Аудандағы ветеринарлық қызметті басқару-аудан әкімшілігіаудандағы ветеринарлық қызметтің органы-аудандық ветеринарлық бөлім көмегімен басқарады. Бөлім бастығы ауданның бас ветеринарлық дәрігері және бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы қызметін қоса атқарады. Ауданның бас ветеринарлық дәрігері – обылыстық ветеринария комитетіне, ал ауданда әкімнің өзіне немесе оның ауыл шаруашылығы бойынша орынбасарына бағынады.
Бас ветеринарлық дәрігерге аудан жеріндегі барлық ветеринарлық мекемелер тікелей бағынады, ал ведомстволық және жекеменшік ветеринарлық қызметтер оның қадағалауында болады. Ауданның бас ветеринарлық дәрігері ветеринарлық инспектор ретінде бақылау нысандарына кіріп, тексеріс жүргізіп,гшешімдер қабылдауға құқылы.
Бақылау сұрақтары: Ветеринарлық істі аудандарда ұйымдастыру тәртібі қалай құрылған?
Аудандық ветеринарлық қызметтің құрлымы және маңызы неде?
Ветеринарлық мекемелердің жұмыс істеу тәртібі және оның маңызы неде?
Аудандық бас мал дәрігерінің негізгі міндеті қандай