Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
№4 дәрістік сабақ.
Тақырыбы: Клиникалық зерттеу жоспары бұл толық зерттеуге қажетті жағдай туғызып және алынған мәліметтерге обьективті баға береді. Клиникалық құжаттар. Малды толық сипаттау үшін оларды тіркеудің және қажетті мәліметтерді жинақтаудың маңызы.
Ауру малдарды клиникалық тексерудің ерекшеліктері.
Сабактың максаты. Ауруды анықтау пәнінде берілген ауру малды клиникалық тексерудің негізгі әдістерін жүйелеп тиянақтау. Ауру тарихын, курс жұмыстарын, малдәрігерлік клиникалық құжаттарды білікті түрде толтыруға үйрету.
Кажетті кұжаттар: дені сау және ауру малдар (мүмкіншілігінше әртүрлі малдардың болғаны дұрыс). Клиникалық тексеруге қажетті құжаттар (халаттар, термометрлер, фонендоскоптар, плессиметрлер, балғалар, маталар, зарарсыздандыратын ертінділер, малды бекітіп ұстайтын аспаптар, арнайы аппараттар - руминограф, фонокардиограф, ауру тарихының бланкасы және т.б.).
Клиникалық тексеруді малды тіркеуден бастап, анамнез, әрбір жүйелерді тексерумен жалғастырып, арнайы зерттеулермен аяқтайды. Ауру тарихында малдың жалпы жағдайы, тексеру кезіндегі клиникаліық статусы, қосымша зерттеулердің нәтижелері және тексеру қортындысы келтіріледі. Ауру тарихы занды құжат болып табылады. Ол арқылы аурудың даму сатысын қадағалап отыруға толық мүмкіншілік бар.
Малдың ауру тарихы құжаты заңды құжат болып табылады. Малдың ауру тарихы құжатында:
-мал егесінің аты, жөні, тегі көрсетіледі;
-мал егесінің тұратын жері, елді мекен, көшесі, үй нөмірі, немесе пәтер нөмері;
- мал егесінің телефондары,
-ауырған мал түрі;
-жынысы;
-жасы;
-түсі;
- лақап аты;
-малдың ерекше белгілері;
-малды пайдалану статусы;
-малға беретін жем шөптің көлемі мен сапасын сұрап анықтайды;
-мал далада қайда, қай жерде жайылады;
-мал далада қалай, немесе қайтіп су ішеді, су көздерінің жағдайын сұрастырып
анықтайды;
-мал тұратын жайды, қора-қопсылардың жағдайын, ондағы зоогигиеналық талаптар
жайында сұрастырып біледі;
-малдан қашан қан алып тексеріп еді, неге тексерді;
-малдарды қандай ауруларға вакцинация жасап еді, оны кім жасады;
-малдың паспорты бар ма, бар болса малға жасалған ветеринариялық
профилактикалық іс шаралар көрсетілген бе, егер олпаспорт құжатында жазылып көрсетілсе оны жасаған ветеринардың аты жөні көрсетілген бе, мөр басылған ба?
Малдың құлағында сырғасы бар ма, оның нөмірі ашық басылған ба?
Малдың ауру тарихы құжатында анамнез вите және анамнез морви көрсеткіштері бар, соны мұқият сұрап бар шындықты жазып көрсетеді;
-ауру тарихындағы құжатта кейінгі графаларда ауру малға алдын ала қоятын диагнозды көрсетеді;
- егер ауру малдың диагнозын түбегейлі анықтау үшін қосымша зертханалық (қан, зәр, ликворлар) тексерулер қажет болғанда, ауру малдан қан, зәр, ликворды алып лабораториялық тексерулерден өткізіп ауру тарихы құжатына тіркейді;
-егер ауру малдың қаны мен зәрі және ликворларының тексеру құжаттары толық ауру малдардың диагнозын қоюға негізсіз болса, онда;
-қосымша рентгеноскопия, УЗИ, электроэнцефалографиялық, томографиялық, цитоскопиялық, гастроскопиялық және де басқа арнайы тексерулерді жүргізеді, солардың тексеру нәтижелері бойынша нақты диагноз қойылады.
Ауру малға диагноз қойылғаннан кейін сол ауру тарихында күнделікті жүргізілетін ем домдарды күніне қанша рет жасайтыны, дәрі дәрмекті қалай беретіні көрсетіледі, малдың күнделікті температуралары, тыныс алуы, қан тамырының соғыуы, пульсі, малдың жалпы клиникалық белгілері мен малдың жағдайын, күнделікті жазып, көрсетіп отырады;
-ауру малды күнделікті емдеу процессі аурудың түріне қарай, аурудың ауыртпалығына қарай 15-20 күннен бастап, кейде бір, екі айға созылуы мүмкін.
-Ауру тарихы құжатында ауру мал жазылып кеткеннен кейінгі профилактикалық іс шаралар, малды дұрыс күтіп бағу, малды дұрыс пайдалану кезеңдері көрсетіледі.
-Ең соңында ауру тарихы құжатында ем жасаған маманның қолы қойылады, мекеменің мөрі басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |