«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет31/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Жүректі тыңдау (аускультация)
Сабақтың мақсаты: жүректі тыңдау әдістерін игеру, жүрек соғу дыбыстарын (тон) ажырата білу,олардың нақты естілетін орындарын табу, жүрек шуылдарымен танысып, оларды ажырата алатын әдістерді игеру.
Керекті жабдықтар: фонендоскоптар, стетоскоптар, тікелей тыңдауға керекті жайма маталар.
Жануарлар: сиырлар, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, иттер.
Жүректі тыңдау. Жүректі тыңдаған кезде оның соғу дыбыстарының дұрыстығына көңіл бөліп түрлі патологиялық жағдайларда кездесетін өзгерістерін және жүрек тұсында пайда болатын патологиялық шуылдарды анықтау. Жүректі тындау екі жолмен жүргізіледі тікелей құлақпен және аспаптар арқылы.
Тікелей тыңдау ірі малдарда екі тәсілмен жүргізіледі.
Бірінші тәсілі - жайма мата арқылы сол жақ анканеус бұлшық еттер тобының артынан сол құлақпен тындайды.
Екінші тәсілі - малдың алдыңғы сол жақ аяғын ілгері жылжытып, жүрек тұсын оң құлақпен тыңдайды. Бірінші тәсілдің екіншісіне қарағанда пайдалы артықшылығы бар, себебі мал бірінші тәсілді қолданғанда өзін тыныш, байсалды ұстайды.
Жүректі құралдар арқылы тыңдау стетаскоп, фонендоскоп немесе стетафонендоскоп арқылы жүргізіледі. Тындау арқылы жүректің қақпакшаларында пайда болатын дыбыстар күшінанықтайды. Ұсақ малды, ауырып амалсыз қалыпта тұрған малды фонендоскоппен, стетаскоппен, стетафонендоскоппен тындаған ыңғайлы. Жүректі тындаған кезде оның жиілігіне, ырғағына, дыбыс күшіне, тембіріне және жүрек шуылы бар-жоғына көңіл бөледі.
Жүрек соғу дыбыстары: Жүректі тыңдаған кезде бір-бірімен үнсіз үзіліс арқылы бөлініп тұратын, бірінші және екінші деп аталатын жүректің екі түрлі соғу дыбыстар сазы естіледі.
Бірінші систолалық жүрек сазы екінші жүрек сазына қарағанда ұзақтау және дыбысы төмен; ол ұзақ, диастолалық үзілістен кейін пайда болады да соңы баяулап барып басылады. Бұл дыбыстың шығуы жүректің дүрсілімен және аздап артериялық пульспен сәйкес келеді. Жүректің жоғарғы тұсында, (жарма қақпақшаларында) дыбысы көтеріңкі, қаттырақ естіледі.
Екінші, диастолалық жүрек сазы бірінші жүрек сазына қарағанда қысқалау, көтеріңкі, соңында шорт үзіледі. Бұл дыбыс қысқа, систолалық үзілістен кейін пайда болады да жүректің ірге жағында (айшық қақпақшаларда) анық, көтеріңкі естіледі. Бірінші және екінші жүрек саздарының үндерін: буу-туп, буу-туп деген сөз буындарын айтқандағы шығатынын дыбыстармен салыстырады. Буу-систолалық, туп-диастолалық дыбыстары. Сау малда бірінші, екінші жүрек саздарын олардың дыбыс сипаты және үзілістері арқылы ажырату оңай, ал ауру малда, олардың ырғағы және ара қашықтары өзгерген кезде анықтау үшін бірінші жүрек сазының жүрек дүрсіліне (түрткісі) және артериялық қан тамырының соғуына сәйкес екенін ұмытпау керек.
Кез келген жүрек қақпақшасынан шыққан дыбыстарды және жиі қақпақшалардың өзгеру кезінде пайда болған саздарды дұрыс бағалау үшін кеудедегі жүрек қақпақшаларының дыбысы нақты естілетін орнынан тыңдайды. Ірі қара мен ұсақ малда кеуденің сол жағында екі жармалы мал қақпақшаның нақты орны кеуденің 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 4-қабырға аралығында,сол жақта, қолқаның айшық қақпақшасының нақты орны иық буыннан жүргізілген түзу сызық бойынан төмен,4-қабырға аралығында, сол жақта, өкпе қан тамырының айшық қақпақшасының нақты орны кеуденің төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 3-қабырға аралығында, сол жақта үш жармалы қақпақшаның нақты орны кеуденің оң жағының төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 4-қабырға аралығында орналасқан.
С урет 2.3. Жылқының көкірек қуысында жүрек қақпақшаларының нақты естілетін орындары: А-Б- сол жақ қапталында иық-жауырын буынының сызығы; В-Г-дәл солай оң жақ қапталында; 1 - екі жармалықақпақшаның; 2- қолқаның айшық қақпақшасының; 3-өкпе артериясының айшық қақпақшасының; 4- үш жармалы қақпақшаның.


Шошқада кеуденің сол жағында екі жармалы қақпақшаның нақты орны кеуденің төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 4-қабырға аралығында, үш жармалы қақпақша айшық тәріздес қақпақшасының нақты орны сол жақта иық буыннан жүргізілген түзуден сәл төмен, 3-қабырға аралығында, өкпе қан тамырының айшық қақпақшасының нақты орны кеуденің төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 2-қабырға аралығында орналасқан.
Үш жармалы қақпақшаның нақты орны-кеуденің оң жағының төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 3 - қабырға аралығында.
Иттің және түлкінің жүрек қақпақшалары дыбысының нақтылай естілетін орындары жылқынікі сияқты, бірақ екі жармалы қақпақшаның нақты естілетін жерін кеуденің төменгі 1/3 бөлігінің астынан тыңдаған дұрыс, ал өкпе қан тамырының айшық тәріздес қақпақшасының нақты орны иық буынынан жүргізілген сызықтың бойында орналасқан.
Тыңдауды екі жармалы қақпақшаны тыңдаудан бастайды, сонан соң қолқаның және өкпе қан тамыры айшық тәріздес қақпақшаларын және үш жармалы қақпақшаны тыңдайық.
Жүрек саздарының өзгерістері мынадай болуы мүмкін: жүрек саздарының күшеюі, бір немесе екі саздыңда әлсіреуі, ұзаруы, жарушақтанып жарылуы, саздардың қосарлануы және эмбриокардия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет