Эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау. Эритроциттердің (ҚҚТШЖ) шөгу жылдамдығын ( ЭШЖ ) Панченков және Неводов әдістерімен анықтауға болады.
Панченков әдісі. 100 бөлікке бөлінген түтікшенің “Р” белгісіне ( “50” бөлік ) дейін натрий цитратының 5 % ерітіндісін алып, оны сағаттық шыныға үрлейді. Осы түтікшемен екі рет “К” белгісіне дейін қан алып ( “0” бөлік ), оны сағаттық шыныға үрлеп, қанды натрий цитраты ерітіндісімен араластырады. Дайындалған сұйықты түтікшенің “ К ” белгісіне дейін алып, штативке қояды. Эритроциттердің шөгу жылдамдығын 1 сағаттан кейін анықтап, оны миллиметрмен белгілейді.
Панченков әдісі бойынша сау малдарда эритроциттердің орташа шөгу жылдамдығы мынадай: ірі қарада – 0,5-1,5; қойда – 0,5-1; ешкіде – 0,3-1; жылқыда – 40-70; шошқада 2-9; итте 2-6; тауықта 2-3.
Неводов әдісі . Эритриоседиометрге 100 бөлікке градуирленген пробиркаға пышақ ұшымен ( 0,02 г шамасында ) натрий оксалатын салып, венадан пробирканың жоғарғы бөлігіндегі “ 0 ” белгісіне дейін қан алып, аузын резина тығындарымен тығындап, пробирканы 5-10 рет аударып, қанды антикоагулянтпен аса ептілікпен араластырып, пробирканы штативке қояды.
Эритроциттердің шөгу жылдамдығының қорытындысын пайда болған қан плазмасы бағанасы биіктігіне қарай 15,30,45,60 минуттан және 24 сағаттан кейн есептейді.
Неводов әдісі бойынша сау мал эритроциттерінің
шөгу жылдамдығы
Малдар
|
Плазма бағанасының биіктігі, уақыттан кейін
|
|
15 мин
|
30мин
|
45 мин
|
60 мин
|
24 сағат
|
Ірі қара
|
0,1-0,3
|
0,3-0,4
|
0,4-0,6
|
0,6-0,8
|
1-2
|
Қой
|
0,1-0,3
|
0,3-0,5
|
0,5-0,7
|
0,7-0,10
|
1-2
|
Жылқы
|
30-40
|
52-56
|
56-60
|
62-65
|
67-70
|
Шошқа
|
2-5
|
6-10
|
15-25
|
30-25
|
25-40
|
Ит
|
0-0,04
|
0,5-1,2
|
0,5-2,3
|
2-3,5
|
3-5
|
Тауық
|
0-0,1
|
1-3
|
2,5-4,0
|
4-6,5
|
5-7
|
Эритроциттердің шөгу жылдамдығы белгілі бір ауруға тән болмайды, бірақ шөгудің жылдамдығы әр уақытта организмде патологиялық процестің бар екені анықталады.
Эритроциттердің шөгу жылдамдығының артуы әр түрлі анемияларда (соның ішінде жылқының індетті анемиясы, қан аздығы кезінде ), көптеген жұқпалы ( маңқа, сақау, оба, жылқының індетті плевропневманиясы, туберкулез және басқа) және инвазиялық ( пироплазмос, нуталиоз, трипанозоноз, су ауруы), уланғанда, флюороз және басқа ауруларда (қабынуларда, залалды ісіктерде ) байқалады.
Эритроциттердің шөгу жылдамдығы кемуі шаршағанда ( шектен тыс ), қатты терлегенде, полиурияда, іш өткенде, шаншуларда, гастроэнтеритте, механикалық және паренхиматоздық сарғаюда, механикалық илеусте (түйілуде), жұқпалы делбе ауруы, энцефаломиентте, стахиботриотоксикозда және басқа аурулар кезінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |