9. Iрi қара малдың вирустық диареясы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактика бойынша
іс-шаралар
104. Вирустық диареяны болдырмау жөнінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
iрi қара малды орналастырған, азықтандырған және пайдаланған кезде осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етуді;
жайылымдардың және суару орындарының ветеринариялық-санитариялық жағдайын тиісті түрде ұстауды;
өлген жануарлардың қиын және өлекселерін уақтылы зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді;
профилактикалық дезинфекцияны, дератизацияны, дезинсекцияны ұдайы жүргізуді;
барлық жануарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;
қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарларының арасында байланысқа жол бермеуді қамтиды.
Вирусты диареяның эпизоотиялық ошағында және ол
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
105. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
106. Ауру жануарларды оқшаулайды және аурудың таралу деңгейіне қарай жояды немесе емдейді. Таралу және сау жануарларға жұқтыру деңгейі экзотикалық, жануарлардың алғашқы анықталған ауруларын қоса алғанда, қосымша инфекция жұқтырудың жоғары тәуекелінің болуына қарай анықталады.
107. Емдеу кезінде негізінен, асқыну профилактикасына және ағзаның қорғаныс күштерін қолдауға бағытталған симптоматикалық терапияға жол беріледі.
108. Антибиотиктерді іріктеу кезінде микрофлораның оған деген сезімталдығы ескеріледі.
109. Жануарларды қайта топтастыруға шектеу қойылады.
110. Егжей-тегжейлі дезинфекция жүргiзедi.
111. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу ақырғы ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
10. Iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы 112. Ірi қара малдың азығы үшін күйіс қайыратын жануарлардың ет-сүйек ұны мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалануға тыйым салу профилактиканың негізгі әдісі болып табылады.
113. Кемiктәрiздес энцефалопатиясына күдiктi ірi қара мал союға, жатады, өлексесін өртеп жібереді.
114. Ауру жұққан жануар анықталған жағдайда, оны жояды, ал шаруашылықта карантин енгізіледі. Шаруашылықтағы қалған жануарларды кейін ұшаларын және iшек-қарынын өртей отырып, қасапханада сояды.
115. Бас миын диагнозды түпкілікті растау үшін гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық әдіспен және иммуно-блотингті түрлі әдістерді пайдалана отырып, түпкілікті растау үшін алады.
116. Ауру жануарларды анықтау үшiн етке сояр алдында жасы 6 айдан асқан iрi қара малдың, барлық жас тобындағы қойлар мен ешкiнiң барлық басын жүйелi түрде тексеруден өткiзедi.
117. Аурудың инкубациялық кезеңi ұзақ және серологиялық немесе ауырған, әсіресе аурудың инкубациялық кезеңiдегі жануарларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тесттердің болмауына байланысты аурудың таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты:
1) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
2) ветеринар мамандар iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының клиникалық белгiлерiн тани білуі;
3) диагностикалық қызметтерде Еуропалық комиссиясының ғылыми ветеринариялық комитетi әзірлеген стандартталған тесттерді қолдана отырып, ауруды растауға және iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясын iрi қара малдың клиникалық белгiлерi ұқсас басқа да жақын ауруларынан ажыратуға мүмкіндік беретін білімі, тәжірибесі және әдістері болуы тиіс;
4) инфекцияның азық арқылы берiлуi мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін күйіс қайыратын жануарларды күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздармен азықтандыруға тыйым салу қажет. Мұндай шара жануарларды, соның ішінде зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды қоздырғыштың ағзаға мал азығымен түсуінен қорғауы тиіс.
118. Ет-сүйек ұнын өндiру кезiнде ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұқпаған күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерiн өңдеу технологиясы iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының қоздырғышымен өндіру, тасымалдау және сақтау барысында бірігу мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды көздеуі қажет.
119. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзақ болуына байланысты қоздырғыш iрi қара мал арасында клиникалық белгiлерi байқалмай-ақ таралуы мүмкін. Ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалады және басқа малдарға патогенмен ластанған мал азығы арқылы берiлуi мүмкiн. Осыған байланысты мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) беру факторларын ескеру, рационға күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерін, күйіс қайыратын жануарлардың ақуыздарын қосуды болдырмау;
2) ет-сүйек ұнын өндiру кезінде қолданылатын күйіс қайыратын жануарлардың субөнiмдерiн өңдеу технологиясын қатаң сақтау;
3) шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық қызмет ет импортына ерекше бақылауды жүзеге асыруы тиiс. Күйіс қайыратын жануарлардың ұшаларын бас миымен, жұлынымен, көк бауырымен, айырбезімен бiрге әкелуге тыйым салуы қажет.
120. Адамға және күйіс қайыратын жануарларға iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатында: бас миы мен жұлынды, көзді, көмекей бездерiн, айырбезін, көк бауырын және 6 айдан асқан жануарлардың ішек-қарнын, сондай-ақ осы ағзалардан алынған ақуыз өнiмдерді пайдалануға, сондай-ақ еттi бөлшектеген кезде көрініп тұратын жүйке және сөл бездерi ұлпаларының алып тастауға және жоюға тыйым салу қажет.
121. 1996 жылы сәуiрде Женевада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті мынадай ұсынымдарды әзірледі:
1) барлық елдер олардың тағамға түсуіне, азық-түлік өнiмдерiн өңдеу барысында оның қоздырғышы активтілігінің жойылуына жол бермеу үшін iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұққан жануарларды союды және қауiпсiз жоюды қамтамасыз етуі тиіс;
2) Халықаралық Эпизоотиялық Бюро қабылдаған ұсынымдарға сәйкес iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жағдайларын ұзақ мерзiмдi бақылауды және тіркеуді белгілеу;
3) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының бiрдi-екiлi жағдайы байқалған елдер де аурудың қоздырғыш ластаған жануарлар ұлпаларының адам және жануарлардың азық-түлік өнімдерін шығару үшін түсуіне жол бермеуі тиіс;
4) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың ұлпаларын олардан азық дайындау үшін пайдалануға тыйым салу.
11. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн профилактика бойынша
іс-шаралар
122. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеитінің профилактикасы мынадай іс-шараларды қамтиды:
шаруашылық жүргізуші субъектiлердi инфекция қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау;
ағзаның резистенттiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу;
уақтылы диагноз қою, ауру жануарларды бөлу және оқшаулау;
сыртқы ортадағы вирустарды залалсыздандыру;
табынды жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақтардан сау жануарлармен топтастыру;
жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстау;
қора-жайларда қалыпты микроклиматты сақтау, үнемі жүргізілетін ауаны аэрозольдық профилактикалық дезинфекциялау, кейіннен дезинфекциялай отырып, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалау.
Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша эпизоотиялық
ошақта және қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
123. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
124. Шектеу қойған кезде мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына жануарларды кіргізуге және одан шығаруға;
2) оларды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қайта топтастыруға;
3) жем-шөптердi және күтіп-бағу заттарын әкетуге жол берілмейді.
125. Жаңа эпизоотиялық ошақтағы ауру жануарларды қоспағанда, барлық жануарларды дереу ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитіне қарсы вакцинамен иммундайды.
126. Буферлі аймақтағы жануарларды вакцинамен иммундайды.
127. Ауру және ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайларды, сондай-ақ күтіп-бағу құралдарын, арнайы киiмдi, мал төсенiшi мен қиды зарарсыздандырады.
128. Өлген және шарасыздан сойылған жануарлардың терiлерін дезинфекциялық ерітіндіге салу арқылы зарарсыздандырады.
129. Шарасыздан сойылған жануарлардың ұшалары ет жетілгеннен кейін және дегенеративтi өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз сатады. Танаудың, өңештiң, жұтқыншақтың, өкпенiң, асқазан-iшек органдарының кiлегей қабығында талаурау және некроздық процестер анықталған жағдайда бұл органдарды техникалық жолмен жағып жібереді.
130. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлардан алынған сүтті 700С температурада 30 минут пастерлеуден кейiн адамдарға тамаққа және малдарға азық ретiнде қолдануға болады.
131. Ауру жануарлар тұрған қора-жайларға кіретін жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен қатты шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.
132. Шектеу ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
Жануарларды қолдан ұрықтандыру кәсіпорындарында және пункттерінде
ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитімен күрес бойынша
іс-шаралар
133. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша ұйымды ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша қолайсыз өңірлерден тұқымды бұқалармен жинақтайды.
134. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды күнтізбелік 30 күнге карантинге қояды.
135. Қолдан ұрықтандыру стансаларындағы барлық бұқаларды айына бір рет термометрия жасап, жыныс органдарының жай-күйіне ерекше көңіл бөле отырып клиникалық тексереді.
136. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулайды, олардың күпегiнен тампонмен кiлегей сынамаларын және жуынды, сондай-ақ ұрықтар алады және зерттеу үшін диагностикалық зертханаға жiбередi.
137. Вирусты бейтараптаушы анти денелердi анықтау үшiн қан сывороткасының сынамасын және вируспен ластанғанына зерттеу үшiн ұрықты алады.
138. Соңғы күнтізбелік 14 күнде алынған ұрықтардың сериясын біріктіреді және бір сынама ретінде зерттейді.
139. Ұрығынан вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледi, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Қан сывороткасында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады.
140. Баланопаститпен ауыратын бұқалар зертханалық әдiспен вирустың этиологиясы дәлелденсе жарамсыздыққа шығарылады, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады.
141. Бұдан кейін процудент ретiнде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына және қанын антидененiң бар-жоғына арасы 6 айдан жылына 2 рет зерттейдi.
12. Кампилобактериоз Ауыл шаруашылығы жануарлары кампилобактериозының
профилактикасы
142. Жануарлардың кампилобактериозбен ауыруына жол бермеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелерi және ветеринар мамандар мыналарды қамтамасыз етеді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің iшiнде ветеринар мамандардың рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу;
2) жануарларды күтудің, азықтандырудың және оларды күтіп-бағудың ветеринариялық-санитариялық қағидасын қатаң сақтау;
3) қолайлы табынды (отарды) толықтыру үшін тек iрi қара мал және қой кампилобактериозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден ғана жануарларды әкелуге рұқсат ету;
4) шаруашылыққа жаңадан келген барлық бұқаларды асыл тұқымдық немесе өндiрiстiк мақсатта пайдалану үшін арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет кампилобактериозға тексеріп карантинде ұстайды.
143. Жануарлар кампилобактериозының ерекше профилактикасы үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген вакциналарды қолданады.
Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды
ірi қара малдың кампилобактериозынан сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
144. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеуді енгізеді.
145. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды.
146. Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.
147. Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі.
148. Емдеуден және вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына және күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
149. Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды.
150. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін.
151. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту және ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді:
1) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді;
2) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау және оларды тазарту және вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет;
3) бұқаларға вакцина егердің және тазалаудың алдында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу және ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді.
152. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың және күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларының негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды.
Ірi қара мал кампилобактериозы бойынша қолайсыз
шаруашылықты сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
153. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді.
154. Қолайсыз табындарда аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың және сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді және емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді.
155. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға:
1) басқа шаруашылықтардан жануарларды әкелуге және шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға;
2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн және қолдану мақсатында жануарларды әкетуге тыйым салынады.
156. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады.
157. Фермаларда сиырлардың және құнажындардың бұзаулауы тек төлдету бөлімшелерінде жүргізілуі тиiс. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болуы қажет. Әрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды және станоктарды тазалайды және дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды.
158. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды және жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады.
159. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қора-жайларына және аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi.
160. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нәтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады.
Қойлардың кампилобактериозы бойынша қолайсыз
шаруашылықтарды сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
161. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп және сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды.
162. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi.
163. Қой қораны және жайылатын аулаларды тазартады және дезинфекциялайды.
164. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру және қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (әкетуге) тыйым салынады, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді.
165. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды және тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар және аумақты дезинфекциялайды.
166. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi.
167. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды.
168. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды және оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді.
169. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды.
13. Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесі Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесiнің
профилактикасы және жою
170. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады.
171. Эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) iрi қара малдың басын есепке алу;
2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды және бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация және температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан әрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады;
3) зерттеулердің нәтижесіне сәйкес малды топтарға бөлу;
4) клиникалық белгiлерi бар ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру.
172. Карантин белгіленген аумақта мыналарға:
1) сауықтыру іс-шараларын жүргiзетiн ветеринар дәрігердің рұқсатынсыз малды қайта топтастыруға;
2) алаөкпе бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден (пункттен) малды әкету және оған сау малды қосуға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнiң алаөкпе бойынша қолайсыз аумағы арқылы тасымалдауға немесе айдауға;
4) ірі қара малдың алаөкпесі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден және елдi мекеннен жем-шөпті әкетуге жол берілмейдi. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектiлердің және елді мекеннің жем-шөбі тек аталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде және пункттерде пайдаланылады.
173. Алаөкпе ауруы бойынша күдiктi және КБР бойынша оң реакция берген барлық клиникалық ауру жануарлар отардан оқшау қораға тез арада бөлініп алынады және сойылуға жатады. Өлген жануарлардың сылынған терiлерiн оқшауланған жағдайда ауада кептіреді. Жарамсыз деп танылған зақымданған мүшелер мен тұтас еттің бөлігі өртеу әдісімен жойылады.
174. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден алаөкпенiң таратушы көзi болып табылуы мүмкін ауру жануарларды уақытылы және толығымен жою мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілердегі вакцинацияға қарамастан, карантинді алып тастағанға дейін малға клиникалық зерттеу екі аптадан кешіктірмей жүргізіледі.
175. Шартты сау малы бар шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық карантин мерзіміне оны қоршаған шаруашылық жүргізуші субъектiлерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектiнiң қалған бөлiктерiнен толық оқшаулануын қамтамасыз ететін жағдай жасалады.
176. Карантин екiншi вакцина егуге барлық жануарлардағы реакцияның аяқталуы уақытынан бастап үш айға қойылады. Екiншi вакцина еккеннен кейiн аурулар анықтаған кезде, карантин мерзімі отардан ауруларды жойған сәттен бастап есептеледі.
177. Егер көрсетiлген мерзiм iшiнде жануарлардың алаөкпесі бойынша аурулары немесе күдіктілері анықталмайтын болса, карантин алынады және шаруашылық жүргізуші субъектi алаөкпе бойынша қолайлы деп жарияланады.
14. Ірі қара малдың лейкозы Жалпы ветеринариялық-санитариялық
іс-шаралар
178. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мына ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі:
1) жаңадан әкелінген жануарлар 30 күн ішінде лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантинге қойылады. Ірі қара мал лейкозы вирусын (бұдан әрі – ІҚМЛВ) жұқтырғандар анықталған кезде, тараптардың келісуі бойынша жануарлардың барлық партиясын союға өткізеді немесе жеткізушіге қайтарады;
2) жануарларды ветеринарлық және зоотехникалық өңдеу кезінде асептика және антисептика ережелерін міндетті түрде сақтау;
3) Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу қағидаларына сәйкес барлық меншік нысаны жануарларын сәйкестендіру;
4) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық заттармен қора-жайларды және жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау;
5) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;
6) мыналарды:
қолайлы деген мәртебесі жоқ, сондай-ақ карантиннен өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды әкелуді;
ветеринарлық қызметтің келісімінсіз малды қайта топтастыруды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау.
179. Лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды шығару (әкету), олар бұған дейін 30 күн бұрын осы Қағидаларда көрсетілген серологиялық әдістермен зерттелген және барлық топ бойынша теріс реакция алынған жағдайда рұқсат етіледі.
180. Тұқымдық бұқалар мен құнажындарды өсіруге қалдыру үшін, қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің тек сау сиырларынан алынған бұқалар мен қашарларды іріктеп алады.
181. Жануарлардың қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды трансплантациялау жөніндегі бекеттер (пункттер) үшін тек сау донор-сиырлардың ұрықтары мен аналық жасушалары және қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің реципиенттері іріктеліп алынады.
182. Ірі қара малды, ұрықтар мен аналық жасушаларды, эмбриондарды экспорттау кезінде импорттаушы елдердің ветеринариялық талаптары орындалуы тиіс.
183. Қазақстан Республикасына соңғы 3 жыл ішінде лейкоздан таза экспорттаушы елден шығарылған сау асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге рұқсат етіледі.
184. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелері ірі қара мал лейкозының пайда болуына, таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымын орындайды, жануарларды клиникалық қарау және диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ұсынады.
Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы
пункттерде іс-шаралар жүргізу
тәртібі
185. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
186. Қазақстан Республикасында лейкозға диагноз қою үшін серологиялық, клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық әдістерді және полимеразды-тізбекті реакцияны (бұдан әрі – ПТР) қолдануға болады.
187. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларда лейкозды дер кезінде анықтау мақсатында жоспарлы түрде жануарларды 12 айлық жасынан бастап жылына бір рет иммуннодифузия реакциясын (бұдан әрі – ИДР) диагностикалық зерттеуден өткізеді.
188. Ірі қара мал арасынан зерттеу нәтижесі бойынша ауруға оң нәтиже берген малдар анықталған жағдайда ауруды нақтылау үшін иммуноферментті анализ (бұдан әрі – ИФА) реакциясымен қайта тексереді.
189. ИФА реакциясымен теріс реакция алынғанда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректерінің базасына диагностикалық тест нәтижелері туралы белгі енгізіледі, жануар 6 айдан соң қайтадан зерттеледі.
190. ИФА бойынша оң реакция алынған кезде аталған жануар лейкоз ауруымен ауырған болып саналады.
191. Әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша ЖАО бөлімшесінің басшысы ауырған малды басқа жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады және 15 күн ішінде тиісті аумақта орналасқан жануарларды союды жүзеге асыратын (ет комбинаты, мал сою бекеті) (бұдан әрі – сою объектісі) өндіріс объектілеріне санитариялық союға жібереді.
Ауырған жануарларға ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жағына немесе жамбасына «Л» әрпін басу жолымен таңбалайды.
192. Қолайлы табындардағы жануарлар топтарынан алынған сүттің біріктірілген сынамаларын зерттеу үшін ИФТ реакциясын қолданады.
193. Жануарларда аурудың өршу кезеңдерін анықтау үшін клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық әдістерді қолданады.
194. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы пунктте жекелеген жануарларда клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық немесе гистологиялық өзгерістер болғанда диагнозды ИДР, ИФТ бойынша нақтылайды.
195. ИДР, ИФТ бойынша жыл сайынғы жоспарлы зерттеулер кезінде теріс реакция алынған шаруашылық жүргізуші субъектілері ірі қара малдың лейкозынан қолайлы болып саналады.
196. Асыл тұқымды жас төлдерді импорт пен экспортқа шығарумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілері жануарларды міндетті түрде екі рет серологиялық тексеруден өткізеді: бірінші рет 6 (алты) айлығында, екінші рет асыл тұқымды малды сатар алдында.
197. Мемлекеттік асылдандыру кәсіпорындарының тұқымдық бұқаларын тоқсан сайын, ал шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бұқалары мен биологиялық препараттар өндірумен айналысатын ұйымдар үшін продуцентті қан алатын жануарларын арасына алты ай салып жылына 2 рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
198. Мал сою объектілерінде ауруға шалдыққан жануарлардан ветеринариялық, медициналық және тағамдық мақсатта қанды, эндокринді және басқа органдарды алуға тыйым салынады. Цехтың үй-жайы және жабдықтары жануарларды сойғаннан кейін мұқият тазаланады және дезинфекцияланады.
199. Ұлпа мен органдарда ісікті өзгерістер анықталған барлық жағдайлар есепке тиісті нысанды енгізе отырып, жануарларды сою объектілерінде етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманың есебін жүргізу журналына тіркелуге жатады.
200. Асылдандыру мақсатында әкелінген жануарларды ИДР, ИФТ немесе ПТР бойынша лейкозға экспорттаушы мемлекетте немесе жеткізуші шаруашылықта сатқанға дейін 30 күн бұрын және импорттаушы мемлекетте немесе сатып алушы шаруашылықта карантинге қойылған кезеңде зерттейді.
201. ПТР-ға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға сарысуы шықпаған қан жіберіледі. ПТР бойынша зерттеу сынамаларды біріктіру тәртібімен пул жүйесі бойынша жүргізіледі.
202. Карантин мерзімінде лейкозға диагноз анықталғанда барлық мал басы сойылады немесе экспорттаушы елге немесе жеткізуші шаруашылыққа қайтарылады.
203. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды сатуға мұндай жануарлар сатудан күнтізбелік 30 күн бұрын ИДР немесе ИФТ бойынша зерттелген және бұл ретте лейкозға теріс реакция алғанда ғана шектеусіз рұқсат беріледі.
Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз
пунктте іс-шаралар жүргізу
тәртібі
204. Осы Қағидаларда көрсетілген әдістер арқылы ірі қара малдың лейкозына диагноз анықталған елді мекенді (ауыл, село, кент), елді мекеннің бөлігін немесе жеке орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіні (ферма, табын), жеке меншік түріне қарамастан ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
Қолайсыз пунктке шектеу іс-шараларын қою туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖАО бөлімшелері ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар көзделетін сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын бекітеді, орындаушы, оларды орындау үшін жауапты тұлға және ауруды жою мерзімі анықталады.
205. Жануарларда ауруға тән тек клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, табында 6 айдан жоғары жастағы жануарларға арасына күнтізбелік 30-45 күн салып екі рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
Егер бұл ретте ірі қара малдың лейкоз вирусына антиденелер анықталмаса, шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп саналады.
206. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға:
1) серопозитивті (ИДР немесе ИФА бойынша) жануарлардан алынған сүтті сүт зауытына өткізуге. Мұндай сүт қайнатуға және тек лейкоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті ішінде ғана пайдалануға жатады;
2) серонегативті жануарлардан алынған сүтті алдын ала зарарсыздандырмастан (пастерлемей) шығаруға;
3) лейкоз бойынша қолайсыз жеке тұлғалардың сиырының сүтін зарарсыздандырғаннан кейін, тек осы жеке меншік ауласында ғана пайдаланады;
4) лейкозбен ауырған жануарларды сау малдармен бірге ортақ табында бағуға;
5) асылдандыру мақсатында жануарларды сатуға;
6) тұқымдық бұқаларды сиырлар мен қашарларға шағылыстыру үшін пайдалануға;
7) ІҚМЛВ жұққан тұқымдық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға;
8) лейкозға диагнозы анықталғанға дейін 6 ай ішінде серопозитивті тұқымдық бұқалардан алынған ұрықтар қоры жоюға жатады;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық-инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға;
10) ветеринариялық және медициналық емдеу-профилактика препараттарын дайындау үшін қан және уыз дайындау үшін, гемотерапия жүргізуге;
11) лейкозға гемотологиялық және клиникалық белгілері бар ірі қара малды шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерге өсіру немесе бордақылау үшін шығаруға;
12) емдеу-профилактикалық, зоотехникалық және технологиялық іс-шараларды жүргізген кезде, стерильденбеген құралдарды, аспаптарды, аппараттарды пайдалануға;
13) бір сауу аппаратымен ІҚМЛВ жұқтырған және сау сиырларды саууға;
14) лейкозбен ауыратын және сау сиырларға бір төлдеу бөлмесін пайдалануға;
15) лейкозбен ауырған сиырлардың ақуызын сау сиырлардан алынған төлдерді қоректендіру үшін пайдалануға;
16) табын өсіру үшін лейкозбен ауырған бұзауларды пайдалануға жол берілмейді.
207. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру:
1) 30 пайыздан жоғары жануарлары ауруға шалдықса, шаруашылық жүргізуші субъектінің қолайсыз табынын лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектінің жануарларымен біржолғы толық айырбастау жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен;
2) табыннан ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою алаңдарында соя отырып ИДР және ИФТ бойынша жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен жүргізеді.
208. Ірі қара мал лейкозы бойынша қолайсыз пункттерді ИДР және ИФТ қолдану арқылы сауықтыруды мына жолмен жүргізеді:
1) жасы алты айдан жоғары жануарларға зерттеу жүргізеді;
2) келесі ИДР және ИФТ-ға серологиялық зерттеулерді 4 ай сайын екі рет теріс реакция алғанға дейін жүргізеді. Әрбір диагностикалық зерттеуден кейін қора-жайларға Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекция жүргізеді;
3) барлық ауру жануарларды союға өткізгеннен кейін және қора-жайлар мен жақын аумақтарға қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген басқа да іс-шаралар орындалған кезде қолайсыз пункт сауықтырылған деп жарияланады.
Сауықтырғаннан кейін екі жыл бойы тоқсан сайын серологиялық бақылау жүргізеді.