«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Қанның физикалық қасиеттерін анықтау



бет19/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қанның физикалық қасиеттері ішінен клиникалық маңызы барлары оның үлес салмағы тығыздығы мен эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау болып табылады.
Қанның үлес салмағын анықтау. Қан плазмасының немесе қан сарысуының үлес салмағын Филлипс әдісімен мыс сульфаты мен тотияйынын ерітіндісінде анықтауға болады.
Тотияйынның қаныққан ерітіндісін дайындайды, бұл үшін 900 г 5-сулы тотияйынды ұсақ ұнтақ етіп үгітеді, 1250 мл дистильденген су құйып, шыны таяқшамен 5 минут уақыттай араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5º С дәлдікке дейін өлшеп, оны тез арада тұнбасынан бөліп құйып алады, содан соң қағаз немесе мақта арқылы сүзеді. Алынған ерітіндіден тығыздығы 1,100 тең негізгі стандартты ерітіндіден 529 мл алып оған дистильденген су құйып, 1 л жеткізеді. Температураға байланысты ерітіндінің басқа да мөлшерін алуға болады, мысалы: 15,5 º С-та 525 мл; 16º С –та 521 мл; 16,5 ºС – та 516 мл; 17ºС – та 512 мл; 17,5 º С-та 508 мл; 18 ºС –та 504 мл; 18,5 ºС – та 500 мл; 19 ºС –та 496 мл; 19,5 º С –та 492 мл; 20 º С –та 488 мл; 20,5 º С – та 484 мл; 21 º С – та 480; 21,5 ºС –та 477 мл; 22º С – та 473 мл.
Негізгі стандартты ерітіндіден тығыздығы 1,030-дан 1,075 дейінгі тотияйынның жұмыс ерітіндісін дайындайды. Бұл ерітінділерді алу үшін өлшеуіш колбаға стандартты ерітіндінің сонша миллиметрін өлшегенде соңғы екі саны дайындалатын ерітінді тығыздығына сай келіп, 1 мл азайтылады және 100 мл дейін дистильденген су құйылады. Мысалы, тығыздығы 1,050 ерітінді дайындалғанда 49 мл негізгі стандарт ерітінді алып, оған 100 мл дейін дистильденген су қосылады. Ерітінділерді резина тығындарымен тығындалған қара түсті шыны ыдыстарда сақтайды.
Тексеруге гепариннен, натрий оксалаты мен және трилон Б-мен тұрақтандырылған қанды қолдануға болады, цитратталынған қан зерттеуге жарамайды.
Көз түтікшесіне зерттелінетін қанды сорып алып, оны тотияйынның жұмыстық ерітіндісі бар пробиркаға ауыстырады. Сонан кейін мұқият ерітінді бетінен түтікше ұшын 1 см қашықтықта ұстап тұрып, түтікшеден 1 тамшы қан тамызады. Шыққан тамшы 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі тереңге шөгеді немесе жоғары көтеріледі. Осындай жолмен, тамшы ортада қалатын ерітіндіні табады, бұл жағдайда қанның тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.
Сау малдың қанының үлес салмағы мына аралықтарда ауытқып отырады (г/см³) немесе СИ бірлігінде ( кг/л ) ірі қарада – 1,047-1,055; қойларда – 1,042-1,052; ешкілерде – 1,044-1,043; жылқыларда – 1,045 – 1,055; шошқаларда -1,042-1,060; иттерде -1,044-1,056; тауықтарда – 1,039-1,057.
Қанның үлес салмағының көбеюі оның қоюлануында, көп терлегенде, іш өткенде, құсқанда, полиурияда, дене қызуы көтерілгенде, ішек түйілгенде, экссудатты және транссудатты процестерде, салдану миоглобинуриясында, сусамырда, невритте байқалады.
Қанның үлес салмағының азаюы анемия, гемолиздік сарғаю, кахексия, гидремия, көп су ішкенде, қан сұйықтануы кезінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет