«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет35/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Қан тамырларын зерттеу


Сабақтың мақсаты: қан тамырларын (күре тамыр және вена қан тамырлары) зерттеу әдістерін, қан қысымын зерттеуді меңгеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, пульсотахометр, сфимограф, сфигмометр, стетоскоп, фонендоскоп.
Жануарлар: сиыр, жылқы, ит.
Сурет 2.5. І рі қара малдың тамыр соғуын зерттеу: А-сыртқы бет артериясында; Б-құйрық артериясында.
Сфигмография - артерия тамырының соғу дүрсілін аспап арқылы жазып алу. Бұл тәсілді қолданғанда қан тамыры жайында мағлұмат аламыз.
А ртерия тамырлары қысымын анықтау. Қан тамыры қысымын анықтаған кезде мал тыныш тұруы қажет. Ол үшін сфигмомонометр аспабын қолданып, қан шығармай анықтайды. Бұл аспап сынап бағаналы немесе серіппелі манометрмен, ауа қапшығымен және жел үргіш допшамен жалғасқан. Ірі малдарда қан қысымы орталық құйрық тамырында, ал ұсақ малдарда иық немесе сан тамырларында анықталады. Бұл жерлерге ауа қапшығын бекіткенде аралығынан саусақ өтетіндей болу керек. Ең жоғарғы және төменгі қан қысымын анықтау үшін осциляторлы, графикалық және сипау тәсілдерін қолданады.
Сурет 2.6.Сфигмограмма бойынша жылқының тамыр соғуынын сапасын анықтау: А- қалыпты; Б-үлкен; В-кіші; Г-қатты; Д- жұмсақ; Е- секіртпелі; Ж - баяу; 3- жіп желісі тәрізді
Сипау тәсілі - тек жоғарғы қан қысымын анықтауға мүмкіншілік береді. Себебі саусақпен қан тамырын басып, ауа қапшығындағы ауаны жібергенде ондағы ауа қан қысымынан төмен. Сондықтан да бұл тәсілді өте аз қолданады.
Осциляторлы тәсіл - ең бірінші ауа қапшығына допшамен ауа үрлейміз. Оның қысымы қан тамыры қысымынан жоғары болуы тиіс, сосын біртіндеп түтікшені босату арқылы ауаны шығарамыз. Монометрдің көрсеткішіне назар аударамыз, көрсеткіштің алғашқы қимылы орталық құйрық тамыр соғуының пайда болғанын білдіреді. Артерия тамырының ең жоғарғы қан қысымын көрсетеді. Ал көрсеткіштің қозғалуының тоқтауы төменгі қан қысымының көрсеткіші болып табылады. Жоғарғы және төменгі қан қысымының айырмасы - қан тамырының соғуы деп аталады.
Осцилографпен қағазға жазып, систолада және диастолада көлемінің қысымы арқылы артерия тамырының соғуы жиілігін, ырғағын анықтауға болады. Ауа қапшығы тола бастағанда қан тамырын қысып тұрған уақытта осцилограф соғу дүрсілін жазса, ол сол қан тамыр жиегінің дүрсілі болып есептелінеді. Егер ауа қапшығындағы желді жіберсе, онда қозғалыс систолалық болып есептеледі.
Ауа қапшығының ішіндегі жел азайған сайын қозғалыс үдей түседі, ол орта қан қысымы, ал монометрдің көрсеткіші азайған кездегі көрсеткіш диастолалы қысым болып табылады. Жазба тәсілі - жазу үшін 2 аспапты қолданады. Сфигмограф - қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф - қысымды өлшеу.

Сфигмоманометрлер:
А-сынапты; Б-серіппелі; 1-сынапты манометр; 2- манжетке ауа үрлегіш;
3-тонометр; 4-манжет


Артерия тамырының қысымы малдың жасына, жұмыс істегеніне, көп қозғалуына, азық қабылдағанына байланысты өзгереді.
Көбінесе төменгі қан қысымы таңертең болады, оны негізгі қан қысымы деп атайды. Ауру малдарда артерия тамырының жоғарылауы (гипертония) жануарлар қатты қиналып ауырғанда, ауа жетіспеген кезде, гломерунонефритте кездеседі. Систолалы қан қысымы жиі кездеседі, ол кезде диастолды қан қысымы ұлғая түседі. Бұл қолқа айшық қақпақшасының ақауында, қан азайғанда байқалады.
Ауру малдарда артерия тамыры қысымының төмендеуі (гипотония), көп қан кеткенде коллапсте, миокардитте, індетті ауруларда болады.
Ал систолалық қан қысымы азайып, диастолалық қан қысымы өзгеріссіз қалуы жағдайлары перикардитте, миокардитте, қолқа тесігі тарылғанда байқалады. Төменгі қан қысымының төмендеуі жиі індетті ауруларда болады.
Вена қан тамырын зерттеу - вена қан тамырын қарау, сипау, тыңдау, флебография және вена қан қысымын өлшеу арқылы зерттеледі.
Вена қан тамырын қарау және сипау жалпы тәсілдерімен жүргізіледі. Бұл тәсілдер арқылы шеткі (сыртқы) алқызыл қан тамырының толуын, соғуын анықтаймыз. Вена қан тамырының толуын оның орналасқан жеріне қарау арқылы және толған кезде терінің көтерілуінен байқаймыз.
1 - кесте
Артерия және вена қантамырлары қысымының көрсеткіштері



Малдар

Артерия тамыр қысымы, мм. сынап бағанасы

Тексерілетін тамырлар

Вена тамыр қысымымм.су бағанасы

жоғарғы

төмен

соғу дүрсілі

артерия тамырлары

күре тамыр

Ірі қара

110-140

30-50

30

құйрық ортаңғы тамыры

80-130

Ұсақ

100-120

50-65

50-55

сафен тамыр

80-115

Жылқы

110-120

35-50

65-70

құйрық ортаңғы тамыры

80-130

Ит

120-140

30-40

90-100

иық тамыры

80-110

Шошқа

135-155

45-55

90-100

құйрық тамыры

90-110



Жарақатты перикардитте ірі қара малдың күре тамырының шектен тыс толуы.


Вена қан тамырлары қанға көп толып кеткен кезде вена қан тамыр, желін және шеткі немесе аяқтағы көк қан тамырларының көлемі ұлғайғанда ісініп, тері астында жіп тәрізді білінеді. Көк қан тамырда қан іркілген кезде шырышты қабық көгеріп, ісік пайда болады.
Вена қан тамырының толық болуы жүрек еттерінің жиырлуы жиі бұзылғанда, оң жақ үш жармалы қақпақша ақауында, перикардитте, плевритте, лейкозда, эмфиземада кездеседі. Вена қан тамырының соғуы көк тамырда уақытша қан тоқтау салдарынан бірінші дүрсіл дыбысы сокқан кезде пайда болады.
Сау малдарда вена қан тамырының теріс соғуы ірі қара малда жақсы байқалады, ал жылқыда мойын шетін басып, төмен ұстаған кезде ғана білінеді.
Вена қан тамырының теріс соғуының жиілеуі жұмыс істеген кезде, дене қызуы көтерілген малда кездеседі. Вена қан тамырының теріс соғуы бірінші саз бен жүрек соғуымен қатар кемиді.
Вена қан тамырдың оң соғуы қанның систола кезінде оң құлақшамен қайта қайтқан кезде болады. Ол күре тамырдың ортаңғы бөлігін басқан кезде тамыр соғуы жиек жағында үдеп, екі жағы да бірден қанға толады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет