Қан сарысуындағы жалпы кальцийдің, бейорганикалық (неорганикалық ) фосфор және магнийді анықтау.
Сабақтың мақсаты: қан сарысуындағы кальций, фосфор мен магний мөлшерін анықтау және зерттеу нәтижелеріне клиникалық баға беруді үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: центрифуга, фотоэлектрокалориметр микробюреткалар (2 мм), центрифугалық пробиркалар, полиэтиленді шөлмектер, градуирленген микропипеткалар және түтікшелер (0,1; 1; 5 және 10 мл) . Қан сарысуы.
Кальцийді анықтауға арналған реактивтер: (дистилденген суда дайындап, полиэтиленді шөлмектерде сақтайды: КОН 0,1н ерітіндісі; индикаторлық сұйық (1 г флуорексон және 100г натрий нитраты); 0,1 М трилон Б ерітіндісі ( 37,21 г трилон Б және 1 Л дейін су); 0,001 М трилон Б ерітіндісі ( 1 мл 0,1 М трилон Б ерітіндісі және 100 мл дейін су): кальцийдің негізгі стандартты ерітіндісі (24 сағат аралығында 100-120 ºС – та кептірілген химиялық таза СаСО3 2,497 г + 8 мл концентрленген НСІ және 1 л дейін су); кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісі (1 мл кальцийдің негізгі ерітіндісі және 9 мл су; 1 мл ерітіндіде 0,1 мг кальций болады).
Фосфорды анықтауға арналған реактивтер: үш хлорлы сірке қышқылы; молибденді реактив ( 5 г аммоний молибдатынан және 60 мл дистильденген судан тұратын, 15 мл концентрленген Н2SO4 және 25 мл дистильденген суда жасалынған ерітінділерді араластырып дайындайды.); НСІ 0,1 н. Ерітіндісінде жасалынған 1% аскорбин қышқылы; фосфордың негізгі стандарт ерітіндісі ( эксикаторда Н2SO4 үстінде тұрақты салмағына дейін кептірілген 4,394 г КН2 РО4 және 1 л дистильденген су); фосфордың стандартты жұмыс ерітіндісі ( 2 мл негізгі ерітіндісі және 100 мл дейін дистильденген су + 20 мл 20 % үш хлорлы сірке қышқылы ерітіндісі; 3 мл ерітіндіде 0,05 мл фосфор болады).
Магнийді анықтауға арналған реактивтер: 0,1% поливинил спирт ерітіндісі; 0,5% титан сарысы ерітіндісі; 0,01 % титан сарысы ерітіндісі; ( 1 мл 0,5% титан сарысы ерітіндісі және 50 мл дейін дистилденген су); NaOH 7,5 % ерітіндісі; магнийдің негізгі стандартты ерітіндісі ( 8,458 г\ М С2 6 Н2О және 1 л дейін дистильденген су); магнийдің стандартты жұмыс ерітіндісі ( 1 мл магнийдің негізгі ерітіндісі және 200 мл дейін дистильденген су; 1 мл ерітіндіде 0,005 мг магний болады ) ;
Достарыңызбен бөлісу: |