«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет36/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Вена ундуляциясы - вена қанының қозғалуы күре тамырдың астында жатқан ұйқы артериясы қан тамырының қозғалысына байланысты, мұндай жағдай қолқаның айшық қақпақшасы ақауында байқалады.
Флебография - флебограф аспабы арқылы вена қан тамырының соғуын жазу. Оның жұмыс істеу қасиеті сфимографтікі сияқты.
Вена қан тамырын тыңдаудың диагностикалық маңызы зор. Вена қан тамырын тындағанда малдың қан азаюында шуылдаған, сырылдаған және үш жармалы қақпақшаның ақауында - систола кезінде естіледі. Фонендоскоп, стетоскоппен тыңдауды күре тамыр арқылы жүргізеді.
Вена қан тамыры қысымын өлшеуді (флеботонометрия) нақты қан шығару тәсілімен жүргізеді. Күре тамырдың тұсын қан алған кездегідей спирттелген дәкемен сүртіп, йодты спиртпен тағы да сүртеді. Флебоосцилометрдің резеңке түтікшесі мен инесін қайнатып, флеботонометрдің көрсеткішін (0) ноль санына қойып, 1% натрий цитратына толтырады. Инені күре тамырға енгізгеннен соң, оны резеңке түтікше арқылы монометрге жалғайды. Мал тынышталған кезде вена қан тамыры қысымын су бағанасы бойынша анықтайды (мм). Вена қан қысымы көп жағдайларға байланысты. Вена қан тамыры қысымы жоғарылауы жүректің оң жақ қақпақшасы ақауында, өкпе ауруында кездеседі. Ол ірі қара мал перекардит ауруына тән жағдай.


Вена қан тамыры қысымының төмендеуі жүрек ақауларында, қан азайғанда, уланғанда кездеседі.
Қанның жылдамдығын анықтау. Ол үшін күре тамырға 1,2 мл малдың салмағына қарай (100 кг) 1 % лобелин жібереді (Мухин Г.Г.) немесе 0,15 % цитизинді 1 мл (100 кг) (Семушкин Н.Р.) мөлшерде жібереміз. Ірі қара малға цитизин жіберген дұрыс.
Итке 1 кг салмағына 1% лобелинді 0,05 мл мөлшерде сафен қан тамырына жібереді.
Сау малдарда:- ірі қара малға 14-21;

  • жылқыға 15-31;

  • түйеге 17-29;

  • итке 13-26.

Малдың қаны 27 систолада бір айналады. Қан жылдамдығының баяулауы жүрек еттері өзгергенде өкпе эмфиземасында кездеседі. Қан айналу жылдамдығының жиілеуі қан азайғанда, малдың дене қызуы көтерілгенде болады.

Жүрекшелердің дірілі: А- ірі қара малда; Б- жылқыда


Электрокардиография және басқа әдістер-жүректің функционалдық қызметін анықтау үшін басқа тәсілдермен қатар электрокардиография әдісін қолданып, ЭКГ-ні жіктейді. Сонымен қатар қан қысымын, тыныстану санын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет