Ветеринарлық істі ұйымдастыру



бет30/59
Дата10.10.2023
өлшемі459,96 Kb.
#184601
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
УМКД ПО ОВД



Рефлексия

«Tarsia»




1.Пирамиданы құрау.

VІІ

Үй тапсырмасы




30 сабақтың нұсқаулық картасы




Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Малдарды жұқпалы аурулардан жалпы алдын алу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Малдарды жұқпалы аурулардан жалпы алдын алу шараларын ұйымдастыруды білу.
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.


Тапсырма:

  1. Шаруашылықты жұқпалы аурудан сақтандырудың негізгі жолы.

  2. Жалпы және арнайы шаралар.

Жұмыс барысы
Жұқпалы аурулардың алдын алушы жалпы шараларға мал организмінің төзімділігін арттыру, шаруашылықты жұқпалы ауру қоздырушыларының әкелуінен қорғау, мерзімді дезинфекция, дератизация жасау, өлекселерді кешіктірмей жинап, залалсыздандыру, жергілікті індетті жағдайды үнемі бақылау, ветеринарлық насихат жұмысын жүргізу және тағы басқалар.
Малдың ауруға төзімділігін арттыру мақсатында бағып-күту, азықтандырудың ветеринарлық-санитарлық ережелерін орындау қамтамасыз етіледі.
Шаруашылықты жұқпалы аурулардан мақтандырудың негізгі жолы-қатаң ветеринарлық санитарлық тәртіп орнату. Осы мақсатта мал топтары мен табындарын араластыру, алмастыру мал дәрігерінің рұқсатымен жүргізіледі. Фермадағы малмен бөгде малдың жақындасуына жол берілмейді. Шаруашылықты ауру қоздырушыларынан қорғау үшін ферма аумағына тұтас қоршау салады, оған кірер қақпа да ветеринарлық санитарлық өткізгіш және дезинфекциялаушы бөгет нүктесін жабдықтау қажет. Шаруашылыққа алдын ала тексерістен өтпеген малдарды енгізуге немесе шығаруға тыйым салынады. Жұқпалы аурулар жоқ шаруашылыққа әкелінген мал міндетті түрде 30 күндік карантиннен өткен соң ғана қабылданады.
Жұқпалы аурудың алдын алу үшін жалып шаралармен қатар, арнайы бағытталған шаралар да жүргізіледі. Оларға малдарға жаппай диагностикалық зерттеулер жүргізу, вакцина егу және емдік алдын алушы әсері бар шаралар жүргізу жатады.
Жұқпалы аурулардың алдын алушы шаралар жүйесіне ветеринарлық санитарлық жұмыстар да енеді. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында дезинфекция, дезинсекция, дератизацияшараларын жүргізуге қажетті техниканы дайындау, қора жайлар мен ғимараттарды алдын ала тазалау, жөндеу, жуу қамтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет