл өткен соң кешендi кешендi әдiспен сауықтырғанда, терiс биосынама алынса, балық өсiрiлетiн шаруашылықтан шектеу алынады.
86. Балықтың дифиллоботриозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
968. Жануарлардың дифиллоботриозды жұқтыруының алдын алу мақсатында:
1) су айдындарын нәжiспен ластанудан қорғау;
2) қызмет көрсететiн персоналға гельминтологиялық тексеру жүргiзу;
3) санитариялық қызметпен бірлесіп, табиғи су айдындары мен су қоймаларындағы балықтарды тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
4) күзет иттерiне мерзiмдi түрде дегельминтизациялау жүргiзу қажет.
969. Су айдындарына, қоқыс тастайтын орындарға шикі балықты және оның қалдықтарын тастауға, ет қоректi және барлық қоректi жануарларға беруге тыйым салынады.
970. Дифиллоботриид личинкаларын жұқтыруға: шортан, нәлiм, алабұға, пеляд, ақсақа, хариус, көкшұбар, талма, кета, бахтах, ақ балық, кета, кумжа, таймень, арқан балық тұқымдасының кейбiр түрлерi және қорегі су шаяндары-циклоптар мен диаптомустар болып табылатын балықтың басқа да түрлерi тексерiледi.
Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз
аумақта өткiзілетін
iс-шаралар
971. Су айдынында дифиллоботриид личинкаларын жұқтырған балықтар анықталған кезде барлық балықтар ауру жұқтыру дәрежесiне қарамастан, шартты түрде жарамды деп саналады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тек қана тиісті өңделуден кейiн тамаққа пайдалануға жiберiледi.
972. Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізбей, мамық жүнді аңдар мен иттерді балықпен және балық өнiмдерiмен жемдеуге тыйым салынады.
973. Құрттардың плероцеркоидтарын жұқтыруға бейім қолайсыз тоғандардан ауланатын балықтардың барлық түрлеріне мiндеттi түрде ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттеу жүргізілуге тиіс.
974. Балықты өңдеген кезде алынатын қалдықтар азықтық балық ұнын жасау үшiн қайта өңделуге жiберiледi, ал май-ұн қондырғылары болмаған жағдайда су қайнағаннан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
975. Балық ауланған жерлерде шартты түрде жарамды балықтарды өңдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда оны аудан, облыс шеңберінде жақын орналасқан өңдеу орнына дейiн тасымалдауға рұқсат етіледі.
976. Шартты түрде жарамды балықты тамаққа пайдалануға тұздау, мұздату, қайнату, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу арқылы тиісті өңдеуден кейін оның түрiне байланысты рұқсат етіледі.
977. Жалпақ құрттың плероцеркоидтарымен қатты зақымдалған балық техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
87. Тұқы балықтың қызамығы
Қызамықтан қолайсыз пунктте өткізілетін іс-шаралар
(шектеу іс-шаралары мен карантиндi ұйымдастыру)
978. Тұқы балықтың қызамық ауруының шығуын және таралуын алдын алу мақсатында шаруашылықтардың және шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары жалпы сауықтыру, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру талаптарын қатаң орындауға міндетті.
979. Балықтардың қызамық ауруы анықталғанда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы балық өсiретiн шаруашылық субъектiлерiнiң иелерiмен бiрлесiп, қызамық жұқпасы ошағына кiретiн көлшiктерді немесе су қоймаларын тексередi.
980. Тексерудің нәтижелерi актімен ресімделеді.
981. Аурудан қолайсыз пунктке карантин қойылады.
982. Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз пунктерде мыналарға:
1) балықтарды карантиндегi су айдындарынан шығаруға, сондай-ақ карантиндегi көлдерге балықтарды әкелуге;
2) ауырған немесе ауру жұғуға күдiктi балықтарды қолайлы шаруашылықтардың тоғандарына және бір тоғаннан басқа тоғанға ауыстыруға;
3) қызамыққа бейiм балықтардың әртүрлерi мен әр жастағыларын суларда араластыруға;
4) балық өсiретiн тоғандарға тыңайтқыш мақсатында қи төгуге;
5) балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне бөгде тұлғаның баруына;
6) балық өсiру мүлiктерiн, аулау құралдарын және басқа заттарды бiр балық шаруашылығы тоғанынан басқасына әкетуге және әкелуге тыйым салынады.
983. Карантиндегi шаруашылық субъектілерінде балық ауруларын жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) қолайсыз пункттерде жұмысқа арналған арнайы бөлiнген аулау құралдары мен мүлiктер болуы тиіс. Оларды басқа түске бояйды және жеке сақтайды. Карантиндегi тоғандарға қызмет көрсету үшiн тұрақты жұмысшылар бекiтiледi;
2) тұқы балық-үйрек аралас шаруашылық субъектілерінде үйректердi оқшау балық кәсiпшiлiгiне маңызы жоқ және басқа балық өсiретiн көлдермен, табиғи сулармен қатысы жоқ тоғандарға тастайды. Тұқымға және өсiруге арналған үйректердi басқа балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне немесе балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар тоғандарға шығаруға тыйым салынады;
3) қырылған балықтардың өлекселерiн ұстап алып, тоғаннан алыста алдын ала хлор ерiтiндiсiмен немесе сөндiрiлмеген әкпен зарарсыздандырылғаннан кейiн кемiнде 1,5 метр тереңдiкке көмедi;
4) ауланған тiрi ауру балықтар (жаралары бар, қабыршақтары тiкiрейген, қабықтары қабатталған, денесi және құрсағы суға толған) техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi;
5) судың қатты ағысын және аэрация жолымен оттегiмен байыту іс-шараларын қамтамасыз етедi;
6) судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады;
7) шағын толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылығы субъектілері, жеке тоғандар және әсiресе балық питомниктерiнде суын толық ағызып жiберу және барлық балық өсiру-мелиоративтiк және сауықтандырудың кешендiк іс-шараларын жүргiзу жолымен кептiреді;
8) су айдынында жұмыс iстейтiн персоналдың аяқ киiмдерiн және киiмдерiн, аулау құралдарын, мүлiктерiн, жабдықтарын міндетті зарарсыздандыруды ұйымдастырады.
Қызамықтан қолайсыз пунктте сауықтандыру
бойынша өткізілетін
іс-шаралар
984. Судың қамтамасыз етiлуiне байланысты суын босатпайтын немесе суын толық босатпайтын су айдындарында, сонымен бiрге жабық балық шаруашылығы субъектілерiнде қызамықты жоюдың кешендi әдiстерi қолданылады, мұнда қоздырғышты табу және оны жою іс-шаралары, оның таралу жолдарын үзу және болдырмау, балықтардың ауруға қарсы төзiмдiлiгiн жоғарылату және аурудың әрi қарай дамып өрiстеуiне кедергi келтiретiн жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жүргiзiледi.
985. Қолайсыз пунктерде қызамықпен ауырған, аталған ауруға салыстырмалы төзiмдi балықтардың арасынан еркек тұқым беретiн және балық басын көбейтетiн жас балықтардың үйірін қалыптастырады. Қолайсыз пункттерде және табиғи суларда өсiру және көбейту үшiн қызамыққа көбiрек төзiмдi өсiмдiк қоректi балықтарды ұстаған жөн.
986. Балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар, табиғи тұйық суларда уылдырық өсiретiн шаруашылықтар және суға салатын материалмен толық қамтамасыз ететiн балық өсiретiн зауыттар салу ұсынылады. Тоғанды шаруашылықтарды тұйық балық өсiретiн шаруашылықтарға ауыстырады (тауарлық балықтардан басқа балықтарды шығаруға және әкелуге жол бермейдi).
987. Қызамықтан қолайсыз пункттерде емдiк және сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлік заттар қолданылады:
1) түйiршiктелген жем, астық, байытылған антибиотиктер барлық жастағы балықтар тобына көбею кезеңi ішінде мынадай схема бойынша берiледi: 3 күн балықтарды емдiк жеммен, одан кейiн үзiлiс берiп кәдiмгi жеммен жемдеу. Судың температурасы 120 С-қа дейiн кезде емдiк жеммен және кәдiмгi жеммен жемдеу 6 күнге дейiн ұзартылады, ал температура 210 С-тан жоғары болғанда 3 күнге дейiн қысқартылады;
2) еркек балықтар мен өсiретiн балықтарға емдiк мақсатпен левомицитиндi 1 килограмм салмаққа 20-30 милиграмм көктемде қыстаулардан босағанда, екiншi рет - көктемгi түгендеуден кейiн және үшiншi рет - күзде қыстауға ауыстырғанда құрсағына егiледi. Аурудың бiлiнетiн клиникалық белгiлерi бар ауру балықтармен жанасқан еркек балықтар уылдырыққа қонар алдында қосымша өңделеді;
3) өсiретiн тоғандарда бiржылдық балықтарға, серуендейтiн тоғандарда сауықтыру мақсатында метилен көктi әр балыққа бiржылдықтарға 2-3 милиграмм және екiжылдықтарға 3-5 милиграмм бередi. Емдiк жемді жемдейтін жерге тәулiк сайын 7-8 рет салады. Осындай тәртiппен 2-3 рет қайталайды;
4) балықтар үшiн сауықтыру және емдiк мақсатпен мынадай препараттардың емдiк ваннасы ұсынылады: левомицитин, синтомицин, немесе метилен көк;
5) қызамық ауруының қайталануынан сақтандыру мақсатында уылдырық шашар кезең ішінде еркек балықтарды метилен көкпен байытылған жеммен 1 килограмм жемге 3 грамм метилен көк қосылған жем берiледi. Жем нормасы - желiнуiне қарай. Жемдiк жем 2-3 күн қатарынан берiледi, содан кейiн 2-3 күн кәдiмгi жемді пайдаланылады және осылай 2-3 рет қайталанады.
988. Кешендi ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк шаралар жүргiзiледi және балықтың қызамық ауруы толық тоқтағаннан кейін бiр жыл өткеннен соң балық өсiретiн шаруашылық субъектісінен карантин алынып, қолайлы деп жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |