«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет38/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
9 дәрістік сабақ.


Тақырыбы: Арнайы зерттеу: тыныстану жүйесі. Риноскопия, ларингоскопия, бронхоскопия, пневмография.



  1. Тыныстану жолдарын зерттеу.

  2. Тыныстану қозғалыстарын зерттеу.

  3. Жөтел, оның түрлері мен клиникалық маңызы.

Тыныстану жолдарын белгілі бір желіспен тексереміз, яғни танаудан
бөлінген ақпаны және шыққан ауаны, танау қуысы мен оның кілегейлі қабығын, қосалқы қуыстарды, көмей мен кеңірдекті және жөтелді зерттеу.
Дені сау малдың танауынан білінер-білінбес аз мөлшерде, тамшылап кілегейлі қабықтың экссудаты бөлініп тұрады. Танау қуысынан ақпа бөлінсе ол тыныстану ағзалары сырқатының белгісін білдіреді, сұйық танаудың бір жағынан немесе екі жағынан да бірдей бөлінуі мүмкін. Тек танаудың бір жағынан сұйық бөліну танау мен қосалқы қуыстардың кілегейлі қабықтарының бір жақты қабынуында байқалады, ал екі жақты бөліну танау мен қосалқы қуыстардың кілегей қабықтарының екі жағы, яғни оң және сол жағы бірдей қабынғанда, сондай-ақ өкпе, бронхылар, көмей, жұтқыншақ, кеңірдек ауруларында байқалады.
Танаудан бөлінген сұйықты анықтап тексергенде оның мөлшеріне, түсіне, иісіне, құрылымына және бөгде заттардың араласуына назар аударып көңіл бөлеміз. Танаудан аққан сұйықтың мөлшері патологиялық құбылысқа тікелей байланысты. Мөлшерден тыс қан ағу малдың сақау, кілегейлі қабықтың жіті қабынуында, ірі қара малдың қатерлі катаральді қызуында, ит обасында, жұқпалы ринит ауруларында байқалады.
Болар-болмас мөлшерде сұйық бөліну ірі қара малдың екпе туберкулезінде, өкпе, бронхы, танау қуыстарының кілегей қабығының созылмалы ауруында байқалады. Танаудан бөлінген сұйықтың құрылымы қабынудың түріне қарай сұйық, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, қанды болады. Сұйық түссіз, мөлдір, кейде сарғыш тартып тұрады. Ол қабынудың жіті түрінде бөлініп 1-2 күннен кейін кілегейлі немесе іріңді сұйыққа ауысады.
Сұйық кілегейлі, сәл жабысқақ, ол жіті аурудың екінші кезеңінде байқалады. Кілегейлі-қою, жабысқақ, түссіз, мөлдір, сұйықтың құрамында, қанның құрамды бөлігі болса ол сұрғылт тартады. Бұл танау қуысының көмей және бронхы қабынуының жіті түрінің соңғы кезеңінде байқалады. Кілегейлі-іріңді тыныстану жолдарының жолының алдыңғы бөлігінің жіті қабынуы түрінде байқалады. Іріңді-сұйық, ақшыл-сары немесе жасыл-сары түсті болады, ол өкпе абцессінде, іріңді жарада өкпе қуысының кеңейіп, онда іріннің жиналып қалуында байқалады. Танаудан бөлінген сұйықтық түсі әр түрлі болады, яғни сұйық, кілегейлі сұйық-мөлдір түссіз. Ал оған қабыршақ торшалар мен лейкоциттер араласса ол сұрғылт, ал қан араласса қызыл немесе қызғылт тартады. Егер ағзалар іріп-шіри бастаса онда ол қара қоңыр немесе бурыл болады. Жылқының жұқпалы плевро-пневмония ауруында бурыл сары немесе қоңыр-бурыл болады.
Танаудан бөлінген сұйықтың сұйық және кілегейлі сұйық түрінде иіс болмайды, ал іріңнің өзінше тәтті дәмді иісі болады. Танау қуысының кілегей қабығы, өкпе және бронхы қабығы іріп-шіри бастағанда, ірің көп жиналып қалғанда жағымсыз иіс байқалады. Танаудан бөлінген сұйықта бөгде нәрселер кездеседі олар:

  • көпіршіктер-өкпе ішіне, өкпеден қан аққанда, созылмалыбронхитте байқалады;

  • гельминттер;

  • өкпе ұлпасының бөлшектері;

  • жын қалдығы;

  • фибрин қабыршығы және басқалар.

Танау қуысы мен оның кілегей қабығын көру, танау қуысын тексергенде ең алдымен оның тесігі мен кілегейлі қабықтарына назар аударамыз. Кілегейлі қабығын тексеріп зерттегенде оның түсіне, бір тұтастығына, бөртпе мен ісіктің бар жоғына назар аударамыз.
Түсі:
- гиперемия (қызару)-сақау, тышқақ, маңқа және риниттебайқалады;

  • цианоз (көгеру)- кілегейлі қабықтың көкшіл тартуы;

  • бозару-жүрек және тыныстану жүйесі ағзаларының қызметі бұзылғанда байқалады;

  • сарғаю-тұтастығының бұзылуы: жарақаттану, жарылу, тырналу, жара, ойық жара, күлдіреу, іріп-шіруі;

  • ісік - залалды және заласыз ісік болып бөлінеді;

  • риноскопия - кілегейлі қабықты риноскоп аспабымен көру, риноскопия және рентгенография.

Тыныс алу жүйесін зерттеу мына төмендегі жүйе бойынша жүргізіледі:
- тыныстану жолдарының алдыңғы бөлігін зерттеу, яғни танаудан бөлінген сұйықты, шыққан ауаны, танау қуысыныңкілегейлі қабығын, қосалқы қуыстарды, көмей және кеңірдекті, қалканша безді, жөтел және қақырықты түпкілікті тексеріп отыру;
- көкіректі зерттеу-қарау, сипау, перкуссиялау, тыңдау (толық анықтама алу үшін плегафония, көкірек қанқасын тесу, графикалык және функционалдық әдістер қолданылады) тәсілдерімен жүргізіледі.
Тыныстану жүйесін зерттеу үшін жалпы зерттеу әдістерінен басқа (қарау, сипау, перкуссиялау, тыңдау) арнайы әдістер қолданылады: риноскопия, ларингоскопия, рентгенография, рентгеноскопия, флюорография. Танаудан бөлінген сұйықты, қақырықты және көкірек қуысынан алынған пунктатты (сынама) лабораториялық тәсілмен зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет