«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Электрокардиография, вектрокардиография, фонокардиография



бет33/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Электрокардиография, вектрокардиография, фонокардиография
Сабақтың мақсаты: электрокардиография, векторкардиография, фонокардиография әдстерін игеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: электрокардиография, векторэлек-трокардиоскоп, фоноэлетрокардиограф, 5 % - NaCL, дәкеден жасалған салфетка.
Фонокардиография ( ФКГ)
Қажетті құжаттар: әр түрлі малдар, фонокардиограф, күні бұрын жазылып дайындалған фонокардиограммалар, сау малдардың қалыпты жағдайдағы ФКГ – ның көрсеткіштері берілген кестелер.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Студенттерді фонокардиограф пен стетофон аппараттарының құрылыстарымен және жұмысқа қосу әдістерімен таныстыру. Жазылған фонокардиограммалар арқылы жүрек дыбыстарын тлдауды үйрету. ФКГ – ның әрбір элементері арқылы жүрек қызметіне баға беруді ұғындыру. Стетефон арқылы естілетін жүрек дыбыстарының қалыпты түрін өзгерген түрлерінен ажырата білуді үйрету.
Фонокардиография – арнайы аппаратпен жүрек қызметін, оның саздарын күшейту және жазу арқылы зерттеу.
Фонокардиограмма – жүректің күшейтілген дыбыстарын фотоқағазға немесе сия арқылы милиметрге бөлінген қағазға жазу.
Малдардың дыбыстарын жазу 1950 жылы В.Г.Чагиннің бірінші рет ұсынған аппаратын қолданудан бастап мүмкін болды. Ондай аппарат қазірде өнеркәсіпте шығарылмайды. Сондықтан мал мамандары көбінесе медициналық электрокардиографты ( ЭКГ) оған фонокардиографтық қосылғыш жалғастыру арқылы қолданады. Біз өз тәжірибемізде сиямен жазылатын бір каналды ЭКГ – ЭКПСЧ – 4 аппараттың «Красногвардеец» зауыты шығаратын 056 модельді фонокардиографтық қосылғышпен біріктіріп қолдану арқылы жақсы нәтиже алдық.
ФКГ – ны жазғанда 1 мм бөліктерге бөлінген қағазды пайдаланған қолайлы. Аппараттың қағазды жылжытушы механизмі оның әрбір миллиметр бөлігін 0,02 секунд жылдамдықпен жылжытады. Олай болса ФКГ –ның әрбір элементі неше миллиметр аралығын алатынын санап оны 0,02 секундқа көбейту арқылы олардың ұзақтығын секунда арқылы шығаруға болады.
Қалыпты жағдайда ФКГ – ның әрбір элементі әр мал түлігі үшін тұрақты көрсеткіш. Ондай көрсеткіштер тәжірибе арқылы анықталған. Егер жүректің қызметі бір себептермен бұзылған болса, онда ФКГ – ның көрсеткіштері де өзгереді. Ол өзгерістерді талдау арқылы мал мамандарының ауруды анықтауға және болжамын айтуға толық мүкіншіліктері бар.
Мысалы: Жүрек етінің қоректенуі бұзылғанда жүректің бірінші дыбысы мен систоланың көрсеткіштерінің ұзарғаны, ал диастоланың жиіліктері кейде қысқарып, кейде екіге бөлініп кететін жағдайлары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет