«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет28/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Жұлынның сары суын зерттеу. Жұлынның сары суын (ликворды) тексеруді тек арнайы көрсеткіштерді анықтау үшін ғана алады. Оны субокципитальді немесе цервикальді пункция арқылы алады. Бұл кезде Сииев пункциялық инесін қолданған қолайлы. Субокципальді тесуді хирургия зандары бойынша жасайды. Зерттеу үшін 8-10 мл ликвор алынады, оның физикалық қасиетін, химиялық және клеткалық құрамын анықтайды, сонымен қатар бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Ликворды зерттеу үшін қан және организмнің басқа сұйық заттарын зерттеуге қолданылған әдістерді пайдаланады. (Қан зерттеуді қараңыз).
Ликвордың физикалық қасиеттерін зерттеуге оның түр-түсін, мөлдірлігін, консистенциясын және салыстырмалы қысымдылығын анықтау жатады. Сау малда ликвор түссіз, мөлдір, сулы консистенциялы, тығыздығы (үлес салмағы) ірі қара малда 1,006-1,008, жылқы мен иттерде 1,006-1,007 болады.
Бас және жұлын миы гиперемиясы кезінде ликвор алқызыл түске, қан кетуде қызыл, сары ауру кезінде сары түске боялады, менингоэнцефалит және мелингомиелиттерде ликвор лайлы түсті және оның қысымдылығы артады.
Ликвордың химиялық зерттеулеріне оның рН ортасы, сілті қорын, жалпы белок және оның фракциялары мөлшерін, қантты, хлоридтерді, кальций, калий, натрий және басқаларды анықтау жатады. Сау малда ликвордың рН ортасы: ірі қара малда - 7,5-7,6, жылқыда -7,7-7,6, итте - 7,4-7,5, негіздік резерв (% CQ2) , іріқара малда - 52-54,5, жылқыда - 51-59, итте - 42-50, Сілті қорының төмендеуі, ал өте зілді жағдайда рН төмендеуі жұқпалы энцефаломиелит, жылқының салдану миоглобинуриясы, итте сусамыр және басқа аурулары кезінде байқалады.
Жалпы белок мөлшері (100 мл/мг): ірі қара малдарда - 15-20, жылқыларда - 20-30, иттерде - 15-20. Жалпы белоктың кебеюі менингоэнцефалит, сепсис, залалды катаральды ысынуда және басқа аурулар кезінде байқалады.
Ликворды микроскопиялық зерттеуге қанның формалық элементтерін санау және тұнбаны микроскоппен зерттеу жатады.
Клеткалық элементтерді санау Горяевтің санақ торшасында жүргізіледі. Лейкоциттерді (канның ақ түйіршіктерін) араластырғыштың "I" белгісіне дейін бояғыш сұйықты (көгілдір метилді - 0,1, химиялық таза сірке қышқылы - 2г, дистильденген су - 50 мл) алады, сонан соң "П" белгісіне дейін жаңадан алынған ликворды алады, оны жақсы араластырып, бірқалыпты боялуы үшін 10-12 минут уақытка қояды. Сонан кейін тағы да жақсы араластырып, араластырғыш түтікшесінен алғашқы 2-3 тамшыны сүртіп тастап, сонан соң бір тамшыны санақ торшасына тамызады, клеткалық элементтерді санауды дәл қанның ақ түйіршіктерін санаған сияқты жүргізеді. Сау малдарда 1 мкл ликвордың құрамындағы формалық элемеиттердің саны: ірі қара малдарда -2-10, жылқыларда - 1-5, қой және ешкілерде - 2-9, иттерде - 5-8. Ликвордың құрамында формалық элементтер санының көбеюі менингоэнцефалитте, соққы алғанда бас пен жұлын миы шайқалғанда және басқа ауруларда байқалады.
Центрифуга көмегімен тұнбаға отырғызылған және Романовский-Гимза бойынша боялған жұғындыларды микроскопия жасаған кезде, ликвордың клеткалық элементтері күрамын анықтайды. Сау малдарда ликвордың құрамында нейтрофильдерді, эозинофильдерді, лимфоцитгерді, плазма клеткаларын және жіктеуге келмейтін клеткаларды табуға болады. Іріңді менингоэнцефалит ауруында нейтрофильді клеткалар көп мөлщерде табылады. Вирусты энцефалит кезінде ликвор құрамында көп мөлшерде лимфоциттер және моноциттер табылады.
Ликворды бактериологиялық зерттеу қажетті жағдайларда жүргізіледі. Бүл кезде жалпы қабылданған бактериологиялық әдістерді қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет